2000-2003 оқу жылдарында, университет құрамында «Инженерлі-Гуманитарлық» факультетін алғаш декан болып бастаған б.ғ.к., доцент Б.А.Данияров басқарды, 2006-2009 оқу жылдары Д.Ержанов басқарды. 2008-2009 оқу жылы факультетте «Мемлекеттік тілді білу-парызы» атты республикалық конкурс жеңімпаздарына және балалар үйінің түлектеріне бүкіл оқу жылдарына тегін білім алуға Ә.Қуатбековтың жеңілдігі берілді. 2009-2010 оқу жылдары 49 студент мемлекеттік грант иегері атанып стипендия тағайындалды. 2009-2012 оқу жылдары факультеті т.ғ.к., профессор Р.Ташкараев басқарды. 2011-2012 оқу жылы факультет «Инженерлі техникалық» және «Гуманитарлық» факультет болып екіге бөлінді. 2012-2014 оқу жылдары «Инженерлі техникалық» факультет деканы болып т.ғ.к. доцент А.Т.Медеуов басқарды, 2012-2013 оқу жылы 20 студент мемлекеттік грант иегері атанып стипендия тағайындалды. 2019-2020 оқу жылы біздің факультетте 16 студент грант білімін алып шықты. Факультетте аз қамтылған, жағдайы төмен, ата-анасының қамқорынсыз қалған студенттерге көптеген мүмкіндіктер жасалды. Факультетімізді бітіріп шыққан студенттер қазіргі таңда әр-түрлі салада қызмет етіп келеді, атап кетсек 2014 жылы «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығын бітірген Құлтасова Маржан Даулетовна – «Қазпошта» АҚ бөлімшесінің меңгерушісі болып қызмет етуде, 2014 жылы «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығын бітірген, Қасымбекова Гүлзира Қайратқызы «Қазақтелеком» АҚ маманы болып қызмет етуде, «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығын 2015 жылы бітірген Катешов Қанат Талғатұлы Шымкент политехникалық колледжінде оқытушы болып білім береді, «Құрылыс» мамандығын 2015 жылы бітірген Турабеков Нурбек Ағабекугли Астана қаласындағы әкімшлік құрылыс саласының маманы. «Дизайн» мамандығын 2015 жылы бітірген Мусабеков Бауыржан Олимжанұлы Астана қаласында дизайнер-архитекторы қызметінде жұмыс жасайды, «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығын 2014 жылы бітірген Жүрсін Нұрболат Әлімханұлы, 2015 жылы университет ішіндегі «JasOtan» жастар қанатының төрағасы болып тағайындалады. Осы жылы өз белсенділігінің, елге деген жан аямас еңбегінің арқасында ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың қолынан алған алғыс хат Нұрболаттың болашаққа деген көзқарасын түбегейлі өзгертті. Ғаниұлы Дәурен 2016 ж ҚИПХДУ нің РЭТ факультетінде РЭТлар бакалавры, 2015 ж Астана қаласында өткен «Нур Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының ІІІ съезінің делегаты, 2019 ж. Шымкент жастар мәслихатының депутаты. Жастар жылы аясында ұйымдастырылған Жастар кадрлық резерві жобасының қатысушысы, қазіргі таңда ҚР Парламенті сенатында Әлеуметтік- мәдени даму және ғылым комитетінде консультант және комитетке қатысты сенат депутаттарының (іс-қағаздарын реттеуші) көмекшісі, және т.б.
Біздің бітірушілер-біздің мақтанышымыз. Университетімізде білім алып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жақсы қырларымен көріне білген студенттерге университет жұмысқа орналасуға мүмкіндіктер жасады. 2015-2016 оқу жылы факультет атауы Жаратылыстану-инженерлі болып өзгертілді қазіргі таңда факультет деканының орынбасары З.К.Илесов болып табылады, бүгінде студенттерге жан-жақты, заман талабына сай білім берудің жаңа технологияларын оқу процесіне ендіре отырып, қызмет жасап келеді.
Жаратылыстану- инженерлі факультеті техникалық, педагогикалық кадрларды даярлайтын алдыңғы қатарлы факультеттердің бірі. Төлеби көшесінің бойындағы «А» оқу ғимаратында орналасқан. Біздің факультетте 1500-нан астам студенттер білім алуда. Студенттер контингенті Қазақстан Республикасы аумағынан бөлек алыс және жақын шетелдерді (Өзбекстан, Туркменстан, Ауғанстан) қамтиды.
