Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде Ашық есік күні өтті

Бүгін университетімізде дәстүрлі Ашық есік күні ұйымдастырылды. Шараға Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы орта арнаулы және жалпы білім беретін мектептердің бітіруші оқушылары қатысты.

Іс-шара университеттің материалдық-техникалық базасымен таныстырудан бастау алды. Қонақтар оқу корпустарын, зертханаларды, кітапхана мен оқу аудиторияларын аралап, білім беру үдерісімен жақыннан танысты.

Шараның ресми бөлімі үлкен мәжіліс залында жалғасын тауып, тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Б. Садықов құттықтау сөз сөйлеп, университеттің студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары туралы ақпарат беріп, болашақ талапкерлерге ақ жол тіледі.

Кеш бағдарлама концерттік қойылымдарға ұласып, білім алушы жастар ән мен биден шашу шашты. Сонымен қатар, Тәуелсіздік мерекесімен тұспа-тұс келгендіктен оқушыларға арналған викториналық сұрақтар ұйымдастырылып, дұрыс жауап бергендерге Қазақстан шoколаты мен университеттің брендтік қаламдары табысталды.

Шара барысында оқушыларды қызықтырған ҰБТ, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, әскери кафедра, мамандықтар және гранттар туралы сұрақтарға сала мамандары жан-жақты жауап берді.

Ашық есік күніне келген барлық жетекшілер мен оқушыларға алғыс айтамыз!

ru_RURussian
Прокрутить вверх
Пролистать наверх