Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде Қазақстан Республикасының Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттары 2 Қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халқына жолдауын талқылауға жиналды. Жолдаудағы өзекті тақырыптарды ортаға салып, ең бастысы АЭС салу бойынша халық қалаулыларының пікірі тыңдалды. Басқосуға Халықтар достығы университетінің білім алушылары мен профессор-оқытушылар құрамы жиналып, маңызды сәттің куәсі болды. Іс-шараға “Аманат” партиясынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Исабек Данабек Ержанұлы, “Республика” партиясынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Құспеков Олжас Хайроллаұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, “Аманат” партиясының фракция жетекшісінің орынбасары Балтабаев Талғат Дүйсебайұлы, “Республика” партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Есжан Талғат, Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер кафедрасының PhD докторы, доценті Файз Нұрсұлтан Сапарұлы қатысып, сөз сөйледі. Баршаңызға мәлім, 6 қазан күні республика көлемінде АЭС салу бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Бүгінде ел бойынша АЭС салуды қолдау бойынша арнайы насихат жұмыстары жүргізілуде. ЖОО қабырғасында Президент жарлығынан соң референдум жөнінде бірқатар сала мамандарымен бірқатар кездесулер өткізілуде.