«Мұнай және құрылыс өндірістері» кафедрасы

Жаңалықтар

Ғылым күні

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында ғылым дамуы жалғасуда. Бұған мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлінуде, өйткені ғылымның дамуы елдің және азаматтардың әл-ауқатының сәтті дамуы мен өсуінің кепілі болып табылады.

Осыған орай, «Мұнай және құрылыс өндірістері» кафедрасында «Ғылым күніне» орай профессор-оқытушылар құрамы бас қосып ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысын және де болашақта жасайтын ғылыми-зерттеу жұмыстарды талқылады.

Кафедра бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына жауапты т.ғ.к., доцент Медеуов А.Т. сөз сөйледі

  1. Бүгінгі таңда ғылым саласындағы елеулі өзгерістерді байқауға болады. Ғылыми қызметті ынталандыруға бағытталған маңызды мемлекеттік шараларды атап өткен жөн. Соңғы жылдары жалпы ғылымды қаржыландыру ұлғайды, ғылымды қаржыландырудың 3 нысаны енгізілді: базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы. Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі қызметті ерекше атап өткен жөн.
  2. Университетіміздің  ғылыми-зерттеу қызметінің бағыттары университеттің миссиясына және стратегиялық даму жоспарына толығымен сәйкес келеді. Университеттің 20 жылдық тарихында қалыптасқан білім беру саласындағы ғылыми мектептерге сәйкес және сапа саласындағы бекітілген саясат пен мақсаттар аясында: ұлттық тәрбие және техникалық  білім беру, білім беруді цифрландыру, инклюзивті білім беру, оқытудың инновациялық әдістері, оның ішінде көптілді білім беру, латын графикасын оқыту және педагогикалық ғылымның басқа да бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер басым болып табылатының атап өтті.

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы Университетінің ректоры, Түркістан облысы маслихатының депутаты Қуатбекова Рабиға Абімұсақызының 50-жылдық мерей тойына «Мұнай және құрылыс өндірістері» кафедрасының тартуы. Суретте солдан оңға қарай: кафедра меңгерушісі –Рысбеков Марат, Қазақстан Дизайнерлер Одағының мүшесі, суретші-дизайнер Көпжасарұлы Егізбай, портреттің орындаушысы кафедраның аға оқытушысы суретші Абдураев Жанғали.

«АКАДЕМИК А.ҚУАТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ », «МжҚӨ» кафедрасының меңгерушісі М.Т.Рысбеков «Құрылыс», «Дизайн», «Бейнелеу өнері жыне сызу» мамандықтары студенттерімен Көрме орталығында өткен «ҚҰРЫЛЫС» көрмесіне қатысып қайтып, көрмеден алған әсерлерімен студенттермен бөлісті.

Кафедра тарихы

Қазақстан мұнай және газды өндіру мен өңдеуден дүние жүзінде 10 алдыңғы қатарлы елдердің тізімінде. Сондықтан өндіріске жоғары сапалы мамандар дайындаудың  қажеттілігі туындады. 390640- “Мұнай, газ және көмірдің химиялық технологиясы” мамандығы бойынша 21.12.2000 жылы Қазақстан Республикасы  ”Білім және ғылым министрлігінің” біздің университет жанында маман кадр дайындауға №0000381 лицензиясы берілген. Осы мамандық студенттері 2000 жылдан бастап кафедрада оқытыла бастады. Алғашқыда ”Информатика және техникалық пәндер” кафедрасын ғылым кандидаттары, доцент Құттыбай  Әлімбаев 2001 жылы химия ғылымдарының докторы, профессор  Қалдыгөзов Еркінбек, 2002 жылы доцент Кеделбаев Бақытжан, ал ”Химия және химиялық өндірістер технологиясы” кафедрасын 2003 жылы профессор Бақтыбаев Өмірәлі басқарды.

2004/2005 оқу жылының басында кафедраға меңгеруші болып, х.ғ.к., профессор Керімбеков Сапарәлі тағайындалды және кафедра аты “Мұнай және газдың технологиясы” деп қайта өзгертілді. Осы жылы 390640 – “Мұнай, газ және көмірдің химиялық технологиясы” мамандығы  бойынша 44 студент бітірді. Олардың арасынан, күндізгі бөлім студенті Ажиева Динараға мемлекеттік аттестациялау комиссиясының шешімімен үздік диплом берілді.

