Магистратура және докторантура

 

🎓ҚҰРМЕТТІ МАГИСТРАТУРАҒА ЖӘНЕ ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУШІЛЕР!

Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы
университетіне 2025–2026 оқу жылына оқуға түсушілерге арналған ақпарат

Құрметті талапкер!

Егер сіз өз мүмкіндігіңізді жүзеге асырып,
қабілет-қарымыңызды дамытып, жан-жақты жарқын тұлға болуды армандасаңыз — Академик
Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті
сізді оқуға шақырады!

Мамандық таңдау — адам өміріндегі ең маңызды, әрі жауапты
қадамдардың бірі. Болашағыңыз жарқын болу үшін өзіңізге қызықты, қабілетіңізге
сай және еңбек нарығында сұранысқа ие бағытты таңдағаныңыз жөн.

Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті
сіздің болашаққа нық қадам жасап, сұранысқа ие мамандықтар бойынша сапалы білім
алуыңызға көмектеседі.

Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті
магистратура мен докторантураның келесі білім беру бағдарламалары бойынша
мемлекеттік білім беру тапсырысы (грант) бөлінетінін хабарлайды.

  1. 7М01110
    – Педагогика және психология
  2. 7М01510-
    Математика
  3. 7М01520-Информатика
  4. 7М01530-Химия
  5. 7М01540-Биология
  6. 7М01710-Қазақ
    тілі және әдебиеті
  7. 7М01720-Шетел
    тілі: екі шетел тілі
  8. 7М01610-
    Тарих
  9. 7М04140-Есеп
    және аудит
  10. 7М04110-Экономика
  11. 7М04210-Құқықтану
  12. 7М06210-Радиотехника,
    электроника және телекоммуникациялар
  13. 7М07112-Органикалық
    заттардың химиялық технологиясы
  14. 8D01110-
    Педагогика және психология
  15. 8D01530-Химия
  16. 8D01540-Биология

Талапкерлерге арналған нұсқаулықпен танысыңыз — және
кәсіби табысқа жету жолыңызды бізбен бірге бастаңыз!

МАГИСТРАНТТАР МЕН ДОКТОРАНТТАРДЫҢ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ!

Магистратураға қабылдау 15-28 тамыз аралығында және 26

желтоқсаннан келесі жылдың 10 қаңтарына дейін жүргізіледі.
Магистратураға қабылдау кешенді тестілеу (бұдан әрі – КТ) нәтижелері бойынша
жүзеге асырылады.

Толығырақ: http://www.testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-magistraturu-i-doktoranturu/priem-na-obuchenie/priem-na-obuchenie-v-organizatsii-obrazovaniya-realizuyushchie-obrazovatelnye-programmy-poslevuzovsk/

Кешенді тестілеуге (КТ) қатысу үшін талапкер Ұлттық тестілеу
орталығының сайты арқылы онлайн өтініш береді.
Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуден өту қажет. Кешенді тестілеу
құрамына кіреді:

  1. Шет
    тілі бойынша тест (халықаралық сертификаты барлар тапсырмайды);
  2. Оқуға
    дайындығын анықтау тесті;
  3. Білім
    беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест (екі пән).

Кешенді тестілеуге тіркелу ҰТО сайтында (http://testcenter.kz/) жүргізіледі.
Кешенді тестілеудің сынама нұсқасы ҰТО сайтында қолжетімді.

Өту балдары:

– Мемлекеттік білім беру гранты конкурсына қатысу үшін –
кемінде 75 балл;
– Ақылы негізде оқу үшін – кемінде 75 балл.

Грант конкурсына қатысу үшін талапкер бір білім беру
бағдарламаларының тобын және үш ЖОО-ны таңдай алады.

 PhD докторантураға қабылдау ақылы негізде шет
тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат негізінде және
докторантураның білім беру бағдарламалары тобы бойынша қабылдау емтиханы
нәтижесімен жүзеге асырылады.
PhD бағдарламасына – 100 мүмкін балдан кемінде 75 балл жинау қажет.

Толығырақ:
https://testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-doktoranturu/priem-dokumentov-dlya-uchastiya-vo-vstupitelnom-ekzamene-v-doktoranturu/

Докторантураға түсушілер өтініш бермес бұрын ЖОО-ның
қабылдау комиссиясынан кеңес алуы қажет.

Қабылдау комиссиясының атқаратын қызметі:

  1. Түсуге
    ниетті тұлғаларды білім беру бағдарламалары топтары бойынша кеңес беру;
  2. Қабылдау
    емтиханының тәртібімен таныстыру;
  3. Құжаттарды
    қабылдау мен тексеруді ұйымдастыру.

