2-курс магистранттарының қатысуымен ғылыми семинар өтті
Университетімізде 2-курс магистранттарының қатысуымен ғылыми-зерттеу жұмыстарының өзекті бағыттарына арналған ғылыми семинар ұйымдастырылып өткізілді.
Семинар барысында магистранттар өздерінің ғылыми ізденістері мен зерттеу нәтижелерін таныстырып, диссертациялық жұмыстардың теориялық және әдіснамалық мәселелері бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар ғылыми зерттеу жүргізудің заманауи тәсілдері, дереккөздермен жұмыс жасау және ғылыми мақалаларды рәсімдеу мәселелері кеңінен талқыланды.
Іс-шара жоғары ғылыми-танымдық деңгейде өтіп, магистранттардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуға, ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастыруға және тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді. Семинар соңында қатысушыларға ғылыми жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылып, алдағы зерттеу бағыттарына байланысты әдістемелік кеңестер берілді.
