2025 жылғы 2 қазанда Қазақстандағы Жасанды интеллект апталығы және IT Week UDN

2025 жылғы 2 қазанда Қазақстандағы Жасанды интеллект апталығы және IT Week UDN аясында академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Coworking аймағында «Do You Trust This Computer?» (2018, Крис Пейн) фильміне арналған кино-дискуссия өтті.

«Информатика және математика» кафедрасының студенттері бүгінгі жасанды интеллект шындығын қызу талқылап, «Жасанды интеллект кімге қызмет етеді?» деген өзекті сұрақ төңірегінде пікір алмасты.

Кино-дискуссияны университеттің цифрландыру жөніндегі проректоры Есенов М.К. жүргізді.

ru_RURussian
Прокрутить вверх
Пролистать наверх