Факультетті қазіргі таңда химия ғылымдарының кандидаты, профессор Махмудов Жамалиддин Усманұлы басқарады. Факультеттің ғылыми-педагогикалық құрамына жоғары білімді, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, доценттер, магистрлер, аға оқытушылар мен оқытушылар кіреді. Университет түлектері халық шаруашылығында, құрылыста, өндірістік кәсіпорындарда, Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласында және т. б. жұмыс істей алады. Қалауыңызға қарай біздің университетте бағыттар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шет елдердің басқа да жоғары оқу орындарында магистратура мен докторантурада оқуды жалғастыруға болады.
Факультеттің оқу-зертханалық базалары заманауи құралдармен жабдықталған. Профессорлық-оқытушылық құрам толығымен тәжірибелі мамандардан тұрады. Студенттердің ғылыммен, мәдениетпен, спортпен шұғылдануға, компьютерлік технологияларды меңгеруге, шет тілдерін үйренуге және т. б. мүмкіндіктері бар.
Деканат мүшелері деканның орынбасары, факультет әдіскерлері, кафедра меңгерушілері, факультет әдістемелік комиссиясының жетекшісі, деканаттың қоғамдық ұйымдарының өкілдері, студенттер, жұмыс берушілер және басқа да мүдделі тұлғалар болып табылады. Деканаттың жұмысы жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Бакалавриаттың барлық мамандықтары бойынша оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі..
Факультет сонымен қатар оқу, оқу-өндірістік, дипломалды практикадан өтуді ұйымдастырады.
Ғылыми-зерттеу үйірмелері, көңілді тапқырлар клубы, студенттік көркемөнерпаздар үйірмелері және спорттық үйірмелер студенттердің сабақтан бос уақытын тиімді пайдалануына ықпал етеді.
Факультет студенттері терең білім алып қана қоймай, ойлау қабілетін, мәдениеті мен ұтқырлығын, шығармашылығы мен көшбасшылығын дамытады.
Факультет студенттеріне сапалы білім беру мақсатында жыл сайын жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарынан білікті мамандар шақырылады.
Факультетте 121 оқытушылар жұмыс істейді, оның ішінде 18 ғылым докторы мен профессорлар, 30 ғылыми кандидаттары мен доценттер, 73 магистрлер мен аға оқытушылар. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, педагогикалық және техникалық салалар айналысады, «Химия және биология» кафедрасы: т.ғ.д., профессор Р.А.Ташқараев, х.ғ.д.,профессор А.Юлдашев, х.ғ.к, профессор И.А.Мархабаев, х.ғ.к.профессор Ж.У.Махмудов, х.ғ.к. доцент У.С.Байменова, доцент А.И.Махатова, магистр аға оқытушы Б.З.Орынбасарқызы, магистр аға оқытушы А.Б.Орманова,т.ғ.д. профессор Б.Ш.Кеделбаев, х.ғ.к., профессор К.П.Қуатбекова, магистр оқытушы Ж.К.Туйгинбаева, магистр оқытушы Ж.Т.Махудбекқызы, а.ш.ғ.д.,профессор Е.Байбеков, б.ғ.к. доцент Ч.Асабаев, б.ғ.к. доцент Б.А., б.ғ.к. аға оқытушы Б.А.Ахметов, а.ш.ғ.к, аға оқытушы Т.Ә.Мустияр, магистр аға оқытушы Г.А.Бекбултова, магистр аға оқытушы А.А.Қалымбетва, магистр аға оқытушы Ф.С.Пернебаева, магистр аға оқытушы С.С.Мейменова, магистр аға оқытушы Қ.А.Шатанова. б.ғ.к. доцент Н.М.Ескараев, б.ғ.к, аға оқытушы К.М.Шаккузова, б.ғ.к аға оқытушы Л.К.Асамбаева, магистр оқытушы Ф.И.Латиф.
