Академик Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде іс-тәжірибеге арналған ұйымдастыру конференциясы өтті.
2025 жылғы 16 қаңтар күні Академик Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде 4 курс білім алушыларының өндірістік іс-тәжірибесі мен 2 курс білім алушыларының психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибесін өткізуге байланысты ұйымдастыру конференциясы өтті.
Конференцияға гуманитарлық-педагогикалық және жаратылыстану-инженерлік факультеттерінің білім алушылары, факультет декандары А. Купешева мен З. Илесов, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Жұмыспен қамту және іс-тәжірибе бөлімінің меңгерушісі А.А. Шалкеева іс-тәжірибеден өтудің негізгі талаптары, мақсат-міндеттері, өту мерзімі мен базалары, сондай-ақ қажетті құжаттарды рәсімдеу тәртібі жөнінде жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар, білім алушылардың кәсіби тәжірибе жинақтаудағы жауапкершілігі мен тәртіп талаптарына ерекше назар аударды.
Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Л. Искакова оқу орнының даму бағыттары мен білім беру үдерісіндегі жаңашылдықтардың маңыздылығы туралы ақпарат ұсынды. Ол іс-тәжірибе кезеңінде білім алушылардың алған теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырудың маңыздылығын атап өтті.
Конференция соңында білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар беріліп, іс-тәжірибеден сәтті өтуге бағытталған нақты ұсыныстар айтылды.
Аталған ұйымдастыру конференциясы білім алушылардың кәсіби дайындығын арттыруға, тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға және болашақ маман ретінде дамуына үлкен мүмкіндік берді.
