Ағымдағы жылдың 6 қараша күні Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетіне “Жастар рухы” Жастар қанатымен бірлесе кездесу ұйымдастырды. Аталған іс-шараға университеттің жаратылыстану-инженерлі факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Айта кетейік, Қазақстан бойынша 100 мыңнан аса жасты біріктірген Amanat партиясы жанындағы “Жастар Рухы” жастар қанаты — еліміздегі жастар саясатына бағытталған ең ірі ұйымдардың бірі.
Құрылған күннен бастап аталмыш ұйым жастардың мәселесін шешіп, еліміздің дамуына үлес қосып келеді. Ал 2022 жылы атауын өзгерткен соң “Жастар Рухы” бірқатар жобаларды қолға алды. “AMANAT” партиясы мен “Жастар Рухы” жастарды қолдап, оларды өкілетті және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына ұсынып отырмақ. Ол үшін біз жастар арасынан саяси көшбасшыларды оқытуды ұйымдастырамыз.
Жастардың саяси ұйымдарға қызығушылығын арттыру мақсатында іс-шараны ХДУ университетінің тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Берік Садықов сөз сөйлеп, ақыл-кеңестерімен бөлісті.