2006/2007 оқу жылы  кафедра жанынан екінші 050729 ”Құрылыс” мамандығы ашылып  жаңа профессор-оқытушылармен толықтырылды: құрылыс инженерлері   т.х.к., доцент Жарасов А.М.;т.ғ.к., доцент Есимов Е.;  т.ғ.к.,доцент ,т.ғ.к., аға оқытушы Алдияров Ж.А.   және т.б.

Кафедрада мұнай-газ өңдеу саласында белгілі ғалым және өндіріс басшысы, химия ғылымдарының докторы, профессор, ”Петро Казахстан Ойл Продактс” ААҚ-да қызмет ететін Еркінбек Қалдыгөзов.  ”Отын және газ химия технологиясы” пәнінің авторы, 200 астам ғылыми еңбектер жариялаған, 20 авторлық куәліктер мен патенттер алған, техника ғылымдарының докторы, профессор Т.О.Омаралиев.  Өндірістік тәжірибесі мол ”Южполиметалл” ЖАҚ кіші мұнай өңдеу зауытын жобалап салған және сонда бас технолог  қызметін атқарған, Бадам , Маятас, Манкент жобасын жасаған және Қызылорда кіші мұнай өңдеу зауыттарын салған аға оқытушы Ержанов Д.С. т.б. профессор-оқытушылар кафедрада мамандық пәндерінен студенттерімен сабақ өткізіп, теориялық білімді өндірістік процестермен жалғастырып қызмет атқаруда.  Кафедрада ғылым академиясының корр. мүшесі т.ғ.к., профессор Ханходжаев Ш  көп  жылдан бері студенттерге дәріс оқуда .

2009/2010 оқу жылында 050729 «Құрылыс» мамандығы  Шымкент қаласындағы «Оңтүстік өндіріс құрылыс сервис» ЖШС- мен тығыз байланыста болып, өндіріс директоры т.ғ.д., профессор Құртаев С.А. және өндіріс бастығы аға оқытушы Есмұрзаев С.  студенттердің алған білімін құрылыс орнындағы зертханада тәжірибе жүзінде нығайтады.

2009/2010оқу жылында  050721 «ОЗХТ» мамандығы жас ғалым аға оқытушы Д.Р. Төртбаевамен толықтырылды.  Д.Р. Төртбаеваның 18 ғылыми мақаласы жарық көрген  және  25.03.2007 ж   №2007/0385.1   «Катализатор для получения циклогексана» атты иновациялық патенті жарық көрген.

2010/2011 оқу жылында кафедра меңгерушісі Д.Р. Төртбаева тағайындалды.

2010-2011- оқу жылында кафедрада  «Дизайн» саласы бойынша «Сәулеттік дизайн»  мамандығы   ашылды. Мамандық бойынша құрылыс өндірісі және дизайнға талдау жүргізе білетін, өндірістік- технологиялық, сәулеттік дизайнда жобалау және білім  беру мекемелеріне мамандар  дайындау көзделген.  Кафедра жаңа мамандармен толықтырылды: п.ғ.к., доцент    Павловский А.Л.,   оқытушы Құлтасов Д.,оқытушы Тұңғатаева А., аға оқытушы Умиралиев М. және т.б.

2011-2012 оқу жылынан бастап  профессор Ш. Ханходжаев кафедра меңгерушісі қызметін атқаруда.

2013-2014 оқу жылында кафедра аты «Мұнай және Құрылыс өндірістері »  болып өзгертілді  .Кафедрада 6В07120 – «Химическая технология органических веществ», 6В07320 – «Құрылыс», 6В02110 – «Дизайн» ммандықтары бойынша бакалавр бағдарламасымен, 6М072100 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» ма мандығы бойынша  магистратура  бағдарламасымен мамандар даярлануда

2014-2015 оқу жылында  кафедра жаңа корпусқа көшіп .Кафедра қарамағына мамандық студенттері  мен магистранттарының ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін  зертханалық қондырғылармен, құрал- жабдықтармен, гипстен жасалынған мүсіндермен , мольберттермен  қамтамасыз етілген (5  зертхана: мұнай химия, мұнай технология лабораториясы, құрылыс өндірістері тенологиясы, геодезия  және геотехника ) зертханалар және дәрісханалар  (№401 «Органикалық  заттардың химиялық технологиясы»  дәрісхана,№402 «Сызба геометрия және инженерлік графика» дәрісхана, №403 «Мұнай және газ технологиясының дипломдар және курстық жобалау  » дәрісхана, №404 «Дизайн» дәрісхана, №406 «Құрылыс курстық және диплом жобалау» дәрісхана, №408 «Құрылыс технологиясы және Реконструкциялау »дәрісхана, №409 Т.Омаралиев атындағы дәрісхана  )  бөлінді.

