Ақпаратты білім беру орталығы (кітапхана)

«Жалпы ақпарат»
Бөлім жаңалықтары

Ұлы ақынның 175 жылдығына арналды

28.12.2019 жылы Академик Ә.Қуатбеков атындағы  Халықтар достығы университеті кітапханасының залында жаңа жылға арналған көрме ұйымдастырылып өткізілді. Іс – шараға оқу-әдістемелік істері жөніндегі проректор Әбдімәлік Жайылмысұлы  Елтаев, Тәрбие және  әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор  Садыков Бердіқұл Қадырқұлұлы   т.б. университеттің профессорлары мен оқытушылары,   1 курс студенттері қатысты.

21.01.2020 жылы Университетімізде Ғалым, текстолог, қоғам қайраткері, жазушы, ақын, драматург, аудармашы, педагог, КСРО Журналистер одағының мүшесі, КСРО және ҚазКСР ағарту ісінің үздігі, алғашқы ҚазКСР Мемлекеттік

гимні авторларының бірі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

сыйлығының лауреаты  Қайым Мұхамедханұлы Мұхамедхановтың  туғанына 100  жыл толуына орай кітапханамыздың оқу залында 2 курс студенттерімен және Филология,  Ән күй мамандықтарымен біріге отырып салтанатты кеш ұйымдастырып өткізді. Кешке университетр басшылығы, 1,3 топтың белсенді студенттерімен ардагер оқытушылар шақырылды. Іс – шара өте жоғары деңгейде өткізілді.

  Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты әдеби-сазды кеші.

         Заманынан озық туған Абай қазақ жазба мәдениеті мен музыка өнерін биік сатыға көтерген. Біздің мақсатымыз  Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру , туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуды  еліміздің жас буын санасына енгізу. Абай шығармашылығын жас ұрпақ студент жастардың  жүрегіне терең бойлатып, Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту.     Не бір асыл  өлеңдер мен әндер тудырған, өміршең рух берген, сөйтіп тек қазақ даласына ғана емес,бүкіл әлемге өзі ғана танымал болмай қазақ халқын да танытқан. Ойлы өлеңдерімен, қара сөздерімен өскелең жастарға қанат бітіріп, тәрбие мен адами қасиеттерді бойға сіңірген данышпан ақынның өсиеті ұрпаққа – мәңгілік мұра. Абай өлеңдерін бағалап болашаққа дәріптеу бүгінгі ұрпақтың міндеті. Әр қазақ баласы  қазақтығын Абай құндылығымен дәлелдей білуі тиіс. Осы бағытта ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Университет кітапханасында  « Ұлы халықтың – ұлы Абайы” атты әдеби-сазды кеші»    өткізілді . Бұл кеште Абай Құнанбайұлының өмірі туралы деректер беріліп, өлеңдері оқылды. «Көзімнің қарасы», «Бір бала» әндері шырқалды. Абайдың қара сөздері мен бірнеше өлеңдерін зор дауысымен, байыппен, шеберлікпен оқып, студенттер көрерменнің жүрегіне жеткізе білді. Абай Құнанбайұлына арналған кітаптардан көрме ұйымдастырылды. Кешті ұйымдастырған  Академик Ә.Қуатбеков атындағы  ХДУ Абай тану орталығы мен  кітапхана ұжымы.

https://udn.edu.kz/kk/2019/03/01/%D2%B1%D0%BB%D1%8B-%D0%B4%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%A3-%D0%B6%D0%B5%D1%82%D1%96-%D2%9B%D1%8B%D1%80%D1%8B/

https://udn.edu.kz/kk/2019/02/06/%D0%B6%D0%B0%D2%A3%D0%B0-%D0%BA%D1%96%D1%82%D0%B0%D0%BF%D1%82%D0%B0%D1%80-%D0%BA%D3%A9%D1%80%D0%BC%D0%B5%D1%81%D1%96/

