Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында мазмұнды әрі өзекті семинар жоғары деңгейде өтті.

Семинардың модераторы — педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі Искакова Лаура Турлибековна. Ол инклюзивті білім берудің қазіргі қоғамдағы маңызын атап өтіп, іс-шараның жүйелі әрі нәтижелі өтуіне бағыт-бағдар берді.

Семинар барысында сала мамандары инклюзивті білім беру кеңістігін қалыптастыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды жалпы білім беру үдерісіне кіріктіру, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету және түзету қызметін ұйымдастыру бойынша мазмұнды баяндамалар жасады.

Турсинбаева Зульфия Патаевна

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының аға оқытушысы

«Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды жалпы білім беру үдерісіне кіріктіру жолдары» тақырыбында тәжірибелік ұсыныстарымен бөлісті.

Утесинова Жанна Бисенкызы

Шымкент қаласының білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ директорының орынбасары

«Психологическая парадигма инклюзивной образовательной среды» тақырыбында инклюзивті ортадағы психологиялық қолдаудың маңызын ашып көрсетті.

Саруарбекова Айганым Арыстанбековна

«№3 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ бөлім басшысы

«Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің қызметі: ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды кешенді қолдау тәжірибесі» атты баяндамасында практикалық тәжірибелермен бөлісті

Сапарбекова Индира Утегеновна

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің аға оқытушысы, докторант

«Переосмысление принципов равенства и инклюзивности в сфере образования» тақырыбында білім беру саласындағы теңдік пен инклюзивтіліктің жаңа көзқарастарын ұсынды.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, сұрақтар қойып, инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған ұсыныстар айтылды. Іс-шара қорытындыланып, мұндай тәжірибелік семинарлардың білім беру жүйесі үшін маңыздылығы атап өтілді.

Инклюзивті білім беру — әрбір білім алушыға тең мүмкіндік беретін, қоғамның дамуына үлес қосатын маңызды бағыт.

ru_RURussian
Прокрутить вверх
Пролистать наверх