Мамандық студенттері өндірістік іс-тәжірибеден   ЖШС «БЕБ Ойл», ЖШС «Stratus oil », ЖШС «Сейхун»,  ЖШС «Постскриптум», ЖШС «Айгер», ЖШС «АСО-Ойл»,  ЖШС «Құрылыс сервис», ЖШС «КазТрансСпецСтрой», АО «СМУ Шымкентгазмонтаж»,

 ЖШС «Арк-Комплекс»,  ЖШС «Купол»,  ЖШС «СитиИнженеринг»,  ЖШС «ПетроКазахстанОйлПродактс”», ЖШС «Оргсинтез СБН », «Битум зауыты», ЖШС  «Рекламир»  , ЖШС «Кереге»   мекемелерімен  келісім-шарт бойынша өтуде.

“Мұнай және  Құрылыс өндірістері ” кафедрасының негізгі   ғылыми бағыттары.

«Органикалық заттардың химиялық технологиясы » мамандығының  жұмысының тақырыбы: «Мұнай  газ конденсаты, табиғи битум тектес көмірсутекті шикізаттарды терең өңдеудің ағымдық және технологиялық жүйелерін жасау, олардан термо және гидротермокаталитикалық процестермен сапалы өнімдер өндіру технологиясын жетілдіру».

«Құрылыс» мамандығы бойынша «Ауыл шаруашылық  өнімдері негізінде  құрылыс материалдарының  өндірісі» атты ғылыми бағытта жұмыс жүргізілуде.

Кафедрада профессор-оқытушылардың «ТЕХНОЛОГ» атты ғылыми орталығы және студенттердің «МҰНАЙШЫ»  «ЖАС ҚҰРЫЛЫСШЫ», «ӨНЕР ҚАНАТЫ»үйірмесі жұмыс істеуде.

Кафедра профессор-оқытушылары  және оқу көмекші құрамы «Технолог» ғылыми орталығы және «Мұнайшы» , «ЖАС ҚҰРЫЛЫСШЫ», «ӨНЕР ҚАНАТЫ» ғылыми үйірмесі мен семинар жұмыстарына белсенді қатысуда. Дизайн мамандығы бойынша студенттер қаламызда өтетін әр түрлі жарыстарға қатысып жүлделі орындарды иемденуде.

«Мұнай және Құрылыс өндірістері»  кафедрасының  бітірушілері Қазақстан Республикасының әртүрлі мұнай, мұнай өңдеу және құрылыс саласындағы кәсіпорындарда қызмет атқарады  мысалы ТОО “PETRO KAZAKHSTAN  OIL PRODUCTS“, TOO “HILL CORPORATION”, Павлодар мұнай өңдеу зауыты. Атырау мұнай өңдеу зауыты, Казақ газ өңдеу зауыты, Тенгиз газ өңдеу зауыты, Битум зауыты және  ҚР жоғарғы оқу орындары.

6В07320 – «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген түлектер төменде көрсетілген қызметтерді істей алады:

жетекші қызметі: учаске шебері, цех (учаске) бастығы, жұмыс өндіруші, цех шебері, ауысым бастығы, шаруашылық бөлімінің бастығы, жөндеу цехының бастығы, бастық (шеберхана меңгерушісі);

мамандар қызметі: ІІІ дәрежелі инженер-конструктор, ІІ дәрежелі инженер-лаборант, өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру бойынша инженер, сапа бойынша инженер, қондырғыларды жинақтау бойынша инженер, құрылыс жұмыстарны қадағалау инженері, сынау және жөнге келтіру бойынша инженер, ғылыми-техникалық ақпарат бойынша инженер, еңбекті мөлшерлеу бойынша инженер, еңбекті ұйымдастыру бойынша инженер, өндірісті басқаруды ұйымдастыру бойынша инженер, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша инженер, жөндеу бойынша инженер, ІІІ дәрежелі инженер-технолог, механик, техник, техник-конструктор, техник-лаборант, еңбек бойынша техник, техник-технолог;

  • жетекші, ғылыми және техникалық қызметкерлердің ғылыми-зерттеу, конструкторлық, технологиялық, жобалау және іздестіру ұжымдары үшін ортақ қызметтері: техник, лаборант, ІІІ дәрежелі инженер жобалаушы.

