Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес деген болатын. Республикамыздағы барша ЖОО кітапханалары оқырмандарына дәстүрлі кітап пен электронды форматтағы кітаптарды қатар ұсынуда. Бұл жүйе кітап сүйер қауымға жасалған ерекше сый деп білеміз. Себебі аталған әдістің арқасында оқырмандар кез келген уақытта қажетті оқулығын кітапхананың қызметіне жүгініп, онлайн нұсқасын алу мүмкіндігіне ие болды. Дәл қазір Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті университеттің «https://lib-udn.kz» атты электронды кітапхана жүйесі өзге білім ордаларының кітапханаларына қарағанда өте мақтанарлық жағдайда. Кітапхана жүйесіне келісімшарт негізінде жасақталған «РМЭБ», «Openu», «kitap.kz», «Қазақстанның ашық университеті, «Қазақстандық Ұлттық Электронды Кітапханасы», «Қазақстанның АШЫҚ КІТАПХАНАСЫ», «Библиотека Аль-Фараби», «lexisnexis», «IPR Smart» электронды сілтемелер арқылы кіріп, білім алушылар мен оқытушылар іздеген оқулығын таба алады. Сонымен бірге кітапхна «Ирбис-64» кітапхана-ақпараттық бағдарламасын қолданады.
Бүгінде Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті бойынша 4 кітапхана қоры кітапқа өте бай. Атап айтсақ, Халықтар достығы университетінде 150 оқырманға арналған оқу залы, мерзімді басылымдар оқу залы, 2 абонемент электронды оқу залы қызмет көрсетеді. Бүгінде кітапханада 5 кітапханашы жұмыс істейді. Сонымен қатар Coworking орталығында түрлі мәдени-танымдық іс-шаралар, дөңгелек үстелдер мен танымал қоғам қайраткерлерімен кештер өткізіледі.
Айта кетейік, нұсқаулыққа сәйкес Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің кітапхана қоры жыл сайын жаңарып, көркем-әдебиеттер мен ғылыми бағыттағы кітаптармен толығады.