Бүгін университеттің «Ғылым» бөлімі ұйымдастыруымен 2025 жылы атқарылған ғылыми-зерттеу жұмыстарының (ҒЗЖ) қорытындыларын талқылауға арналған жиналыс өтті.
Іс-шараға кафедралардағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына жауапты оқытушылар мен қызметкерлер қатысты. Жиналыс барысында 2025 жылы орындалған ҒЗЖ нәтижелері сараланып, ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру мен жүзеге асыру барысында кездескен кемшіліктер мен олқылықтар атап өтілді. Сонымен қатар оларды алдағы уақытта жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды.
Кездесу аясында 2026 жылға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары қарастырылып, негізгі басым бағыттар мен міндеттер айқындалды. Жиын соңында ғылыми әлеуетті арттыру, жарияланымдар санын көбейту және ғылыми жобалардың сапасын жақсарту бойынша нақты тапсырмалар берілді.