«Информтика және математика» кафедрасы:
п.ғ.к доцент А.Қарабаев, ф-м.ғ.к. доцент Б.Ахмадхожаев, ф-м.ғ.к профессор Е.А.Нысанов, Phd аға оқытушы Ә.Ә.Сәрсенбі, т.ғ.к доцент О.З.Альчинбаева, ф-м.ғ.к доцент М.М.Медетбеков, т.ғ.к. аға оқытушы А.Н.Жидебаева, п.ғ.к аға оқытушы А.Т.Умаров, п.ғ.к. доцент У.О.Камардинова, аға оқытушы Г.Б.Сулейменова, аға оқытушы З.А.Абдиева, магистр аға оқытушы А.И.Искакова, магистр аға оқытушы Ж.К.Максумова, аға оқытушы К.Н.Мырзасеитова.т.ғ.к. доцент М.А.Амандыков, т.ғ.д. профессор Л.М.Мусабекова, PhD аға оқытушы Ж.Р.Умарова, магистр аға оқытушы Г.У.Мадалиева, магистр аға оқытушы Б.Т.Тажибаева, магистр аға оқытушы А.У.Коракбаев., магистр оқытушы Ә.С.Оспан, магистр оқытушы Ж.У.Мадалиев, т.ғ.к аға оқытушы П.А.Кожабеков, т.ғ.к. доцент М.И.Ақылбеков, ф-м.ғ.к. доцент Д.С.Куракбаев, п.ғ.к аға оқытушы К.Ә. Ортаева, PhD аға оқытушы Н.Жуматаев, п.ғ.к. аға оқытушы М.А.Керімбеков, п.ғ.к. аға оқытушы Г.Бейсенова, т.ғ.к. доцент А.Т.Қалбаева, магистр оқытушы С.А.Мамиков, магистр аға оқытушы Н.А.Қоспанбетова, магистр аға оқытушы Т.С.Айнакулова, магистр аға оқытушы Э.Т.Бугибаев, магистр аға оқытушы А.А.Накай, магистр аға оқытушы А.С.Хайдаров, магистр аға оқытушы Л.Т.Тюмебекова, магистр аға оқытушы А.М.Мекемов.
«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасы: т.ғ.д.профессор Х.Нигматов, т.ғ.д. профессор Б.С.Есмагамбетов, т.ғ.к. доцент М.У.Халбаев, т.ғ.к. профессор З.Б.Тукубаев, т.ғ.к. доцент С.У.Исмаилов, аға оқытушы Ш.К.Джолдасов, магистр аға оқытушы Э.Х.Нарходжаев, аға оқытушы Л.А.Арызкулов, оқытушы А.Хантураев, ф-м.ғ.к. А.Н.Курмантаев т.ғ.д. профессор М.Сарыпбеков,т.ғ.к.доцент А.А.Бегметов, т.ғ.к. доцент Р.А.Ильясов, PhD доцент Г.Е.Сахметова, аға оқытушы К. С.Серикбаева, аға оқытушы Г.К. Қоңырбаева, оқытушы Е.Е.Джазыбаев, PhD аға оқытушы Г.Д.Турымбетова, магистр инженер Г.Тилесова.
«Мұнай және құрылыс өндірсітері» кафедрасы: т.ғ.д. профессор Е.М.Наурызбаев, т.ғ.д. доцент Ш.Т.Ешимбетов, т.ғ.к.доцент Д.Д.Тагибаев, т.ғ.к доцент Т.У.Татыбаев, т.ғ.к.доцент А.Еркинбеков, э.ғ.к доцент Б.Ш.Джанабаев, т.ғ.к. доцент Ж.А.Садыков, т.ғ.к. Н.М. Джарболов, аға оқытушы М.Т.Рысбеков, аға оқытушы Г.А.Омарова, магистр аға оқытушы Қ.Сейітқасымұлы, магистр аға оқытушы З.Б.Отызбаева, т.ғ.к.доцент С.С.Ажидинов, т.ғ.к.доцент М.Н.Ахилбеков, магистр аға оқытушы Е.А.Анарбаев, аға оқытушы М.С.Култаев, магистр аға оқытушы А.К.Бейсенәлі., т.ғ.к.профессор ҚР дизайнерлер одағының мүшесі Г.И.Махмудова, п.ғ.к.доцент аға оқытушы Ж.Ж.Бейсенбеков., доцент ҚР суретшілер одағының мүшесі А.С.Байназаров, магистр аға оқытушы ҚР дизайнерлер одағының мүшесі Д.Т.Қултасов, аға оқытушы ҚР дизайнерлер одағының мүшесі Е.Ж.Абдураев, аға оқытушы ҚР дизайнерлер одағының мүшесі Е.Көпжасарұлы, аға оқытушы ҚР суретшілер одағының мүшесі А.М.Ахметов, п.ғ.к. аға оқытушы Б.Ә.Айдарбек, п.ғ.д. профессор Қ.Е.Ералин., аға оқытушы У.А.Бердибаева. т.ғ.к., профессор Т.У.Искаков, т.ғ.д профессор Т.П.Раимбердиев, т.ғ.к.доцент Н.Ә.Куатбеков, доктор PhD аға оқытушы С.Ш.Шалатаев, доктор PhD аға оқытушы А.Ж.Айменов, х.ғ.к аға оқытушы, М.Д.Идирсиов, доктор PhD аға оқытушы Ж.А.Карабаев, аға оқытушы У.Т.Сулейменова, аға оқытушы Ш.И.Балабекова, магистр оқытушы Б.А Абдикеримов.
