2025 жылғы 2 қазанда Қазақстандағы Жасанды интеллект апталығы және IT Week UDN аясында академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Робототехника және 3D-модельдеу залында ашық дәрістер мен мастер-кластар өтті.
Шараны IT бөлімінің жетекші цифрлық офицерлері: жасанды интеллект бойынша IT-маман Асаубай Арман және ДЦТиТТ директоры Жақсылықов А.А. өткізді.
«Информатика және математика» кафедрасының студенттері 3D-принтердің жұмысын өз көздерімен көріп, университет логотипін 3D-принтер арқылы өз қолдарымен жасап шығарды. Сонымен қатар, Lego үлгісі бойынша робот құрастырып, практикалық машықтарын жетілдірді.
