ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА – ТЕҢГЕ КҮНІ

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетінде 15 қараша ҚР Ұлттық валюта және қаржыгерлер күніне орай іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шараны Халықтар Достығы университетінің қаржы кафедрасының білім алушылары мен профессор-оқытушыларының ұйымдастыруымен өткізілді. Іс-шара барысында “ұлттық валюта” тақырыбында қойылымдар қойылып, студенттер өнер көрсетті. Биыл ұлттық валютамыз – теңгенің айналымға енгеніне 31 жыл толды.

Ұлттық валюта – теңге күні 1997 жылы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 15 қараша – төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді. Ұлттық валютаны теңге деп атауды ұсынған – Халықаралық Инженерлер академиясының академигі, Қазақстанның белгілі ғалымы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің иегері Сауық Тәкежанов еді

Scroll to Top
Scroll to Top