https://udn.edu.kz/kk/2018/12/12/%D0%B6%D0%BE%D2%93%D0%B0%D1%80%D1%8B-%D0%BE%D2%9B%D1%83-%D0%BE%D1%80%D0%BD%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3-%D0%B7%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D1%83%D0%B8-%D0%BA%D1%96%D1%82%D0%B0%D0%BF%D1%85%D0%B0-2/

https://udn.edu.kz/kk/2018/10/26/bir-el-bir-kitap/

Толығырақ>>

Кітапхана – бұл күнделікті өмір. Бұл әлемге және оқиғаларға апаратын есік. Мұнда біз сөз шеберлерімен кездесеміз. Кітапхана – рухани демалып, бұл бұрын білген және білмегенді танитын керемет жер. Кітапхана – бұл ғылым жұмағы!!! Көп оқыған, көп білер!!!

2000 жылы Қазақстан Халықтар достығы  университетінің ірге тасы қаланды. Университет президенті және негізін қалаушы  Нью-Йорк (АҚШ), ғылымдар академиясының, Ресей педагогика  психология  ғылымдары академиясының  және ҚР жаратылыстану  ғылымдары академиясының академигі, Халықаралық шығармашылық академиясының академигі, П.Капица атындағы Халықаралық  сыйлықтың лауреаты, ҚР «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», химия ғылымдарының докторы, профессор  Әбдімұса Мұратұлы Қуатбеков. Университет ашылған күннен бастап,  кітапханасының кітап қорын толтыру үшін, сол кездегі кітапхана меңгерушісі Аблаева Роза Абылайқызы және кітапхана қызметкерлері орасан  зор еңбек етті. Университет басшылығының қолдауымен кітапхана қорын молайтуға, оқырмандардың оқу процесіндегі  сұраныс-ізденістерін қанағаттандыруда, кітапхана қызметкерлері мәдени қызмет етті.Оқу процесіне қажетті оқулықтар, монографиялар, ғылыми еңбектер мен электронды оқу құралдарымен  жабдықталған, кітап қорын молайту мақсатында көптеген іс-шаралар  атқарылып келеді. Осындай іс-шараларды жүргізудің  нәтижесінде, кәзіргі таңда  2013 жылдан бастап  Қазақстан инженелрлі-педагогикалық  Халықтар достығы университеті деген атқа ие болып, университетіміз  үлкейіп,  көркейіп, кітапханаларымыздың көлемі мен кітаптар саны артып, кітапхана қоры толық қамтамасыз етіліп, жыл сайын кітапхана қорына  жаңа кітаптар, оқулықтар, электронды оқулықтар мен оқу кешендерімен толықтырылып отыр. Барлық кітаптар  мен оқулықтар қоры дәстүрлі каталогтарда көрсетілген: алфавиттік, жүйелік және электрондық.  Электрондық каталог «Ирбис» бағдарламасы бойынша жүргізіледі.     Оқырмандардың  білім деңгейін  жан-жақты көтеру мақсатында түрлі ғылыми кітаптарға әдеби кештер, конференциялар, ай сайынғы атаулы күндерге  кештер өткізіліп отырады.    Жалпы кітапхана үш оқу залынан және  электронды оқу залы, төрт абонемент бөлімнен тұрады. Кітапханада төрт  қызметкер жұмыс жасайды. 2007 жылдан бастап 2016 жылға дейін кітапхана меңгерушісі болып Рысбаева Гүльмира Мамырбекқызы қызмет атқарды . 2017 жылдан бастап кітапхана меңгерушісі болып Одаманова Ардақ Расиқызы қызмет атқаруда.     Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің кітап қоры өз саласындағы  мамандықтар бойынша оқулықтармен студенттерімізді қамтамасыз етіп отыр.  Оқу залдарында компьютерлермен жабдықталған Интернет желісі, электронды почта WEB – сайтқа қосылған Студенттер өздеріне қажетті ақпараттарды  «Интернеттен» тегін алып пайдалануға толық мүмкіншілік жасалған. Кітапханамызда  анықтамалық – библиографиялық  және ақпараттық жұмыстар жүргізіліп отырады. Сонымен қатар Thomson Reuters компаниясының ақпараттық  электронды  ресурсының базаларына қосылған  шектеусіз онлайн бағытында. Республикалық ғылыми- техникалық кітапханасының  Акционерлік  қауымдастығының  Оңтүстік Қазақстандағы филиалы ақылы түрде қызмет   көрсетеді,ақысы төленіп келісімшарт уақытылы ұзартылып отырады.

