IT білім беру бағдарламаларын жаңарту мәселелерін талқылау

2025 жылдың 7 наурызында академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «Информатика және математика» кафедрасында «IT білім беру бағдарламаларын жаңарту мәселелерін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға саланың жетекші басшылары, жұмыс берушілер, проректорлар, декандар, кафедра меңгерушілері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

IT бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының презентациясын «Информатика және математика» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Амандиков М. ұсынды. Ол қатысушыларды білім беру бағдарламаларының мақсаттары мен міндеттерімен таныстырып, бағдарламаның қазіргі құрылымы мен мазмұнына шолу жасады, сондай-ақ оқу үдерісін жаңарту мәселелері бойынша университеттің ұстанымын баяндады.

Өз кезегінде, жиналған сала жетекшілері жұмыс берушілердің талаптарын, түлектерден күтілетін дағдылар мен құзыреттерді, сондай-ақ түлектерді жұмысқа қабылдау барысында кездесетін қиындықтарды талқылады. ТОО «Loqos Technology KZ» директоры – Нурмаханбетов Г.И., ТОО «Mash Holding» құрылтайшысы және президенті – Мадалиев Ж.У., ТОО «Алина Тренд» тең құрылтайшысы және директорының орынбасары – Максутов Е.М. білім беру бағдарламасына өзгерістер енгізу бойынша өз пікірлерін білдіріп, бағдарламалардың мазмұнын жетілдіру және қайта қарау жөнінде ұсыныстар жасап, оларды еңбек нарығының талаптарына бейімдеу бойынша ұсыныстарын ұсынды.

Кездесу соңында тараптар жұмыс топтарының қорытындыларын шығарып, білім беру бағдарламасына өзгерістер енгізу бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.

«Мұндай кездесулер барлығымыз үшін қажет, біз үнемі осындай дөңгелек үстелдер өткізіп, білім беру бағдарламаларын нығайтуымыз керек. Бұл студенттеріміздің сапалы білім алуына және олардың болашақта еңбек нарығында жоғары білікті маман атануына септігін тигізеді», – деп атап өтті университет ректоры Қуатбекова Р.А., дөңгелек үстелдің жұмысын қорытындылай келе.

Scroll to Top
Scroll to Top