Докторантураға өтініштер қабылдау мерзімі:

  1. 3
    шілдеден 3 тамызға дейін;
  2. 28
    қазаннан 10 қарашаға дейін.

Қосымша тестілеу туралы мәліметтер:
– 100 тест тапсырмасы;
– Тестілеу уақыты – 125 минут.

Блок I – Тыңдалым.
– 32 тапсырма, уақыты – 45 минут;
– 4 мәтінді тыңдап, әрқайсысына 8 тапсырма орындау;
– Әр мәтін екі рет тыңдалады, араларында 1 минут үзіліс болады.

Блок II – Лексика-грамматикалық тест.
– 32 тапсырма, уақыты – 30 минут.

Блок III – Оқу.
– 36 тапсырма, уақыты – 50 минут;
– 3 мәтін және әрқайсысына 12 тапсырма.

Максималды балл – 100 балл.

Тестілеудің күні, уақыты және орны талапкерлердің жеке
кабинеттері арқылы хабарланады. Нәтижелер тест аяқталған соң компьютер
экранында көрсетіледі. Электрондық сертификат ҰТО сайтында жарияланады және
талапкердің жеке кабинетіне жіберіледі.

Сертификаттың жарамдылық мерзімі:
– 4–20 тамыз аралығындағы тест нәтижесі – ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін
жарамды;
– 18 қараша – 11 желтоқсан аралығындағы тест нәтижесі – келесі жылдың 1
наурызына дейін жарамды.

Құжаттар толық емес болған жағдайда қабылдау
комиссиясы оларды қабылдамайды.

Докторантураға қабылдау мерзімі:

  1. 15–28
    тамыз;
  2. 26
    желтоқсан – 10 қаңтар.

МАГИСТРАТУРАҒА ЖӘНЕ ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ

Магистратураға және докторантураға
түсу үшін құжаттарды қабылдау тәртібі

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы
университетіне 2025–2026 оқу жылына магистратураға түсушілер үшін

ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қабылдау комиссиясының қызметі:

  • Магистратураға
    түсушілерге таңдалған білім беру бағдарламалары тобы бойынша кеңес беру;
  • Кешенді
    тестілеу (КТ) және/немесе кіріс (шығармашылық) емтиханның өткізу
    тәртібімен таныстыру.

Кешенді тестілеуге (КТ) өтініш қабылдау мерзімдері:

Магистратураға кешенді тестілеуге өтініштер ҚР БҒМ Ұлттық
тестілеу орталығының http://app.testcenter.kz
порталы арқылы келесі мерзімдерде қабылданады:

  • 1
    маусымнан 8 шілдеге дейін
  • 28
    қазаннан 10 қарашаға дейін

Кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша талапкерлерге
электрондық сертификат (куәлік) жеке кабинет арқылы беріледі.

Кешенді тестілеу құрылымы:

КТ келесі бөлімдерден тұрады:

  1. Шетел
    тілінен тест (ағылшын, неміс немесе француз тілдерінің бірін таңдау)
    немесе халықаралық тіл сертификаты;
  2. Білім
    беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест;
  3. Оқуға
    дайындық деңгейін анықтау тесті (қазақ немесе орыс тілінде – талапкердің
    таңдауы бойынша).

Кешенді тестілеудің шекті баллдары:

100 балдық жүйе бойынша:

  • Жалпы
    балл – кемінде 25 балл;
  • Оқуға
    дайындық тесті – кемінде 7 балл;
  • Бейіндік
    пән бойынша тесттер:
  • Бір
    дұрыс жауапты таңдауға арналған – кемінде 7 балл;
  • Бірнеше
    дұрыс жауапты таңдауға арналған – кемінде 7 балл.

 Ақылы негізде ЖОО оқуға қабылдау және
мемлекеттік білім беру тапсырысы (грант) бойынша конкурсқа қатысу баллы: кемінде
75 балл
.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы (грант) бойынша оқуға
қабылдау:

Магистратураның ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша, қазақ
немесе орыс тілінде оқытылатын білім беру бағдарламалары топтарына конкурс
негізінде кешенді тестілеу және/немесе шығармашылық/кіріс емтихандары бойынша
ең жоғары балл жинаған үміткерлер қабылданады.

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы
университетіне 2025–2026 оқу жылына докторантураға түсушілер үшін

ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Докторантураға түсу үшін өтініш беру мерзімі:
Талапкерлер 3 маусымнан 3 тамызға дейін және 25 қазаннан 10 қарашаға дейін ҚР
БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz
сайтында өтініш бере алады.

Кіріс емтиханының нәтижесі бойынша электронды форматтағы
сертификат талапкердің жеке кабинеті арқылы беріледі.

Докторантураға түсуші тұлғалар білім беру бағдарламалары
тобының бейіні бойынша кіріс емтихан тапсырады.

