Ұйымдастыру конференциясы

2025 жылдың 02 шілде күні Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде педагогикалық, техникалық білім беру бағдарламаларының 1 курс білім алушыларына оқу-танысу практиканың басталуына байланысты ұйымдастыру конференциясы өткізілді.

Конференцияның мақсаты – білім алушылардың кәсіптік тәжірибе жинақтауындағы маңызды аспектілерді талқылап, олардың кәсіби дағдыларын шыңдауға мүмкіндік беретін практика бағдарламасымен таныстыру.

Конференцияға «Жұмыспен қамту және іс-тәжірибе» бөлім меңгерушісі А.А.Шалкеева,  Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Б.Садықов Гуманитарлы педагогикалық факультеті» деканы А.Купешева, , Мұнай және құрылыс өнімдері  кафедрасының меңгерушісі Г.Махмудова және іс-тәжірибеге жауапты  жетекшілер қатысты. Білім алушыларға практика  құжаттары туралы «Жұмыспен қамту және іс-тәжірибе» бөлім меңгерушісі А.Шалкеева  практиканы сәтті өткізуге арналған маңызды кеңестер мен ұсыныстар берді.

 

 

 

 

 

 

 

Білім алушыларға практика күнделігі мен есептік құжаттардың толтырылуын, маңыздылығын түсінді. А. Купешева іс-тәжірибе  – бұл теориялық білімді іс жүзінде қолдану және кәсіби тәжірибені жетілдірудің басты қадамы екенін білім алушыларға түсіндіріп өтті

Конференция барысында білім алушылар  практиканың мақсаты мен міндеттері, оның құрылымы, өткізілу тәртібі туралы толық ақпарат алды.  Конференция барысында білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.

Оқу (танысу) практикасы кафедралардың, зертханалардың, полигондардың, меншіктің әртүрлі нысанындағы кәсіпорындар мен мекемелердің базасына экскурсия жасауға  мүмкүндік бар екендігін, олардың қызмет бағыттары бакалаврлардың болашақ кәсіби қызметімен байланысты екендігін түсіндіріп өтті.

 

 

 

 

 

 

Scroll to Top
Scroll to Top