2026 жылғы 4 сәуір күні Шымкент қаласының ірі мәдени орталықтарының бірі «Қызғалдақ сарайында » Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастыруымен Шымкент қаласында жоғары оқу орындарының басшыларының қатысуымен маңызды жиын өтті.
Кездесуге министр Саясат Нұрбек арнайы қатысып, ғылым және жоғары білім саласының даму перспективалары кеңінен талқыланды.
Аталған шараға, Шымкент қаласының әкімдігі өкілдері мен қаладағы жетекші жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.
Жиын барысында өңірдегі ғылым мен жоғары білім жүйесін дамыту, ЖОО-лар арасындағы өзара ынтымақтастықты арттыру, сондай-ақ білім мен ғылымды интеграциялау мәселелері қарастырылды.
Әсіресе, Межрегионалдық білім беру хабын толық іске қосу, ғылыми зерттеулер мен академиялық коллаборацияны дамыту бағыттарына ерекше назар аударылды.
Мен өз кезегімде, осы бағыттар бойынша нақты ұсыныстарымды білдіріп, баяндама жасадым. Ұсыныстарым әріптес ректорлар мен министрлік тарапынан қолдау тапты.
Алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асырып, өңірдің білім және ғылым саласын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасын табатын болады.