Докторантура бойынша білім беру бағдарламалары топтарына
арналған кіріс емтихандар:

  • 4
    тамыздан 20 тамызға дейін және
  • 19
    қарашадан 11 желтоқсанға дейін өткізіледі.

Барлық білім беру салалары бойынша (қоспағанда
«Денсаулық сақтау» саласын) кіріс емтихандар МОН РК бекіткен
ұйымдардың базасында компьютерлік форматта өткізіледі.

Өтініш беру кезінде талапкер бір ғана жоғары оқу орнын және
бір ғана білім беру бағдарламасын көрсетуі қажет.

Докторантураға түсу үшін талап етілетін шарттар:

  • «Магистр»
    дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай еңбек өтілі болуы тиіс

Мемлекеттік және шетел тілдерін меңгеруді растайтын
сертификаттар:

Мемлекеттік тіл (қазақ тілі):

  • Қазтест
    сертификаты (Ұлттық тестілеу орталығы)
  • Ағылшын
    тілі: International English Language Tests System Academic (Интернашнал
    Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик),
    шекті балл кемінде – 5.0;
  • Test
    of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm
    Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал
    Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті
    балл кемінде – 35 балл;
  • Test
    of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов
    Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ
    АЙТИПИ), шекті балл кемінде – 417;
  • TOEIC
    (Test of English for International Communication (Тест ов Инглиш фо
    Интернейшнал комуникэйшн)), шекті балл кемінде – 550;
  • Duolingo
    English Test (Дуолинго Ингиш тест), шекті балл кемінде – 80;

Ескерту: TOEFL ITP сертификатына ие талапкерлер
ағылшын тілі бойынша қосымша тестілеуден өтуі тиіс. Бұл тест докторантураға
кіріс емтиханына дейін өткізіледі.

Емтихан кестесі мен өткізу тәртібі:

  • Емтихан
    форматы, күні, уақыты, орны және консультациялар туралы ақпарат
    талапкерлерге емтихан басталғанға дейін 3 (үш) күн бұрын жарияланады.
  • Емтихандар
    бейне және (немесе) дыбыс жазу құрылғыларымен жабдықталған аудиторияларда
    өткізіледі.

Нәтижелерді рәсімдеу:

  • Емтихан
    нәтижелері бағалау ведомосы мен комиссия хаттамасы арқылы рәсімделеді.
  • Хаттама
    комиссия төрағасымен және барлық мүшелерімен қол қойылып, қабылдау
    комиссиясының жауапты хатшысына (немесе орынбасарына) тапсырылады.

Түсу емтихандарын өткізу
тәртібі

Магистратураға түсу үшін келесідей құжаттар тапсырылады:

-университет ректорының атына өтініш;

-жоғары оқу орнын бітіргендігі туралы нотариальді
куәландырылған құжаттың көшірмелері;

-кадрлар есебі бойынша жеке парағы және нотариальді
куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;

-КТ сертификаты;

-жеке куәлігінің көшірмесі 2 дана;

-20 беттік файл;

-075-У нысанындағы медициналық анықтама (рентген сурет);

-3×4 көлеміндегі 6 фотосурет;

Докторантураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттар
топтамасын тапсырады:

1) еркін нысандағы өтініш;

2) білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына
тапсырған кезде түпнұсқасы);

3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру
үшін қажет);

4) шетелдік азаматтарды қоспағанда, ҰТО берген мемлекеттік
тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ);

5) шет тілін меңгергенін растайтын сертификат

6) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны
бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;

7) 3×4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;

8) шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;

9) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі
(болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары және эссе;

10) алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық
сақтау» білім саласы бойынша); 4), 5) және 8) тармақшаларда көрсетілген
құжаттар тұпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, салыстыру жүргізілгеннен кейін
түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады. Test of English as a Foreign Language
Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал
тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ) сертификаты бар тұлғалар
докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған
қосымша тестілеуді (бұдан әрі – қосымша тестілеу) тапсырады.

Қосымша тестілеудің тест тапсырмаларының саны 100 сұрақты
құрайды. Ең жоғарғы балл саны 100 балды құрайды. Қосымша тестілеу
«өтті» немесе «өтпеді» деген нысанда бағаланады.
«Өтті» деген бағаны алу үшін кемінде 75 балл жинау керек.

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге
олардың түпнұсқалары да тапсырылады. Түпнұсқалар талапкердің қатысуымен
тексеріледі. Құжаттар тексерілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.
Егер осы тармақта көрсетілген құжаттар толық тапсырылмаса, қабылдау комиссиясы
талапкерден құжаттарды қабылдамайды.

Байланыс ақпараты/ Информация для контакта:

Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Төле би  №32.

