“Қазақстан жастарының “Алтын кітабы” атты республикалық байқауы
Академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің 5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша 4 курс студентін Шымкент қаласы білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен студенттік пікірталасқа «Үздік ұшқыр ой иесі» номинациясы бойынша диплом алғаны үшін құттықтаймыз. Университетте алған мақсаттылық пен берік білімнің арқасында сіз міндетті түрде жетістікке жетесіз деп сенеміз.
Үздік педагог – 2019
2019 жылдың қазан айында біздің кафедраның оқытушы-профессорлары биік белестерді бағындыра отырып, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Білім-өркениет» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «Үздік педагог – 2019» республикалық байқауға қатысып, 1-ші дәрежелі диплом және «Үздік педагог – 2019» төсбелгісімен филология ғылымдарының кандидаты Лауланбекова Роза Тәліпбайқызы мен магистр, аға оқытушы Дуйсембаева Меруерт Елесханқызы марапатталды.
2000 жылы қыркүйек айында « Филология»кафедрасы құрылды. 2016 жылдың мамыр айынан бастап «Филология және тілдер каферасы» , 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап атауы «Филология»кафедрасы болып өзгертілді. Филология кафедрасы дайындайтын 6В01710 – Қазақ тілі мен әдебиеті, 7М01710-Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламалары 2018 жылы Халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден (АРТА ) 5 жылға өткен.
Өзіндік ерекшеліктерімен танымал «Филология» кафедрасы Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің үздік кафедрасы екендігі жалпыға мәлім.
«Филология» кафедрасында оқу қашан да үлкен мақтаныш болған. Мұнда талапкерлер мен ата-аналардың үміттері ақталып,армандары орындалады.
6В01710- Қазақ тілі және әдебиеті,7М01710- Қазақ тілі және әдебиеті, 6В01720- Орыс тілі және әдебиеті білім бағдарламасын бітірген кешегі бакалавр, магистр бүгінгі мекеме басшысы, аудармашы, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері,колледж,мектеп мұғалімдері -бәрі де бір-бір тұлға, білікті маман, халқының қалаулылары, елінің елеулілері. Бұл кафедра мәртебесін қалып-тастырудағы басты фактордың бірі. Кафедрада ЖОО-ның бірегей интеллектуалдық әлеуетінен хабар беретін ғалымдар шоғырланған. Жоғары білікті оқытушы-профес-сорлар қызмет атқарады. Қазіргі таңда кафедрада 4 ғылым докторы, 26 ғылым кандидаты, 8 магистр, 5-аға оқытушы,практик мамандар, 1-оқытушы қызмет атқарады. Білім және ғылым министрінің Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ыбырай Алтынсарин» белгісінің, ҚР Ұлттық бизнес рейтингінің қорытындысы бойынша «Ұжым мақтанышы» медалінің, Республикалық «Ынтымақ жолы» қоғамдық қорының шешімімен еселі еңбегі үшін «Тұлға тағлымы 100 есім»медалінің, «BILIM ORKENIETI» ұлттық инновациялық зерттеу орталығының Білім саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Жылдың жүз үздік қазақ тілі пәні мұғалімі» төсбелгісінің, Ресей Жаратылыстану Академиясының «Білім және ғылымға еңбек сіңірген қызметкері», Құрметті атағының, «Білім көшбасшысы» төсбелгісінің, «Білім беру ісінің үздігі», «Тәуелсіздікке 25 жыл», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалінің иегерлері қызмет атқарады.
Кафедра– қазақ, орыс тілдерін оқып-үйрету, оны зерттеу саласын құрайды .
Кафедраның ерекше сипаты: Әдеби шығармашылық және тіл, орыс тілі бойынша мамандандырылған Академик Ә.Қуатбеков атындағы бірден-бір білім, ғылым және тәрбие саласын дамытуды қолға алған кафедра.