Кітапхана – ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан, шырағы биік парасаттылық пен білімділіктің, байлық пен біліктіліктің кең ордасы.

ХХІ ғасыр руханият, мәдениет, ақпарат ғасыры екені әлемдегі адамзатқа белгілі және оны мойындауда. Заман талабына сай оқырмандарға өркениетті қызмет көрсету, кітапханаларға берілген жаңа технологияларды кітапхана жұмысында кеңінен қолданып, кітапхана бүгінгі қоғамның қажетті ақпарат орталығы екендігіне ешкім күмән келтірмейді. Ақпарат  көздерін, әмбебап құжаттардың толық жинағын, оқырмандарға әлемдік, ұлттық мәдени, рухани құндылықтарды насихаттау университет кітапханасының басты мақсаты болып табылады.

Университет кітапханасының негізгі басым бағыттары: оқырмандардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіру; біріңғай ақпараттық кеңістік жасау; пайдаланушылардың ақпаратқа, білімге, мәдениетке еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету; жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, кітапханалық қызметті ұйымдастыру; пайдаланушылардың ғаламдық ақпараттық желіге қолжеткізуіне мүмкіндік беру.

Кітапхана міндеттері: кітапхана жұмысының дәстүрлі, сондай-ақ инновациялық әдістері мен формаларын қолдана отырып, анықтама-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру; кітапхана қорын толықтыру және сақтауды қамтамасыз ету; оқырмандардың сұранысын тұрақты зерттеу; кітапхананың материалды-техникалық базасын нығайту.