Телефон: 8 (7252) 95-25-62

Магистратураға және докторантураға
қабылдау

Магистранттар және докторанттар қатарына қабылдауды қабылдау
комиссиясы жүзеге асырады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу
емтихандарының қосындысында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес бағалаудың 100
балдық шкаласы бойынша 150 балдан кем емес ең жоғары балл жинаған тұлғалар
қабылданады. Шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы
сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарына бағалаудың 100 балдық
шкаласы бойынша ең жоғары балл қосылады.

Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда
қабылдау кезінде басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға
беріледі, мамандық бойынша түсу емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған
жағдайда басым құқық мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша ең жоғары баға
алған тұлғаға беріледі. Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми
жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингілік ғылыми
журналдардағы жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды,
гранттарды тағайындау туралы сертификаттар, ғылыми конференцияларға және
конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар/дипломдар ескеріледі.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистрлер мен
философия докторларын (РhD) мақсатты даярлауға тұлғаларды қабылдау аталған
даярлауға үміткер тұлғалар арасында конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша бағаларды ауыстыру
жүйесі

Бағалаудың 100 балдық шкала бойынша балдар

Бағалаудың 4 балдық шкала бойынша балдар

95-100

Өте жақсы (5)

90-94

85-89

Жақсы (4)

80-84

75-79

70-74

Қанағаттанарлық (3)

65-69

60-64

55-59

50-54

0-49

Қанағаттанарлықсыз (2)

МАМАНДЫҚТАР ТІЗІМІ

Магистратура бойынша білім беру бағдарламалары:

  1. 7М01110
    – Педагогика және психология
  2. 7М01510-
    Математика
  3. 7М01520-Информатика
  4. 7М01530-Химия
  5. 7М01540-Биология
  6. 7М01710-Қазақ
    тілі және әдебиеті
  7. 7М01720-Шетел
    тілі: екі шетел тілі
  8. 7М01610-
    Тарих
  9. 7М04140-Есеп
    және аудит
  10. 7М04110-Экономика
  11. 7М04210-Құқықтану
  12. 7М06210-Радиотехника,
    электроника және телекоммуникациялар
  13. 7М07112-Органикалық
    заттардың химиялық технологиясы

Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі

Білім беру бағдарламасы тобының атауы

Бейінді пәндер

1 бейінді пән

2 бейінді пән

1

M001

Педагогика және психология

Педагогика

Психология

2

М010

Математика педагогтерін даярлау

Математика

Математиканы оқыту әдістемесі

3

M012

Информатика педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын
тілі)

Бағдарламалау

Информатиканы оқыту әдістемесі

4

M013

Химия педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)

Химия

Химияны оқыту әдістемесі

5

M014

Биология педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)

Биология

Биологияны оқыту әдістемесі

6

M016

Тарих педагогтерін даярлау

Қазақстан тарихы

Тарихты оқыту әдістемесі

7

M017

Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Педагогика

Қазақ тілін оқыту әдістемесі

8

M019

Шет тілдері педагогтерін даярлау

Педагогика (қазақ, орыс, ағылшын тілі)

Кәсіби бағытталған шет тілі (ағылшын, француз, неміс
тілдері)

9

M070

Экономика

Кәсіпорын экономикасы

Макроэкономика

10

M073

Аудит және салық салу

Бухгалтерлік есеп негіздері

Аудит

11

M078

Құқық

Мемлекет және құқық теориясы

Ситуациялық кейс (Қазақстан Республикасының заңдарын және
/ немесе халықаралық құқықты қолдану негізінде нақты практикалық жағдайды
кешенді құқықтық талдау)

12

M096

Коммуникация және коммуникациялық технологиялар

Электрлік байланыс теориясы

Радиотехника және телекоммуникация негіздері

13

M097

Химиялық инженерия және процесстер

Бейорганикалық химия

Жалпы химиялық технология

Докторантура бойынша білім беру бағдарламалары:

  1. 8D01110-
    Педагогика және психология
  2. 8D01530-Химия
  3. 8D01540-Биология

Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі

Білім беру бағдарламасы тобының атауы

Бейінді пәндер

1 бейінді пән

2 бейінді пән

1

M001

Педагогика және психология

Педагогика

Психология

2

М010

Математика педагогтерін даярлау

Математика

Математиканы оқыту әдістемесі

3

M012

Информатика педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын
тілі)

Бағдарламалау

Информатиканы оқыту әдістемесі

Толығырақ https://testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-magistraturu-i-doktoranturu/priem-na-obuchenie/perechen-grupp-obrazovatelnykh-programm-s-ukazaniem-profilnykh-distsiplin-kompleksnogo-testirovaniya/

Scroll to Top
Scroll to Top