2025 жылдың 12 желтоқсан күні Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті мен Ташкент Гуманитарлық ғылымдар университетімен бірлесе «Ұлт рухын ұлықтаған жауынгер, жазушы, ақын Ә.Шілтерхановтың туғанына 100 жыл» атты
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференцияға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да елдердің жетекші ғалымдары, зерттеушілері мен жас ғалымдары қатысты. Конференция барысында Әдіһам Шілтерхановтың бай әдеби мұрасы, жауынгерлік ерлігі, ұлттық рухты көтерудегі еңбегі жан-жақты талқыланды.
Конференцияға Өзбекстан Республикасы, Ташкент гуманитарлық ғылымдар университетінің бірқатар профессорлары мен ғалымдары және докторанттар мен магистранттар өз баяндамаларын жасады.
Пленарлық мәжілісте 8D01110-«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 1 курс докторантты Алтынбек Әсем Айдосқызы «Жоғары сынып оқушыларының кәсіпкерлік ойлауын оқу-тәрбие процесінде қалыптастыру» өз докторлық диссертация тақырыбы аясында өз жобасын қорғады.
Ұлы Отан соғысының ардагері жазушы, ақын, қоғам қайраткері Ә.Шілтерхановтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Жазушы. Қайраткер. Тарихи тұлға» атты Халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясының секциялық жұмыстары, семинарлық бағытта өткізілді. 7М01720-Шетел тілі: екі шетел тілі білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты Қалдыбай Құндызай Жомартқызы «Жоғары оқу орындарындағы қазақ тілін оқытуда жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолданудың әдістемелік негіздері» магистрлік диссертация тақырыбында өз баяндамасын
7М01610-«Тарих» білім беру бағдарламасының магистранттары Шәмшімет Мәди Айтбайұлы, Пүсір Нұржан Сәрсенбайұлы өз магистрлік диссертация тақырыптары негізінде өз баяндамаларын жоғары деңгейде баяндады.
Бұл ғылыми жиын рухани сабақтастықты нығайтып, жаңа ғылыми бағыттардың қалыптасуына жол ашты.