6В02110 – «Дизайн»  мамандығы бойынша жоғары кәсіби базалық білім алған мамандар сәулет ортасын жобалау саласында, экзпозиция, интерьер, визуалдық  қарым-қатынас, жарнама, өнеркәсіптік және тұрмыстық мәндегі заттарды көркемдеуді орындау үшін дайындалады, қалалық, ауылдық,  шағын сәулеттік үлгі, абаттандыру және көгалдандыру элементтері, визуалдық қарым-қатынас, экспозициялық кеңістік, қадлалық ортадағы жабдықтау мен жиһаз, тұрғын және қоғамдық ғимараттардың ішкі кеңістігі, интерьердегі жабдықтау мен жиһаз, көрмелік және сауда экспозициялары,  экстерьер мен   интерьердегі сәттік-декоративтік және декоративтік қолданбалы  өнер элементтерімен  жұмыс істей алады.

Кафедра меңгерушісі

Кафедра меңгерушісі т.ғ.к., профессор Махмудова Г.И
Туған кезі (күні, айы, жылы) 11 тамыз 1974 ж.
Туған жері Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы
Адрес / телефон Шымкент қаласы, Мангельдина к-сі.  36а, кв.92ұялы телефоны: 8 700 -231-19-00, 8-701-813-83-73эл. адрес: maxmudova1974@mail.ru
Ұлты  Қазақ Білімі/ Образование высшее
Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы 1996 г., Окончила с отличием Ташкентский институт текстильной  и легкой промышленности (ТИТЛП)  по специальности инженер – технолог2019 г. Окончила Карагандинский  Экономический Университет  (КЭУ) по 2020 г.2020 г. Член Республиканского Союза Дизайнеров2021 г.Член Союза  Художников города Шымкент.2021 г. Окончила с отличием  Южно-Казахстанский Университет имени М. Ауэзова /ЮКУимени М. Ауэзова / по специальности «Архитектура
Мамандығы бойынша біліктілігі Инженер – технолог
Шетелтілдерінжәне ТМД халықтарыныңтілдерінбілуі Владею свободно: Русский, казахский,узбекский,английский, Со словарем:немецкий Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы/Ученая степень, ученое звание к.т.н., ассоциированный профессор
Өтілген кәсіби біліктілік курстары, тренингтері 1. Научная стажировка в Германии «Муниципальное самоуправление в Германии».г. Дюссельдорф, Германия, июль 2014 г.2. Научная стажировка «ITEK», университет Лотарингии, г. Нанси Франция 01.06.2015-15.06.20153. Научная стажировка в Европейской академии Естествознания, г. Ганновер, Германия   2013, 2014, 2015 г./г.4. Научная стажировка ЮНЕСКО -Фиджип, г. Париж, Франция, 2015 г.
Өтілген кәсіби біліктілік курстары, тренингтері 5.Зарубежная стажировка  РФ.  г. Москва. Московский Государственный Университет технологий и управления (МГУТУ) им. К.Г. Разумовского. 2015 г.6. Зарубежная  стажировка Франция. г. Ниццы. Государственный университет Ниццы. 2015 г.7. Зарубежная  стажировка  РФ. г.Санкт-Петербург. Университет Художеств и дизайна 2016 г.8. Зарубежная стажировка  РУЗ. г. Ташкент. Университет дизайна Национальный Институт Художеств и дизайна по им.К. Бехзода2017 г.9. Международная стажировка.     Международный грант в КНР г. Шанхай. Университет  «Дунхуа». Стажировка. По программе “Один пояс, один путь” КНР. 2018г.10. Зарубежная  стажировка по мобильности  РУЗ. г. Ташкент. Ташкентский педагогический Университет им. Низами 2019 г. Кафедра Изобразительное искусство и дизайн
Мемлекеттік наградалары 1.Нагрудный знак «Заслуженный работник образования РК», МОН РК, 2013г.2. «Лучший преподаватель вуза»  МОН РК, 2013г.3. Медаль им. Лейбница Европейской академии Естествознания, Германия4. Золотая Медаль за новаторскую работу в области Высшего образования.–Конкорд, Франция5. Медаль им.А.Нобеля за вклад в развитие изобретательства –Конкорд, Франция6. Медаль К 75 летию ЮКГУ имени М. Ауэзова, Шымкент
ЕҢБЕК ЖОЛЫ
Датасы қызметi, жұмыс орны, мекеменiң орналасқан жерi
қабылданған босатылған
20.01.2020 Зав. Кафедрой «Нефтяное и строительное производства» Университета Дружбы народов имени академика А.Куатбекова.
06.2018г. 10.2019 Зав. Кафедрой «Технология и конструирования изделий легкой промышленности»
06.2017г. 06.2018г. Профессор кафедры «Технология и конструирования изделий легкой промышленности ЮКГУ имени М. Ауэзова.
10.2009г. 06.2017г. доцент кафедры «Технология и конструирования изделий легкой промышленности ЮКГУ имени М. Ауэзова.
10.2008г. 10.2009г. Зав. Кафедрой «Технология и конструирования изделий легкой промышленности»
08.2003 10.2008 доцент кафедры «Технология и конструирования изделий легкой промышленности ЮКГУ имени М. Ауэзова.
01.2000г. 09.2003г. доцент кафедры «Технология трикотажа и дизайна, Ташкентского института текстильной и легкой промышленности (ТИТЛП).
12.1997 12.2000 Аспирантка Ташкентского института текстильной  и легкой промышленности (ТИТЛП)
01.1991 06.1996 Студент Ташкентского института текстильной  и легкой промышленности (ТИТЛП)
ҚОСЫМША АҚПАРАТ
Опубликовано более Более 240 научных трудов, из них 2 монографии, 15-патентов и авторских свидетельств, 17 – учебных пособии, 15- электронных учебных пособии, 38- научных статей на базе Скопус, 70 – научных статей стран СНГ, Индий, Франции и более 100 – научных статей участие на международных конференциях стран СНГ, NewYorkUSA, Франции, Германии, Англии. Руководитель грантовых научных проектов МОН РК, является  соавтором Государственных стандартов образования РК, со разработчиком типовых учебных программ для высшего учебных заведений РК, тестовых заданий для магистрантов по специальностей технология текстильной и легкой промышленности, и Классификатора специальностей РК. Научный руководитель10 магистров.