Ақпаратты білім беру орталығы>>

2000 жылы Қазақстан Халықтар достығы  университетінің ірге тасы қаланды. Университет президенті және негізін қалаушы  Нью-Йорк (АҚШ), ғылымдар академиясының, Ресей педагогика  психология  ғылымдары академиясының  және ҚР жаратылыстану  ғылымдары академиясының академигі, Халықаралық шығармашылық академиясының академигі, П.Капица атындағы Халықаралық  сыйлықтың лауреаты, ҚР «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», химия ғылымдарының докторы, профессор  Әбдімұса Мұратұлы Қуатбеков. Университет ашылған күннен бастап,  кітапханасының кітап қорын толтыру үшін, сол кездегі кітапхана меңгерушісі Аблаева Роза Абылайқызы және кітапхана қызметкерлері орасан  зор еңбек етті. Университет басшылығының қолдауымен кітапхана қорын молайтуға, оқырмандардың оқу процесіндегі  сұраныс-ізденістерін қанағаттандыруда, кітапхана қызметкерлері мәдени қызмет етті.Оқу процесіне қажетті оқулықтар, монографиялар, ғылыми еңбектер мен электронды оқу құралдарымен  жабдықталған, кітап қорын молайту мақсатында көптеген іс-шаралар  атқарылып келеді. Осындай іс-шараларды жүргізудің  нәтижесінде, кәзіргі таңда  2013 жылдан бастап  Қазақстан инженелрлі-педагогикалық  Халықтар достығы университеті деген атқа ие болып, университетіміз  үлкейіп,  көркейіп, кітапханаларымыздың көлемі мен кітаптар саны артып, кітапхана қоры толық қамтамасыз етіліп, жыл сайын кітапхана қорына  жаңа кітаптар, оқулықтар, электронды оқулықтар мен оқу кешендерімен толықтырылып отыр. Барлық кітаптар  мен оқулықтар қоры дәстүрлі каталогтарда көрсетілген: алфавиттік, жүйелік және электрондық.  Электрондық каталог «Ирбис» бағдарламасы бойынша жүргізіледі.     Оқырмандардың  білім деңгейін  жан-жақты көтеру мақсатында түрлі ғылыми кітаптарға әдеби кештер, конференциялар, ай сайынғы атаулы күндерге  кештер өткізіліп отырады.    Жалпы кітапхана үш оқу залынан және  электронды оқу залы, төрт абонемент бөлімнен тұрады. Кітапханада төрт  қызметкер жұмыс жасайды. 2007 жылдан бастап 2016 жылға дейін кітапхана меңгерушісі болып Рысбаева Гүльмира Мамырбекқызы қызмет атқарды . 2017 жылдан бастап кітапхана меңгерушісі болып Одаманова Ардақ Расиқызы қызмет атқаруда.     Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің кітап қоры өз саласындағы  мамандықтар бойынша оқулықтармен студенттерімізді қамтамасыз етіп отыр.  Оқу залдарында компьютерлермен жабдықталған Интернет желісі, электронды почта WEB – сайтқа қосылған Студенттер өздеріне қажетті ақпараттарды  «Интернеттен» тегін алып пайдалануға толық мүмкіншілік жасалған. Кітапханамызда  анықтамалық – библиографиялық  және ақпараттық жұмыстар жүргізіліп отырады. Сонымен қатар Thomson Reuters компаниясының ақпараттық  электронды  ресурсының базаларына қосылған  шектеусіз онлайн бағытында. Республикалық ғылыми- техникалық кітапханасының  Акционерлік  қауымдастығының  Оңтүстік Қазақстандағы филиалы ақылы түрде қызмет   көрсетеді,ақысы төленіп келісімшарт уақытылы ұзартылып отырады.

1.Оңтүстік  Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап «Отырар» кітапханасы (2018 жылдың 16 сәуір айындағы келісім  шарты)

  1. А.С.Пушкин атындағы обылыстық әмбебап ғылыми кітапханасы (2018 жылдың 05 сәуір айындағы келісім шарт)

3.М.Әуезов атындағы  Оңтүстік  Қазақстан  мемлекеттік  университетінің  білімдік  ақпараттық  орталығы(2018 жылдың 05 сәуір айындағы келісім шарты)

  1. Республикалық Жоғары оқу арасындағы электронды кітапханалармен (РМЭБ)

( 2018 жылдың 03 қаңтар айындағы келісім шарты)

  1. Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі

( 2018 жылдың  сәуір айындағы келісім шарты )    осы ресурстардың барлығы бүгінгі  заманғы білім беру  және ғылыми ресурстармен толық қамтамасыз етіп отыр

Кітапханада қазіргі кезде 4 қызметкер жұмыс  жасайды.

«Бөлім қызметкерлері»
Кітапхана меңгерушісі Одаманова Ардақ Расиқызы

1992 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет  институтының «Кітапхана тану және библиография» мамандығын бітірген.  Қазақ және орыс тілдерін жетік меңгерген. 2017ж. М.Әуезов атындағы ОҚ мемлекеттік университетінен біліктілігін жоғарылату үшін қазіргі таңдағы кітапханалардың  ақпараттық техникалық базалары «Ирбис» бағдарламасын жетілдіру мақсатында оқып сертификат алды

Байланыс құралдары:

  ardak.odamanova@mail.ru

 +7(771) 566 6740

Кітапхана меңгерушісінің негізгі міндеттері:

