2025 жылдың 11-14 мамыр аралығында Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен өткен XIII жазғы Универсиада ойындарында үстел теннисінен жарыс өтті.
Сайыстың мақсаты – студент жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту, спорттық шеберлікті арттыру және еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.
Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Достық үстел теннисі құрамасы бұл бәсекеде жоғары нәтижеге қол жеткізіп, командалық есеп бойынша 1-орынды жеңіп алды. Жарысқа еліміздің 24 жоғары оқу орнынан мықты спортшылар қатысты.
Университетіміздің Достық құрамасы:
ДОСТЫҚ – Спорт және туризм академиясы (Астана) – 3:0
ДОСТЫҚ – ОАИУ – 3-0
ДОСТЫҚ – Атырау университеті 3-1
ДОСТЫҚ – Жәңгір хан университеті 3-1
ДОСТЫҚ – Спорт және туризм академиясы (Алматы) 3-1
Ал финалдық ойында:
ДОСТЫҚ – Спорт және туризм академиясы (Астана) – 3:0 есебімен жеңіс тұғырынан көрінді.
Бұл жеңіс – университетіміздегі спорттық ынта-жігері мен жүйелі дайындық жұмыстарының, сондай-ақ студенттердің кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігінің нақты көрінісі.