Кафедраның миссиясы: Әдеби шығармашылық, тіл білімі саласында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде бәсекеге қабілетті мамандардың қалыптасуы мен кәсіби орнығуын қамтамасыз ету.
Кафедраның міндеті:
- инновациялық бағытта қолданбалы және іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту;
- білім алушылардың академиялық ұтқырлығын жоғарылату.
- тіл теориясы, әдебиет тарихы мен сыны, әдеби шығармашылық, тіл білімінің саласында ғылыми-зерттеулер жүргізу;
- тіл теориясы, әдебиет тарихы мен сыны, әдеби шығармашылық, тіл білімінің саласында оқытушы-профессорлардың кәсіби біліктілігін жетілдіру;
- қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарына сай тілші, әдебиетші мамандарды дайындау;
- мәдениетаралық коммуникация бойынша оқу үрдісін қазіргі заманғы инновациялық деңгейде ұйымдастыру;
- оқытушылардың ғылыми біліктілігін шетелдік ЖОО-да ғылыми іс-тәжірибе, ізденушілік,тағылымдама арқылы арттыру.
https://udn.edu.kz/kk/2018/04/23/%D0%B1%D1%96%D0%B7-%D0%B4%D0%B0%D0%B9%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D2%93%D0%B0%D0%BD-%D0%BC%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%80/
Фамилиясы: Қайырбекова
Аты: Ұлбосын
Әкесінің аты: Серікқызы
Туылған күні, жылы: 20.03.1968ж.
Білімі: Жоғары
Білімі туралы мәлімет: Қ.А.Иассауи атындағы ХҚТУ-нің филология факультеті, мамандық: қазақ тілі мен әдебиеті, 1994ж.
1998 жылы Қ.А.Иасауи атындағы ХҚТУ «Қазақ тілі» -10.02.02 мамандығы бойынша аспирантураны бітірген.
Қызметі: Филология және тілдер кафедрасының меңгерушісі
Жалпы еңбек және педагогикалық өтілі: 23 жыл
Ғылыми дәрежесі: Филология ғылымдарының кандидаты
Жетістіктері: 2006 жылы 10.02.02 мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған. Қазақстан Республикасы ОҚО «Құрмет-АБ» Қоғамдық бірлестігінің 1-тамыз 2013 жылғы №01-0003 шешімімен «Білім беру ісінің үздігі» медалімен, 8-қыркүйек 2016 жылғы №01-0010 шешімімен «Тәуелсіздікке 25 жыл» медалімен марапатталған.
Ғылыми жарияланымдары: Алыс, жақын шетелдік басылымдарда, халықаралық, республикалық, аймақтық конференция материалдарында 100-ден аса ғылыми мақалалары, Импакт-фактор журналында 6 мақаласы ,1 монографиясы, 8 оқу құралы, 2 оқу-әдістемелік құралы, 2 әдістемелік нұсқауы, 1 лекциялар жинағы жарық көрген.
