Аталған жиын барысында құқықтану білім беру бағдарламасын жетілдіру, оны қазіргі заман талаптарына сәйкестендіру, сондай-ақ жаңа пәндерді енгізу мәселелері жан-жақты талқыланды. Қатысушылар цифрлық технологияларды білім беру үдерісіне енгізу арқылы оқыту сапасын арттырудың тиімді жолдарын атап өтті.
Атап айтқанда, оқу бағдарламасына жасанды интеллект элементтерін пайдалану, деректерді талдау, «Құқықтық конфликтология және медиация» және «Қазақстан Республикасының цифрлық құқығы» пәндерін енгізу ұсынылды.
Талқылау қорытындысы бойынша құқықтану білім беру бағдарламасына жаңа пәндерді енгізу, оқу жоспарларын жаңарту және цифрлық трансформацияға бейімделген заманауи білім беру моделін қалыптастыру қажеттігі атап өтілді.
Бұл бастамалар білім беру сапасын арттыруға және бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандарды даярлауға негіз болды.
