ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМДІ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЗДЕСУ
Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің делегациясы Польша Республикасының Кельце қаласындағы жоғары оқу орнында ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған халықаралық кездесуге қатысты.
Сапар барысында университет делегациясы аталған оқу орнының ректоры, проректорлары, декандары және студенттерімен жүздесіп, өзара әріптестікті дамыту бағыттарын жан-жақты талқылады. Кездесу қорытындысында екіжақты серіктестікті нығайту мақсатында келісімшартқа қол қойылды.
Тараптар ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіп жүргізу, академиялық ұтқырлықты дамыту, тәжірибе алмасу, сондай-ақ педагогикалық және экономикалық мамандықтар бойынша қос диплом бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша нақты келіссөздер жүргізді.
Польшадағы әріптестер университет делегациясын ерекше ықыласпен қарсы алып, жоғары деңгейде құрмет көрсетті. Бұл кездесу халықаралық байланыстарды кеңейтіп, білім мен ғылым саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды қадам болды.
Алдағы уақытта қол жеткізілген келісімдер нақты жобалар арқылы жүзеге асырылып, екі оқу орны арасындағы серіктестік табысты жалғасын табады деп сенеміз.