Әдеби шығармашылық және тіл, шетел тілі, орыс тілі,аударма ісі бойынша мамандандырылған ҚИПХДУ-гі бірден-бір білім, ғылым және тәрбие саласын дамытуды қолға алған кафедра. Аударма және әдеби шығармашылық, тіл білімі саласында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде бәсекеге қабілетті мамандардың қалыптасуы мен кәсіби орнығуын қамтамасыз ету. (ғылыми-педагогикалық бағыт) Филология және тілдер кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақстандағы заманауи филология ғылымының өзекті және болашағы бар бағыттарына байланысты : 1.«Қазақ әдеби сынының тарихы және жанрлық түрлері» Мемлекеттік тіркеу №0112РК00082, 2.«Қазіргі таңдағы филологияның өзекті мәселелері» Мемлекеттік тіркеу №0113РК00016, 3.«Білім саласындағы үш тұғырлы тіл халықаралық білім үдерісіне өтудің негізгі қайнар көзі» Мемлекеттік тіркеу №0116РК00186, 4.«Тіл білімінің бүгіні мен болашағы» Мемлекеттік тіркеу №0117РК 210059. Кафедра оқытушы-профессорлары мемлекеттік тіркеуден өткен жоғарыда көрсетілген тақырыптар бойынша қолданбалы,іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді 1.Филология ғылымдарының кандидаты,доцент Қайырбекова Ұлбосын Серікқызы Алматы қаласындағы Мемлекеттік тілді дамыту институтында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің мемлекеттік тапсырысымен ғылымды 2015-2017 жылдары гранттық негізде қаржыландыру аясында зерттеліп жатқан «Ана тілін меңгеру модельдері (Бала тілінің модельдері)»атты тақырып бойынша келісім-шарт негізінде ғылыми қызметкер ретінде жұмыс атқарады. 2.Филология ғылымдарының кандидаты,доцент Ақкөзов Әбдіжәлел Әбутәліпұлы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің мемлекеттік тапсырысымен ғылымды 2012-2014 жылдары гранттық негізде қаржыландыру аясында «Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар» атты тақырыпта орындалған ғылыми жоба жетекшісі. Грант иегері. 3.Филология ғылымдарының кандидаты,доцент Әліпхан Мақсат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің мемлекеттік тапсырысымен ғылымды 2017-2019 жылдары гранттық негізде қаржыландыру аясында «Абайдың толық адамы» атты тақырыпта орындалатын ғылыми жоба жетекшісі. Кафедра алыс және жақын көптеген елдердің жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтарымен қарым-қатынас орнатқан. Кафера алыс,жақын шет елдердің және Қазақстанның жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу орталықтарымен мына бағытта жұмыс жүргізеді: а) жоғары білімді мамандар даярлау; ә) ғалым-педагогтар даярлау; б) біліктілік жетілдіру; в) ғылыми-зерттеу жүргізу; г) ғылыми-зерттеу нәтижелерін жариялау; д) ғылыми конференциялар өткізу, т.б. – Кафедра Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетімен; – Өзбек мемлекеттік Әлем тілдер университетімен; – Ресей Білім академиясымен; – әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен; -М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен; – Оңтүстік Қазақстан мемлеттік педагогикалық институтымен; – Аймақтық әлеуметтік- инновациялық университетімен; – Мемлекеттік тілді дамыту институтымен; – Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың Республикалық үйлестіру- әдістемелік орталығымен; – А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтымен және т.б. жоғары оқу- орындарымен келісім- шартқа отырған.
Мамандық шифры
Мамандық
Оқу мерзімі
Біліктілігі
Бакалавр
5B011700
Қазақ тілі мен әдебиеті
4 жыл
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім бакалавры
5B011800
Орыс тілі мен әдебиеті
4 жыл
Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім бакалавры
5B011900
Шет тілі: екі шет тілі
4 жыл
Шет тілі:екі шет тілі мамандығы бойынша білім бакалавры
5В020700
Аударма ісі
4 жыл
Аударма ісі мамандығы бойынша гуманитарлы білім бакалавры
Магистратура
6M020500
Филология
2 жыл
Гуманитарлық ғылымдар магистрі
6М011700
Қазақ тілі мен әдебиеті
2 жыл
Педагогика ғылымдарының магистрі
6М020700
Аударма ісі
2 жыл
Гуманитарлық ғылымдар магистрі
6М011900
Шет тілі:екі шет тілі
2 жыл
Педагогика ғылымдарының магистрі
-
- 3 лингафонды кабинет;
-
- 2компьютерлік кабинет;
-
- қазақ тілі мен әдебиеті кабинеттері;
-
- ағылшын тілі кабинеттері;
-
- Абай дәрісханасы;
- орыс тілі мен әдебиеті кабинеті студенттер игілігі үшін қызмет көрсетеді.
Кафедра мекен-жайы: Төлеби-32, 404–Б каб., филология кафедрасы.
Телефоны: 144, Email: Tilder 1101@mail.ru