Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті 2023-2024 оқу жылына төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының (грантын) бөлінгендігін хабарлайды.
🖥️2023 жылғы докторантураға түсу емтиханына өтініштерді қабылдау www.app.testcenter.kz сайтында 3 тамызға дейін жүргізіледі.
• Өтініш беру кезінде тек ТЕСТІЛЕУ ОРНЫН (ҚАЛАСЫН) таңдай аласыздар.
📌Ал тест тапсыру күні, уақыты, мекенжайы туралы ақпарат 9 тамызда Жеке кабинетіңіздің «Менің іс- әрекетім» бөлімінде ұсынылады.
📍Айта кетейік, сіздерге өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 3 тамызға дейін білім беру бағдарламаларының тобына, тест тапсыру тілі мен орнына (қаласына) өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.
+ДТЕ-ға қатысу құны 21 072 теңгені құрайды.
МАҢЫЗДЫ:
1. TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар ДТЕ басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді (қосымша тестілеу) тапсырады. Қосымша тестілеуді өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат ағымдағы жылғы 4 тамызда түсушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Қосымша тестілеуге қатысу құны 14 162 теңгені құрайды;
2. Былтырдан бастап түсушілер міндетті түрде ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы керек;
3. Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген адамдар қабылданады;
4. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл 75-ті құрайды.
ҚҰРМЕТТІ ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУШІЛЕР!
2023 жылғы докторантураға түсу емтиханына өтініштерді қабылдау www.app.testcenter.kz сайтында 3 тамызға дейін жүргізіледі.
• Өтініш беру кезінде тек ТЕСТІЛЕУ ОРНЫН (ҚАЛАСЫН) таңдай аласыздар.
Ал тест тапсыру күні, уақыты, мекенжайы туралы ақпарат 9 тамызда Жеке кабинетіңіздің «Менің іс- әрекетім» бөлімінде ұсынылады.
Айта кетейік, сіздерге өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 3 тамызға дейін білім беру бағдарламаларының тобына, тест тапсыру тілі мен орнына (қаласына) өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.
ДТЕ-ға қатысу құны 21 072 теңгені құрайды.
💡МАҢЫЗДЫ:
1. TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар ДТЕ басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді (қосымша тестілеу) тапсырады. Қосымша тестілеуді өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат ағымдағы жылғы 4 тамызда түсушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Қосымша тестілеуге қатысу құны 14 162 теңгені құрайды;
2. Былтырдан бастап түсушілер міндетті түрде ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы керек;
3. Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген адамдар қабылданады;
4. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл 75-ті құрайды.
- Сұхбаттасу кестесі 2023
- Сұхбаттасу бағдарламалары 8D01550 және 8D01540
- 8D01110- Педагогика және психология бойынша емтихан сұрақтары
- 8D01110-Педагогика және психология бойынша сұхбаттасу бағдарламасы
- 8D01550-Биология және 8D01540-Химия емтихан бағдарламалары
- 8D01110- Педагогика және психология бойынша емтихан бағдарламасы
Магистратураға жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады.
Құжаттарды қабылдау және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыруды қабылдау комиссиясы жүргізеді.
Магистратураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттарды тапсырады:
1. Ректор атына өтініш
2. Жоғары білімі туралы құжаты /түпнұсқа/
3. Жеке бас куәлігінің көшірмесі
4. 3×4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет
5. 075/у формасындағы медициналық анықтама
6. Шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (бар болған жағдайда)
7. Еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғаларға)
8. Ғылыми және ғылыми- әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).
Шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (ағылшын, француз,
неміс):
ағылшын тілі: IELTS Academic(АЙЛТС) / International English Language Tests System
Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик), шекті балл-кемінде
6,0;
Test of English as a foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш
аз А Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг ПРОГРАММ) Internet-based Test (Интернет
бейзид тест) (TOEFL IBT( ТОЙФЛ АйБИиТи), шекті балл-кемінде 60;
TOEFL PBT (тест ов Инглиш аз А Форин Лангудж пэпер бэйсед тэстинг) test of English
as a foreign Language Paper – based testing, шекті балл-кемінде 498;
неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрю фун
Фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau С1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун)
(NiveauC1/С1 деңгейі);
француз тілі: test de Franzais International™ – тест де Франс Интернасиональ (TFI
(TFI) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес), Diplome d ‘ Etudes
en langue franzaise – Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (DALF), B2 деңгей), Diplome
Approfondi de Langue franzaise – диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (diplome Approfondi
de langue franzaise DALF (DALF), C1 деңгей), test de connaissance du FRANZAIS – тест де
коннэссанс дю Франс (TCF (ТСФ) – кемінде 50 балл).
