«Педагогика және психология» кафедрасы

«Педагогика және психология» кафедрасы

Кафедра тарихы

«Педагогика және психология» кафедрасының негізі академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар  достығы университетінің құрамында  2001 жылы қаланған.  Кафедраны әр жылдары п.ғ.к., доцент  Мухамеджанов Т.Қ., п.ғ.д., профессор Дүйсенбаев К.Ә., п.ғ.к., профессор Елтаев Ә.Ж.  сияқты көрнекті ғалымдар, әрі білікті мамандар  басқарған. Қазіргі уақытта кафедраны Макулова А.Ә., басқарады.

Кафедра ОПҚ-ы оқу-әдістемелік, ғылыми-шығармашылық жұмыстарымен  айналысып, студент жастарға тәрбие беру ісін жүзеге асырады.  Кафедрада п.ғ.д., профессор, «ЖОО-ның үздік оқытушысы»  атағының иегері  Омар Е.О., п.ғ.к., профессор Сатбаев К.С., п.ғ.к., доцент Камардинова Ү.О., пс.ғ.к., аға оқытушы және т.б ғылым докторлары мен кандидаттары, магистр- оқытушылар мен оқытушылар еңбек етеді.

Кафедра меңгерушісі
Кафедра меңгерушісі п.ғ.д Омар О.Е
Қызметкерлер тізімі
Кафедраның жетістіктері

Тақырыбы: ғылым интеграциясы. Біздің жетістіктеріміз!

23.04.2021 жылы Ташкент медициналық академиясы өткізген студенттердің Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында 6В01310 – “Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Мехмонова Юлдуз Бекзадовна “Жас қатысушы” номинациясына ие болды!

Жас ғалымдарды кәсіби даярлығы үшін академик А.Қуатбеков атындағы ХДУ ректоры, м.ғ.д., профессор Р.Ә.Қуатбекова және жобаның ғылыми жетекшілері Б.М. атыров пен С.Т.Мамадалиев алғыс хаттармен марапатталды.

Кафедра ұжымы мен студенттер жеңімпазды лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтайды!!!! 💐

Кафедрамыздың магистр аға-оқытушысы Мамадалиев Санжар Талибжанович Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан өткізілген: Қазақстан Республикасы білім беру саласында шығармашыл, тәжірибелі ұстаздық еңбегі үшін «ҮЗДІК ПЕДАГОГ» төсбелгісімен марапатталды. І-дәрежелі диплом иеленді.  Алматы 2019 жыл

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқавтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өрендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арналған жолдауын білім беру ұйымдарының педагогтары ЖОО оқытушылары мен білім алушылары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен  «Қазақстандық ғылым мен білімнің жаһандық бәсекеге қабілетін арттырудың тиімді жолдары» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып жоғары дәрежеде баяндама жасаған үшін кафедрамыздың магистр аға-оқытушысы Мамадалиев Санжар Талибжанович ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталып, Білім саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Қазақстанның білім беру саласының үздігі» атты төсбелгісімен иарпатталды және куәлік берілді.

Кафедрамыздың магистр аға-оқытушысы Мамадалиев Санжар Талибжанович Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан өткізілген Қазақстан қауымдастығының жастар ғалымдарды қолдау мақсатында өткізлген байқауға «SOCIAL ADAPTATION OF YOUNG CHILDREN WITH DISABILITIES IN THE TODDLER GROUP OF THE INTEGRATED SOCIAL SERVICE CENTER» тақырыбында  ғылыми жоба қоғап «Үздік ғылыми жоба 2020» атты төсбелгімен марапатталып куәлік берілді.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

Нормативті құжаттар
Сыртқы байланыс пен үйірмелер

Кафедра  болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында келесі  білім және тәрбие мекемелерімен  оқу,  ғылыми, шығармашылық байланыстарды жүзеге асырады:

  • ЖОО-ры мен ғылыми орталықтар, ұйымдар: Психология Ғылымдарының Халықаралық Академиясы (Ресей, Ярославль қ.), Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті (Өзбекстан, Ташкент қ.). Пенжикент қаласындағы Тәжік педагогикалық институты (Тәжікстан, Пенжикент қ.), Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ.), М.Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті (Шымкент қ.), Аймақтық-әлеуметтік инновациялық университет (Шымкент қ.) және т.б.
  • Жалпы білім беретін орта мектептер: №35,27,69,39,56,36,38,113,81,45,97, «Қызылқұм», «Манкент», Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп (Шымкент қ.);
  • Колледждер: “Отырар” колледжі; “Парасат” колледжі (Шымкент қ.).
  • Балабақшалар: Нұрлан», «Керемет Оңтүстік», «Сымбат-ай», «Ұлмерей», «Алтын балапан» (Шымкент қ.);
  • Арнайы мекемелер: «Сайрам көмекші мектеп-интернаты», «Бірегей чемпион»   (Шымкент қ.);

Каферада студенттерді ғылымға баулитын «Жас педагог» және  «Жас психолог» үйірмелері  жұмыс істейді. 

Іс-тәжірибе

Болашақ педагог мамандардың теориялық білімдері мен практикалық тәжірибелерін ұштастыратын негізгі форма – педагогикалық іс-тәжірибе. Студенттердің іс-тәжірибесі жоғары оқу орындарында теориялық оқу барысында алған білімін нығайтуға және алдыңғы қатарлы тәжірибелерді меңгеруге бағытталған. Болашақ маманға университет қабырғасында білімділік және кәсіптік бәсекелестікке төтеп бере алатын өз мамандығына ыңғайлы, қабілетті, ерекше педагогикалық қасиеттерді қалыптастыру қажет. Педагогикалық іс-тәжірибенің алатын орны ерекше, өйткені қазіргі студент – болашақ ұстаз өзінің бейімділігін, шеберлігін, ыңғайлылығын, алған теориялық білімдерін мектеп өмірімен байланыстырып отырғанда ғана жүзеге асырады. Тек сонда ғана мұғалімге тән педагогикалық шеберлікке, іскерлікке жетуге жол ашылады.

«Педагогика және психология» кафедрасының оқу жоспары мен 2020-2021 оқу жылының кестесіне сәйкес 5В010500 «Дефектология» білім беру бағдарламасы бойынша  күндізгі  3 курс студенттері 18.01.-12.02.2021 ж   аралығында  педагогикалық  іс-тәжірибесінен  Шымкент қ-сы ББ «Қосалқы мектеп-интернаты» КММ, №17 «Достық» тірек қозғалыстары бұзылған балалардың коррекциялық балабақшасы КММ, №37 «Айгерім» психикалық дамуы  бұзылған балалардың коррекциялық балабақшасы КММ мекемелерінде   өткені жайлы қорытынды конференцияда есеп берді.

Мамандықтар тізімі

Кафедрада  6  мамандық  бойынша «білім бакалаврлары», 1 мамандық бойынша  «білім магистрлері»  даярланады:

6В01210- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

6В01210- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша білім бакалаврларының кәсіби қызмет нысандары: мектепке дейінгі мекемелердің түрлі типтері мен түрлері, шағын және дамытушы орталықтар, отбасылық балабақшалар, мектеп – балабақша, педагогикалық колледж, білімді басқару департаменті, білімді жетілдіру институты болып табылады.

6В01310-«Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

6В01310-«Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім бакалаврларының кәсіби қызмет нысандары: білім беру ұйымдары (жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысы, педагогикалық колледждер, білім жетілдіру және педагогикалық кадрларды қайта даярлау институттары, білім департаменттері) болып табылады.

6В01110-«Педагогика және психология»

6В01110-«Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім бакалаврларының кәсіби қызмет нысандары: мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мекемелерінің барлық типтері (шағын-орталықтар, бала-бақшалар), жалпы білім беретін орта мектеп жүйесі, оның ішінде лицейлер,гимназиялар, шағын жинақты мектептер, санаторийлық мектептер, спорт мектептері, балалар үйі; арнайы түзету мекемелері (ақыл-ойы және дене дамуында кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерге арналған сыныптар мен мектеп-интернаттар), бастапқы кәсіби білім беру мекемелері (лицейлер), орта кәсіби білім беру мекемелері (колледж, училищелер).

