Ректор грантына ие болған “Үздік оқырман” Мардан Рахматулла

2024 жылдың 2 қазанында академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің бірінші курс студенті Мардан Рахматулла Оңтүстік телеарнасындағы “Таң нұры” сазды-ақпараттық бағдарламасына қонақ болып қайтты. Түлкібас ауданы, Жыланды ауылының  тұрғыны, Тастұмсық  ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы үшін жаңа оқу жылы ерекше қуанышты жаңалықпен басталды. Биыл ғана мектеп табалдырытынан аттап, ересекөмірге қадам басқан Рахматулла Мардан Қанатұлы академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректор грантын жеңіп алды. Педагогтар отбасында дүниеге келген жасқа  оқуда үздік нәтиже көрсету, қатарластарының алды болу қиын емес еді. Бүгінде ол жанға азық болар кітап пен тәнге саулық беретін спорт саласында жақсы көрсеткіш көрсетіп қана қоймай, «Түлкібас ауданының үздік оқырманы – 2023», Жыланды ауылының волейбол командасының тұрақты ойыншысы, футбол және еркін күрестен  жүлделі орын иегері атанып үлгерген. Болашақта еліміздегі спортты дамытуға елеулі үлесін қосамын деген ниетпен «дене шынықтыру» білім беру бағдарламасын өмірлік мамандық ретінде таңдаған.  Мардан Рахматулла: ” Мен өмірде барлық жетістікті, жақсылықты  кітаппен байланыстырамын. Кітапхананы атам сүюді үйретті. Кұдай қосқан көршіміз – Тамаша Османова мен биыл бітірген Олег Кошевой жалпы білім беретін білім мекемесінің кітапханашысы. Оқушылардың зейіні мен таным көкжиегін арттыру мақсатында түрлі мәдени-танымдық іс-шаралар жиі өткізіледі. Осы ретте маған бойымдағы бар білімді әрмен қарай шыңдауға мүмкіндік сыйлаған академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы Университетінің ректоры Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызына шексіз алғысымды білдіремін”,- деді таңғы бағдарламада. Айта кетейік, кітап құмар жас бүгінгі таңда Халықтар достығы университетінде дене шынықтыру білім беру бағдарламасында оқиды. Келешекте Қазақстандағы  спорт саласының дамуына өз үлесін қосып, елге елеулі азаматтардың қатарынан көрінуді мақсат еткен.

Scroll to Top
Scroll to Top