2024 жылдың 6 қыркүйегінде сағат 12:00-де, Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде педагогикалық білім беру бағдарламаларының 4 курс білім алушыларына өндірістік іс-тәжірибені ұйымдастыру бойынша конференциясы болып өтті. Оған ЖОО-ның декандары, профессор-оқытушылар құрамы мен 4 курс студенттері қатысты.
Конференцияны Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Жұмыспен қамту және іс-тәжірибе бөлімінің меңгерушісі Айсұлу Шалкеева Анварқызы ашты және де өндірістік-педагогикалық іс-тәжірибенің студенттер үшін маңызды екенін атап көрсетті. Жауапты бөлім меңгерушісі бітіруші курс білім алушыларына алдағы іс-тәжірибеге қажетті құжаттар тізімін тізбектеп, сәттілік тілесті. Жиын барысында Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің гуманитарлық білім беру факультетінің деканы Айгүл Купешова Қуанышқызы студенттердің аталған іс-тәжірибеден мол білім жинақтап, болашақта университет түлектерінен мықты мамандар шығатынына сенімді екенін жеткізді. Сонымен қатар, Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Бердіқұл Садықов Қадырқұлұлы да соңғы курс білім алушыларын практиканың басталуымен құттықтады.
Университет оқытушылары педагогикалық бағыттағы болашақ әріптестеріне практика кезінде барынша белсенділік танытуды кеңес еті. Яғни практикант студенттерге сабақтарға дайындалу барысында әртүрлі әдістемелер мен технологияларды, бейне-сабақтарды, интерактивті ойындар мен қызықты әрі пайдалы тәсілдерді қолданудың маңыздылығын түсіндірді.
Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Жұмыспен қамту және іс-тәжірибе бөлімінің орынбасары Марат Майлыбаев Серікбайұлы да барша бітіруші түлек құрамына 4 жылдық теориялық білімдерін кәсіби алаңда кеңінен пайдалану қажет екенін айтты. Қорытындылай келгенде, жауапты маман болашақ әріптестерін практика уақытында жүктелген жұмыстарды көрнекі әрі тиянақты орындауға шақырды.
Айта кетейік, педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша өндірістік іс-тәжірибе 09.09.2024-25.10.2024 аралығында жүргізіледі.