Оқу процессін 4 кафедра қамтамасыз етеді:
«Информатика және математика» кафедрасы | Кафедра меңгерушісі: т.ғ.к., доцент М.Амандиков |
«Химия және биология» кафедрасы | Кафедра меңгерушісі: т.ғ.к., профессор Р.Ташқараев |
«Радиотехника, электроника және телекроммуникациялар» кафедрасы | Кафедра меңгерушісі: т.ғ.д., профессор М.Сарыпбеков |
«Мұнай және құрылыс өнідірстері» кафедрасы | Кафедра меңгерушісі: т.ғ.к., доцент Г.Махмудова |
Қазіргі таңда факультетте 16 білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр мамандары даярланады.
Өнер | |||
1 | 6B02-Өнер және гуманитарлық ғылымдар | 6В021-Өнер | 5В02110-«Дизайн», 6В02110-«Дизайн» |
Техникалық мамандықтар | |||
1 | 6B06 – Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар | 6В062-Телекоммуникация | 6В06210-«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» |
2 | 6B07- Инженерлі, өңдеу және құрылыс салалары | 6B071- Инженерия және инженерлі іс | 6В07120-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» |
3 | 6В07- Инженерлі, өңдеу және құрылыс салалары | 6В073- Сәулет және құрылыс | 6В07320–«Құрылыс» |
4 | 6В07- Инженерлі, өңдеу және құрылыс салалары | 6В073- Сәулет және құрылыс | 6В07323-«Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі» |
5 | 6В07- Инженерлі, өңдеу және құрылыс салалары | 6В073- Сәулет және құрылыс | 6В07310-«Сәулет» |
6 | 6В07- Инженерлі, өңдеу және құрылыс салалары | 6B071- Инженерия және инженерлі іс | 6В07110-«Электроэнергетика» |
7 | 6В06- Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар | 6В061- Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар | 6В06130-« Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» |
8 | 6В06- Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар | 6В061- Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар | 6В016126-«Информатика» |
9 | 6В06- Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар | 6В061- Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар | 6В06138-«Ақпараттық жүйелер» |
Педагогикалық мамандықтар | |||
1 | 6B01 – Педагогикалық ғылымдар | 6В015- Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау | 6В01508-«Математика» |
2 | 6B01 – Педагогикалық ғылымдар | 6В015- Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау | 6В01509-«Информатика» |
3 | 6B01 – Педагогикалық ғылымдар | 6В015- Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау | 6В01521-«Математика-Физика» |
4 | 6B01 – Педагогикалық ғылымдар | 6В015- Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау | 6В01540-«Химия» |
5 | 6B01 – Педагогикалық ғылымдар | 6В015- Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау | 6В01545-«Химия-Биология» |
6 | 6B01 – Педагогикалық ғылымдар | 6В015- Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау | 6В01550-« Биология» |
Құрметті студенттер!
Білім беру қызметінде жоғары білікті мамандар жұмыс істейді, олардың арасында ғылым, білім саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, көрнекті ғалымдар, академиктер, ғылым докторлары мен кандидаттары, профессорлар мен доценттер, PhD докторлары мен педагогикалық және ғылыми қызметте үлкен тәжірибесі бар оқытушылар бар.
Факультет сізге еліміздің және қаланың жетекші мекемелерінде, мемлекеттік ұйымдарында оқу-өндірістік және дипломалды өндірістік тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді.
Университеттің білім беру қызметі студенттердің әртүрлі санаттарының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 05.02. №545 бұйрығына сәйкес. 2018 жылғы”Жоғары білім беру процесінде босатылатын бос білім беру гранттарын тағайындау туралы”.