6В01910– «Дефектология»

6В01910– «Дефектология» мамандығы бойынша  білім бакалаврларының кәсіби қызмет нысандары: мемлекеттік және жеке меншік жалпы білім беру мекемелері; арнайы мектепке дейінгі мекемелер және мектептер; оңалту орталықтары; түзету кабинеттері; ПМПК; ерте жастағы балаларға көмек көрсету кабинеттері; әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау, ғылыми – зерттеу ұйымдары.

6В01420 – «Музыкалық білім»

6В01420 – «Музыкалық білім» мамандығы бойынша  білім бакалаврларының кәсіби қызмет нысандары: жалпы білім беретін мекемелердегі (мектептердегі,  лицейлердегі,  гимназиялардағы және  т.б.) «музыка» пәні, сыныптан тыс музыкалық – тәрбиелік ұйымдастырушылықты насихаттау жұмыстары.

65В01450 –«Кәсіптік білім»

65В01450 –«Кәсіптік білім» мамандығы бойынша білім бакалаврларының кәсіби қызмет нысандары: кәсіби білім беру педагогы, еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мұғалімі, үйірмелер жетекшісі, орта және кәсіби мектептердегі, колледждердегі, лицейлердегі жұмысшы мамандықтар кешені бойынша арнайы технологиялардың жалпы техникалық пәндер оқытушысы, ведомстволық меншіктілігі мен меншік нысанына қарамастан, жоғары және орташа кәсіби білім беру жүйесіндегі өндірістік білім беру шебері, бірінші санатты техниктің бастапқы қызметтері, кіші ғылыми қызметкерлер, инженер-зертханашылар,  жұмыс тәжірибесіне талап қойылмайтын ғылыми-зерттеу мекемелеріндегі, конструкторлық және жобалық ұйымдардағы инженерлер.

7М01110-«Педагогика және психология»

7М01110-«Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім магистрлерінің кәсіби қызмет нысандары: білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие үрдісіне психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, білімдік үрдісті ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету, білім беру мекемесіндегі ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет, әлеуметтік-педагогикалық әрекет, осы бағыттағы бітірушілерге қатысы бар ЖОО-ындағы педагогикалық колледждердегі, мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі білім беру мекемесіндегі оқу-тәрбиелік қызмет.

8D01110 - «Педагогика және психология»

Біліктілігі: “Педагогика және психология” мамандығы бойынша философия докторы (PhD)

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім беру мақсаттары:

8D01110-Педагогика және психология мамандығы бойынша білім алушыларды даярлаудағы білім беру бағдарламаларының негізгі мақсаты:

докторанттарды даярлау деңгейіне қойылатын міндетті талаптарды сақтай отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің жоғары сапасына қол жеткізу;
докторанттар даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары жұмысының тиімділігін бақылау жүйесін құру;
докторантурада білім алушылардың құқықтары мен жауапкершілігін реттеу, докторанттарды өз бетінше білім алуға, ғылыми-зерттеу және кәсіптік қызметке ынталандыру;
Қазақстан Республикасының “философия докторы” (PhD) және “бейіні бойынша” докторы академиялық дәрежесін тағайындау туралы құжаттарды халықаралық білім беру кеңістігінде және еңбек нарығында тануды қамтамасыз ету.

Біліктілігі:

— ой-өрісі кең және ойлау мәдениеті жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы базалық білімді меңгеру;

— білім беру саласындағы “Педагогика және психология” бойынша міндеттерді тұжырымдау және мінез-құлықты ажырата білу, педагогикалық қызмет шеңберінде ақпараттық технологияларды пайдалана білу, зерттеу қызметін табысты жүзеге асыра білу;

— кәсіби қызметте қажетті жаңа білім алу және біліктілікті арттыру үшін білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру;

Құзыреттер:

“Педагогика және психология” PhD докторларының болашақ мамандарының құзыреттері жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес болуы тиіс, атап айтқанда:

психологиялық-педагогикалық диагностиканы жүргізуде және педагогикалық жағдайларды жобалауда құзыретті болу;
психологиялық-педагогикалық мәселелерді шешуде, оқытудың оңтайлы тәсілдерін таңдауда және ұтымды әдістерді қолдануда шығармашылық көзқарас таныту;
кәсіби тәжірибені зерттеу және жинақтау;

Scroll to Top