Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Химиялық технология және биология кафедрасы ұйымдастырған «Жасанды интеллектті биология сабағында қолданудың тиімділігі» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми семинар жоғары деңгейде өтті.
Семинарға Химиялық технология және биология кафедрасының докторанттары мен магистранттары офлайн форматта қатысып, ал Қоқан мемлекеттік университетінің өкілдері Zoom платформасы арқылы онлайн форматта қосылды.
Іс-шара барысында жасанды интеллекттің биология сабағындағы тиімділігі, заманауи білім беру технологиялары және тәжірибе алмасу мәселелері кеңінен талқыланды.
