Американдық жасанды интеллект ынтымақтастығы

2025 жылдың 24 желтоқсанында Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор және «Адаптивті оқыту жүйелерінің алгоритмі және бағдарламалық жасақтама инженериясы» монографиясының авторы Қуаныш Қойшығұлұлы Дәуренбековтің «Lifelong learning академиялық және ғылыми әлеуеттің тұрақты дамуының факторы ретінде» тақырыбында онлайн қонақ дәрісі өтті.

Дәуренбеков Қ.К. қазіргі уақытта Оңтүстік Калифорния мемлекеттік университетінде (Лос-Анджелес, АҚШ) «Қоғаммен байланыс, корпоративтік коммуникациялар және маркетинг саласындағы ағылшын тілі коммуникациясы және менеджменті» атты екі жылдық біліктілікті арттыру сертификаттау бағдарламасын аяқтап жатыр.

Гибридті форматта (онлайн/офлайн) өткен кездесу қызу пікірталас тудырды. Қатысушылардың арасында проректорлар, директорлар, оқытушылар және жас ғалымдар болды.

Кездесуден кейін 2026 жылдың қаңтарында Кремний алқабында (АҚШ) жаһандық жасанды интеллекттің дамуын және оның жоғары білімге әсерін талқылау үшін екінші кездесу өткізу туралы ұсыныстар жасалды; университеттеріміз арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасасу; оқытушылар құрамының тағылымдамадан өтуі және т.б.

ru_RURussian
Прокрутить вверх
Пролистать наверх