Докторантураға «магистр» академиялық дәрежесі бар тұлғалар қабылданады.
Докторантураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттарды тапсырады:
1. Ректор атына өтініш
2. Білімі туралы құжаты / түпнұсқасы/
3. Жеке басын куәландыратын құжат
4. Шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат
5. 075/у формасындағы медициналық анықтама
6. 3×4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет
7. Жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке
іс парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат
8. Соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі
(ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар)
Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес
шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаты:
ағылшын тілі: IELTS Academic(АЙЛТС Академик) / International English Language
Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) шекті
балл-кемінде 5,5;
Test of English as a foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз
А Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг ПРОГРАММ) Internet-based Test (Интернет
бейзид тест) (TOEFL IBT( ТОЙФЛ АйБИиТи), шекті балл-кемінде 46;
TOEFL PBT (тест ов Инглиш аз А Форин Лангудж пэпер бэйсед тэстинг) test of English
as a foreign Language Paper – based testing, шекті балл-кемінде 453;
неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун
фюр дейн хохшулцуган) (DSH, NiveauВ2/В2 деңгей), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун)
(Niveau В2/В2 деңгей);
француз тілі: test de Franzais International™ – тест де Франс Интернасиональ (TFI
(TFI) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес), Diplome d ‘ Etudes
en langue franzaise – Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (DALF), B2 деңгей), Diplome
Approfondi de Langue franzaise – диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (diplome Approfondi
de langue franzaise DALF (Далф), В2 деңгей), test de connaissance du FRANZAIS – тест де
коннэссанс дю Франс (TCF (ТСФ) – кемінде 75 балл).
Шетелдіктерді қоспағанда, магистратураға және докторантураға түсуші Қазақстан Республикасының азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар түсу емтихандарын:
1) таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс);
2) мамандықбойыншатапсырады.
Магистратураға және докторантураға түсуші шетел азаматтары түсу емтихандарын:
1) мемлекеттік немесе орыс тілдері бойынша (оқытутілі);
2) мамандық бойынша тапсырады.
Магистратураға және докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезінде мамандықтарбойынша емтихан комиссиялары құрылады.
Мамандық бойынша емтихан комиссиясы тиісті мамандықтар бойынша ғылыми дәрежесі бар қызметкерлерінен қалыптастырылады.
Мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойынша өткізіледі.
Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Бірыңғай талаптарды сақтауды және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету мақсатында апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляцияға берілетін өтінішті магистратураға және докторантураға түсуші тұлға апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия өтініш берген күннен бастап бір күн ішінде қарастырады.Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
Магистранттар және докторанттар қатарына қабылдауды қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу емтихандарының қосындысында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша 150 балдан кем емес ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады. Шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарына бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша ең жоғары балл қосылады.
Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі, мамандық бойынша түсу емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингілік ғылыми журналдардағы жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар, ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар/дипломдар ескеріледі.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистрлер мен философия докторларын (РhD) мақсатты даярлауға тұлғаларды қабылдау аталған даярлауға үміткер тұлғалар арасында конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша бағаларды ауыстыру жүйесі
Бағалаудың 100 балдық шкала бойынша балдар | Бағалаудың 4 балдық шкала бойынша балдар |
95-100 | Өте жақсы (5) |
90-94 | |
85-89 | Жақсы (4) |
80-84 | |
75-79 | |
70-74 | Қанағаттанарлық (3) |
65-69 | |
60-64 | |
55-59 | |
50-54 | |
0-49 | Қанағаттанарлықсыз (2) |
Докторантура мамандықтар тізімі:
- 8D01110 – Педагогика және психология
- 8D01540- Биология
- 8D01520- Информатика
- 8D01530 – Химия
Магистратура мамандықтары:
7М01110 – «Педагогика және психология
7М01520 – Информатика
7М01530 – Химия
7М01540 – Биология
7М01610 – Тарих
7М01710 – Қазақ тілі мен әдебиеті
7М01720- Шетел тілі: екі шетел тілі
7М02310 – Аударма ісі
7М04210 – Құқықтану
7М04110- Экономика
7М06210 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
7М07110 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы