18.11.2024 жылы Шымкент қаласы әкімдігінің еңбек мобильді орталығы КММ Мансаптық орталығының ұйымдастыруымен солтүстік Қазақстан обылысынан арнайы келген делегаттармен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге «Тарих және құқық» кафедрасының оқытушылары университеттің қызметкерлері мен бітіруші түлектері қатысты. Делегаттар ерікті қоныс аудару бағдарламасының артықшылықтары мен мүмкіндіктерді таныстырды.
Кездесу барысында делегат солтүстік Қазақстан тарапынан ұсынылатын жеңілдіктер мен қолдаулар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Еңбек мобильді орталығы әр түрлі саладағы бос жұмыс орындары туралы ақпарат ұсынылып жұмысқа орналасуға көмектесетіндігін және кәсіпкерлерді қолдайтынын атап өтті. Бағдарламаға қатысу үшін түлектеріміз аудандық мансап орталықтарының байланыс телефондарын алды.