Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Шымкент қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-сі ұйымдастыруымен Шымкент қаласында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ғимаратында «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай «Еңбек адамы – елдің байлығы» атты бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Іс-шара барысында индустриалды аймақтардағы өндіріс орындары мен денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік, қаржы, мемлекеттік қызмет және қызмет көрсету салаларынан жұмыс берушілер өз ұсыныстарын жасады.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл жәрмеңке – жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретін маңызды алаң.
Жәрмеңкеге қала тұрғындары, жоғары оқу орындарының түлектері мен мамандық таңдауға дайындалып жүрген мектеп бітірушілері қатысты.
Жоғарыда аталған іс-шараға Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің бітіруші курс білім алушылары және жұмыспен қамту бөлімінің мамандары қатысты.
Іс-шарада білім алушылар өз мамандақтарына байланысты мәліметтер мен бос жұмыс орындарымен танысты.
Шымкент қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-не алғысымызды білдіреміз.