2019-2020 оқу жылында грант бойынша факультетті 16 студент бітірді. Аз қамтылған отбасылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған факультетте көптеген мүмкіндіктер ашылды.
2020-2021 оқу жылы жалпы білім беру сапасы бойынша ерекше болды. Бүкіл әлем бойынша пандемия кезінде университет толығымен онлайн форматқа көшірілді. Онлайн білім беру негізгі трендке айналды.
Биылғы жылы жақсы нәтижелері бар Студенттер БҒМ грантын алуға 3 студентке ұсынылды.
2021-2022 оқу жылында 14 студент жергілікті бюджет қаражаты есебінен стипендиат ретінде оқуын жалғастыруда.
3 курс 6В06210– Радиотехника, электроника и телекоммуникациялар
JB 621-19 тобы
1. | Пірімжар Мақсат Бердіқұлұлы |
2. | Қожабек Тоқтархан Жорабекұлы |
6В01508- «Математика» JB 1508-19 тобы
1. | Абдрасил Сымбат Ерсинқызы |
2. | Абылхасым Ғалия Даниярқызы |
3. | Өмірбай Наурыхан Сламбекұлы |
6В01550 – Биология JB 1508-19 тобы
1. | Ахметова Әсем Әділбекқызы |
2. | Рахматиллаева Ойжамол Бахтжонқизи |
3. | Турсынджан Ақниет Бауыржанқызы |
4. | Тұрсынбай Балнұр Талғатқызы |
6В02110 – Дизайн JB 211-19 тобы
1. | Абдалиев Дархан Женгисулы |
2. | Жүнісбек Ақтоты Үсенқызы |
3. | Мелдеханов Нүркен Серікұлы |
4. | Нұрхат Аружан Әділбайқызы |
6В02110 – Дизайн JB 211-39 тобы
1. | Хабиболлаева Жарқынай Алтынбекқызы |
Аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге, жетім балаларға, жартылай жетім балаларға, мүгедектер мен көп балалы отбасыларға оқу төлем ақысы бойынша 10-50% ға дейін, оның ішінде жетім балалар үшін 100% – мөлшерінде жеңілдіктер беріледі.
Факультет деканы:

Декан орынбасары
Илесов Заңғар Қонысбекұлы
«Экономика және құқық» кафедрасының магистрі аға оқытушысы.
З.К.Илесов 1977 жылы туылған, негізгі мамандығы заңгер. 2005 жылдан 2011 жылға дейін сырттай бөлімнің декан орынбасары қызметін атқарған.Инженерлі-гуманитарлық университетінде 2011-2015ж.ж. аралығында Жастар комитетінің төрағасы. «Құқықтану» кафедрасының оқытушысы. 2005 жылдан 2011 жылға дейін сырттай оқу бөлімнің декан орынбасары қызметін атқарған. 2021 жылдың шілде айынан жаратылыстану-инженерлік факультетінің декан орынбасары.
Қызметкерлер
Еңбек жолы
1992-1996 жылдары Қазығұрт аудандық көпсалалы училищесінде агрономия және биология оқытушысы болып жұмыс атқарды;
1996-1998 жылдары Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде аға лаборант қызметінде жұмыс атқарды;
2000 по 2018 жылдары кадр бөлімінің маманы қызметінде әр-түрлі мекемелерде жұмыс атқарды;
2019 жылдың ақпан айынан академик Ә.Қуатбеков атындағы университетінің кадр бөлімінің маманы, осы жылдың наурыз айынан бастап кадр бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарды;
2020 жылдын қазан айынан бастап Жаратылыстану-инженерлі факультетінің әдіскері қызметінде жұмыс атқарып келеді;
Қосымша мәліметтер: WORD, Excel компьютерлік бағдарламаларын игерген, іс-жүргізу жұмысын біледі.
Жабаева Айдана Рысбаевна
Аға әдіскер
Оператор
Академиялық ұтқырлық дегеніміз – бұл білім алушылардың немесе оқытушы-зерттеушілердің білім алуға немесе зерттеу жүргізуге байланысты өз ЖОО-да кредиттік жүйеге негізделген білім беру бағдарламасының міндетті қайта сынақтан өту тәртібіне және ережеге сәйкес семестр немесе оқу жылына белгілі академиялық кезеңге өтуі.
