13.03.2025 жылы Радиотехника,электроника және теле комуникация кафедрасының білім беру бағдарламаларын бойынша оқытудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстелін ұйымдастырды..
Кездесудің мақсаты- Білім беру бастамаларын қолдау – болашақта білім алушыларымыз жаңа идеяларды ұсынуына көмектесу,заманауи білім беру технологияларын меңгеру, теориялық білім мен практикалық дағдыларды жаңарту. Білім беру бағдарламасына өзгерістер енгізу және, бағдарламалардың мазмұнын жетілдіру, қайта қарау.
Кездесуге университетіміздің ректоры м..ғ.д. профессор – Қуатбекова Рабиға Әбдумусақызы, оқу ордамыздың түлектер қауымдастығының мүшесі Жүрсін Нұрболат Әлімханұлы- Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Талантты жастарды қолдау бөлім басшысы, – Толықбаев Алмас Өмірбекұлы- Сайрам Тазалық” ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары, Ордабасы” футзал командасының медиа-офицері,Мамытов Нұржан Қалилаұлы-«Ancon» компаниясының бас директоры, Юсупов Алишер Хантураевич – «Транстелеком» АҚ Шымкент филиалы СППСО бастығы, Шарафитдинов Мақсат Султанович – «Транстелеком» АҚ Шымкент филиалы өлшеу инженері ЛКБ – «Профком», Бадалов Абдукадир – «Қазақтелеком» АҚ филиалы «Желі дивизионы» бірлестігі Оңтүстік өңірінің Оңтүстік Қазақстан Қатынау желісін пайдалану департаменті Төлеби Желілі Техникалық Цехының бастығы, Нурбеков Серик Ошакбаевич – «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС техникалық директорының орынбасары, Сейдалиева Улшат Каппарова – «Solarway» күн электр станциясының менеджерлер және ғылым және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректор Раимбердиев Талжан Пердешевич техника ғылымдарының докторы, профессор, Есенов Мақсат Кенжетайұлы Цифрландыру жөніндегі проректорі, түлектерді жұмыспен қамту және іс- тәжірибе бөлім меңгерушісі А.А.Шалкеева т.б. оқытушылар қатысты.
Дөңгелек үстел барысында жоғары білімді бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау мәселелесі, олардың одан әрі жұмысқа орналасуы, білім сапасын көтеру және түлектердің кәсіби қасиеттерін дамыту, сондай-ақ университет пен жұмыс берушілер арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту мәселелереі кеңінен қарастырылды. Жұмыс берушілермен кездесу барысында жасанды интеллект (ЖИ) қолданудың инновациялық технологиялары мен әдістері талқыланды. Жасанды интеллект қазіргі таңда көптеген салаларда тиімділікті арттыруға, процестерді автоматтандыруға және шешімдер қабылдау уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Оқытудың дуальды форматы элементтерін енгізудің тиімділігі, жас мамандарды қолдаудағы әлеуметтік саясат мәселелері қарастырылып өзекті сұрақтар қойылып, көкейтесті мәселелер талқыланды.