Бүгін Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде ұлттық мереке “25 қазан – Республика күні” аталып өтті. Айтулы датаның жоғары деңгейде өтуіне университеттің тарих-құқықтану және тәрбие ісі бөлімінің жетекшілері мен білім алушылары атсалысты. Іс-шараны салтанатты түрде Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің президенті, т.ғ.к., профессор Қуатбеков Нұрлан Әбдімұсаұлы ашты. Нұрлан Қуатбеков өз сөзінде:” Қазақстан тәуелсіз елдер қатарына қосылып, өз алдына мемлекет болуының арқасында бүгінгі таңда бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп келеміз. Осы мезетте елімізде көршілес өзге мемлекеттердегідей қантөгіс төңкерілістер мен апаттардан ата-баба рухы қорғап келетініне сөзсіз сенеміз. Әрдайым аспанымыз ашық болып, Қазақстанды биікке жетелейтін білімді әрі дарынды жастар көбейе берсін!”,- дей отыра, қадірменді қонақтар мен университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларын 25 қазан Республика күнімен құттықтады. Ұлттық мерекеге арналған маңызды іс-шарада ҚР Мемлекеттік Қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова студенттерге мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар туралы ақпараттар беріп, оларды қызметке шақырды. Сонымен қатар жиын барысында білім ордасының бірқатар қызметкерлеріне университет ректоры атынан арнайы алғыс хаттар табысталып, шара соңы концерттік бағдарламаға жалғасты.