2025 жылғы 27 ақпанда «Тарих және құқық» кафедрасы 6В04210-Құқықтану білім бағдарламасының оқытушылары Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған пәндік олимпиада ұйымдастырды. Олимпиада оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге құқық негіздерімен және заң мамандығымен ерекшеліктерімен танысуға бағытталған. Іс-шараға Шымкент қаласының жалпы орта білім беру мекемелерінің бітіруші сынып оқушылары қатысты, атап айтқанда:
- №43 Жалпы орта білім беретін мектебі
- №62 Н.Төрекулов атындағы ЖОББМ
- №87 А. Назарбеков атындаты орта мектебі
- №37 Фуркат атындағы жалпы орта білім мектебі
Қатысушылар құқық негіздері бойынша тестілеуден өтіп, берілген тақырыпқа эссе жазды. Барлық қатысушылар белсенді қатысқандары үшін алғыс хаттар мен марапатталып, жақсы білім мен құқықтық тақырыпқа қызығушылық танытты. Жүлделі орындарға ие болған оқушыларға з.ғ.д., профессор Е.Т.Жалбуров I, II және III дәрежелі дипломдарын табыс еттіп, бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу оқушылардың құқық және патриоттық тәрбие саласындағы білімдерін тереңдетуге, сондай-ақ білім беру мекемелерінің жоғары оқу орындарымен байланысын нығайтуға ықпал етті.
Іс-шара соңында ұмытылмас естелік үшін фотосуреттер түсірілді. Барлық қатысушылар осындай іс-шаралардың олардың білімі мен болашақ кәсіби қызметі үшін маңыздылығы атап өтіп, жағымды әсер қалдырды.