Ағымдағы жылдың 6 қарашасында Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университеті 2024 жылы оқуға түскен студенттерді қабылдау кешін дүркіретіп өткізді.
Шымкенттің белді мейрамханаларының бірінде өткен қабылдау кешіне 200-ден астам белсенді студенттер мен ЖОО оқытушылары университеттің тәрбие және әлеуметтік істер бөлімнің ұйымдастырған іс- шарасына қатысты. Атаулы күнде Астана Қарғабай мен өзге де талантты жастардың өнері кешті түрлендіріп, студенттерді көңілді күйге бой алдырды.2024 жылы оқуға түскен студенттерге оқу жылын сәтті әрі қызықты етіп өткізуіне тілектеспіз!