  • Кітапханаға жалпы басшылық жұмысын жүргізіп, құрылым мен штат кестесін жинақтап әзірлеу;
  • Тактикалық және тиімді міндеттерді әзірлеп, ұжым алдына қоя білу, ұжымды қалыпты моралдық-психикалық хал-ахуал қалыптастыра білу;
  • Сапа менеджмент жүйесін өңдеп, кітапхана жұмысына енгізу;
  • Кітапхана қоы мен мүліктің қызмет етуі мен сақталуын қамтамасыз етуге. Сондай-ақ кітапхана қызметкерлері мен пайдаланушыларының жұмыс істеу үшін қажетті жағдай жасау;
  • Кітапхана қорын түзеу, пайдалану мен сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыр;
  • Әр оқу жылы соңында кітап қорының тексерілуін, жоғалған кітаптар орнына сол кітаптың құнына тең кітаптардың қабылдануын қадағалау;
  • Кітапхана іс-құжаттарын номенклатураға сәйкес жүргізілуін қадағалау;
  • Кітапхана жұмыстарының статистикалық есептері негізінде жылдық есептерін университет басшылықтарына және әдістемелік орталыққа ұсыну;
  • Қызметкерлердің өндірістік біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
  • Кітапхананы көркемдік безендіру және мәжени іс-шаралардың өткізілуін қадағалау.
Кітапхана әдіскері Айтенова Нұргул Ыдырысқызы

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - ддд-768x1024.jpg

Айтенова Нұргул Ыдырысқызы – 03.11.1992 ж

-2014 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті 5В011200 – Химия мамандығын Үздік дипломға бітірген.

-2014-2018 жж – №16 колледж МКҚК –да Химия пәні оқытушысы, химия меңгеруші болып қызмет атқарған.

-2018-2020жж. «Авиценна» медициналық көпсалалы колледжінде Химия пәні оқытушысы, химия меңгеруші болып қызмет атқарған.

-2020жылдың 20 қаңтарынан бастап Академик  Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ақпараттық білім беру орталығында жұмыс жасайды.

Кітапхана әдіскері Кескимбаева Нина Васильевна
Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 1нина-768x1024.jpg

1976 – 1981 жж Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет  институтының «Кітапхана тану және библиография» мамандығын бітірген.

-1965-1966жж Калининград қаласындағы әскери қалашығының орталық кітапханасында кітапханашы болып жұмыс атқарған.

-1966-2018жж Түркістан облыстық ғылыми – техникалық кітапханасында бөлім меңгерушісі болып жұмыс атқарған.

2020 жылдың 27 қаңтарынан бастап Академик  Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ақпараттық білім беру орталығында жұмыс жасайды.

«Жұмыс жоспары»
Толығырақ>>
«Келісім шарттар»
Толығырақ>>

Келесі келісімдер жасалды: Республикалық ЖОО аралық электронды кітапхананың қызметтері туралы (№ 53/05/01 / 2020-31 / 12/202020), «ThomsonReuters» электронды кітапхана жүйесі (шетелдік мәліметтер базасы) (2016 ж. 23 мамырдағы № 93/2018 ж. – 31 желтоқсан) , Оңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасы 04.2018 – 12.2022. А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы / мерзімі 04.2018 – 12.2022. Абай атындағы қалалық орталықтандырылған бұқаралық кітапхана. / 04.2018 – 12.2022 кезең. М.Әуезов атындағы ОҚМУ ХОК / 04/05 / 2018-12.2025, «Өрлеу» ғылыми-өндірістік орталығы 04.2018 – 12.2022 дейін. Шымкент қалалық көзді көрмейтің жне әлсіз көретің азаматтарыңа арналған арнай кітапхана KMM »/ соңғы мерзімі 11.2019 – 12.2022.

«Кітапхана іс-шаралары»
Толығырақ>>
«Мерзімдік басылымдар»
Толығырақ>>
«Президент жолдауы»
Толығырақ>>
«100 жаңа оқулық»
Толығырақ>>
«Профессор, оқытушылардың еңбектері»
«Электрондық ресурстар»
Толығырақ>>
«ҚИПХДУ Вестник журналы»
Толығырақ>>

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top