ЕЛ АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТҚАН – САМИРХОН

Халықтар достығы университетінің Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының студенті САМИРХОН АБАБАКИРОВ
XXXII Жазғы Бүкіләлемдік Универсиадада (RHINE-RUHR 2025, Германия) таэквондодан 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленіп, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтынды сыйлады!

Финалда түрік спортшысын сенімді түрде жеңіп, еліміздің абыройын асқақтатқан Самирхон – шын мәніндегі чемпион!
Биылғы Универсиадаға 150 елден астам ел қатысқан болатын.
Таэквондодан жарыстар Эссен қаласында өтті, оған 77 елден спортшылар қатысты.

Осылайша Қазақстан құрамасының еншісінде қазір: 6 қола, 1 алтын — барлығы 7 медаль бар!

Самирхонның бұл жеңісі – табанды еңбек пен мақсаткерліктің жемісі!
Оқуда да, спортта да сәттілік тілейміз!

Scroll to Top
Scroll to Top