12 желтоқсан 2025 жылы Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде «Ұлт рухын ұлықтаған жауынгер, жазушы, ақын Ә.Шілтерхановтың туғанына 100 жыл» атты
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жоғары деңгейде өтті!
Конференцияға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да елдердің жетекші ғалымдары, зерттеушілері мен жас ғалымдары қатысты. Конференция барысында Әдіһам Шілтерхановтың бай әдеби мұрасы, жауынгерлік ерлігі, ұлттық рухты көтерудегі еңбегі жан-жақты талқыланды.
Конференцияға Өзбекстан Республикасы, Ташкент гуманитарлық ғылымдар университетінің бірқатар профессорлары мен ғалымдары келіп, өздерінің баяндамаларын жасады.
Бұл ғылыми жиын рухани сабақтастықты нығайтып, жаңа ғылыми бағыттардың қалыптасуына жол ашты.
Ұлттық рухты дәріптеген қаламгер мұрасы — мәңгілік!
