Университет медбикесі білім алушыларға салауатты өмір салтын насихаттады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2024 жылғы 16 тамыздағы нөмірі 7 қаулысына сәйкес, Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті студенттері арасында (COVID-19) короновирус және тұмаудың (ОРВИ, ОРЗ) эпид-сезондық инфекциялардың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізілді. Маңызды профилактикалық іс-шарада Халықтар достығы университетінің Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Б.Қ.Садықов пен университет медбикесі Қ.Есмурзаева білім алушыларға салауатты өмір салтын насихаттады. Сонымен қатар мамандар жастарға күз мезгілінде белең алатын ауру түрлерінен қорғану мақсатында біршама ақыл-кеңестерін айтты. Айта кетейік, осы лектегі түсіндірме жұмыстары көптеген дерттен сақтап, ауырмайтын жолды іздеуге сеп болады.

Scroll to Top
Scroll to Top