Академиялық ұтқырлық сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық болып ажыратылады. Сыртқы академиялық ұтқырлық – шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу, оқытушы-зерттеушілердің білім беру салалары мен ғылыми мекемелердегі қызметі. Ішкі академиялық ұтқырлық – білім алушылардың, оқытушы-зерттеушілердің Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарында білім алуы, қызмет етуі.
Сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық бар.
Сыртқы академиялық ұтқырлық – бұл студенттердің шет елде білім алуы, сонымен қатар, оқытушы-зерттеушілердің шет елдік білім беру және зерттеу мекемелеріндегі жұмысы
Ішкі академиялық ұтқырлық – Қазақстанның жетекші оқу орындарында білім алушылардың оқуы және оқытушы-зерттеушілердің жұмысы
Ішкі академиялық (қазақстандық) ұтқырлық – бұл студенттердің білім алуы, оқытушы-зерттеушілердің семестрге немесе оқу жылына білім алуға немесе зерттеу жүргізуге өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде) жіберу. Өз жоғары оқу орнындағыдай білім беру бағдарламаларын міндетті түрде меңгеру қажет.
Ішкі академиялық ұтқырлықты офис-тіркеуші және академиялық ұтқырлық қызметі (Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасының координаторы) жүзеге асырады.
Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша төмендегі құжаттар тапсырылады:
1) Ректордың атына өтініш;
2) Нотариальды бекітілген шақырудың қазақ немесе орыс тіліндегі көшірмесі;
3) Білім алушының өтініші;
4) Үшжақты келісімшарт;
5) Факультет Ғылыми кеңесінің көшірмесі;
6) Транскрипт;
7) Шет тілін меңгергені туралы сертификат;
8) Жеке оқу жоспары;
9) Мед. анықтама (форма №082).
Дуалды оқуыту
Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз – теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Ол алғаш Германияда пайда болып, негізі қаланды. Дуалды оқыту жүйесінің кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген. Дуалды оқыту жүйесі қазіргі дүние жүзілік тәжірибеде бар дүние. Оның жарқын мысалдарының бірі – Германиядағы кәсіптік-техникалық білім берудегі даярлаудың дуалдық жүйесі. Мұнда оқушылар уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды.
Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық – кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау.
Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі.
Факультетте толық кредиттік технология жүйесінде оқытылады.
Студенттер үшін барынша әлеуметтік жағдайлар жасалған. Ең жаңа кітапхана, электронды оқу залы, тегін интернет, акт залы, тренажер залы, дәрігер кабинеті, асхана, жатақхана, мұның бәрі студенттерге алаңсыз оқуға мүмкіндік береді.
Жыл сайын университетке факультет студенттерін оқыту үшін жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарынан білікті мамандар шақырылады.
Біздің түлектер білім беру және әлеуметтік қызметтер саласында табысты жұмыс істеуде. Олардың көпшілігінде елде талант, білім, тану және көшбасшылық бар.
Біздің факультеттің түлектері білім беру және әлеуметтік салаларда табысты жұмыс істеуде. Олардың арасында көптеген танымал талантты басшылар бар.
Тәлімгерлер жыл сайын мәдени-көпшілік шаралардың жобаларын жасайды. Өткізілген іс-шаралар тәлімгердің журналына тіркеледі. Кафедра әріптестері студенттердің өзін-өзі басқаруына, сабақтан бос уақытындағы студенттердің қоғамдық өміріне, және де студенттердің салауатты өмір салтына ерекше көңіл боледі. Студенттер белсене қатысатын салауатты өмір салты жайлы тәлімгерлік сағаттар өткізіледі. Діни экстремизм профилактикасы бойынша, ол неге әкеліп соқтыратыны туралы мысалдармен әңгімелесулер жүргізіледі. Одан басқа оқытушылармен және студенттермен жемқорлыққа қарсы күрес пен әр түрлі заң бұзушылықтар туралы әңгімелесулер жүргізіледі. Оқытушылар мен студенттер факультет, университет, қала, облыс, республиканың деңгейінде өткізілетін қоғамдық шаралар мен конкурстарға жиі қатысып, жүлделі орындарға ие болады. Жаратылыстану-инженерлі факультеті бойынша аға тәлімгері «Информатика және математика» кафедарасының аға оқытушысы Айнакулова Тамаша.