ПОҚ каталогі

-туралы-мәлімет-2023-2024.pdf

×

Профессор-оқытушылар құрамы 2023-2024

Жалпы ақпарат

Кафедрада «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Құрылыс», «Дизайн», «Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтары бойынша бакалавр бағдарламасымен, «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша магистратура бағдарламасымен мамандар даярланады.

Кафедра қарамағындағы мамандықтар бойынша студенттері мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін зертханалық қондырғылармен, құрал-жабдықтармен, гипстен жасалынған мүсіндермен, мальберттермен қамтамасыз етілген (5 зертхана: мұнай химия, мұнай технология лабораториясы, құрылыс өндірістерінің техноло-гиясы, геодезия және геотехника) зертханалар және дәрісханалар (7 дәрісхана: №401

«Макет дайындау мен жобалау» дәрісханасы, №402 «Сызба геометрия және инженерлік графика» дәрісханасы, №403 «Мұнай және газ технологиясының дипломдар және курстық жобалау» дәрісханасы, №404 «Дизайн» дәрісханасы,

№406 «Құрылыс курстық және диплом жобалау» дәрісханасы интерактивті тақтамен жабдықталған, №408 «Құрылыс технологиясы және реконструкциялау» дәрісханасы, №409 Т.Омаралиев атындағы дәрісхана) бар. Зертханалар мен дәрісханалар санитарлық нормаларға және өрт қауіпсіздігі талаптарына толық сәйкес келеді.

Зертханалар    қазіргі    заманның    талабына    сай    қажетті            зертханалық аспаптармен, құрылғылармен жабдықталған.

А ғимараты 01 және 07 зертханаларындағы кафедраға қарасты мамандықтар бойынша зертханалық құрал-жабдықтардың тізімі:

Жетістіктер

Осы мамандықты даярлайтын ОҚП-ның сапалық құрамы 5 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты, 4 Phd докторы, 13 аға оқытушылары мен 2 магистр оқытушылары құрайды. Олардың ішінде құрылысшылардың даярлығын Т.ғ. д. профессор Е. М. Наурызбаев жүргізіп келеді, ол бірнеше жыл қатарынан Қырғыз Республикасы ЖАК докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық Кеңестің мүшесі болып табылады, 100-ден астам ғылыми еңбектері, монографиялары мен оқулықтары бар. Тек кафедрада ғана аталған мамандарды Мәскеу инженерлік-құрылыс институтының үш түлегі дайындайды. В. В. Куйбеева (МГСУ), ол ТМД-ның барлық құрылысшыларының анасы.

Сонымен қатар кафедрада Қазақстанның Құрметті құрылысшысы, т. ғ. к., профессор Еркінбеков А. жұмыс істейді, ол ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің сараптама комиссиясының ауыспалы мүшесі болып табылады.

ББ жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жоспарлы жұмыстың дәлелі 2018 жылы КИПУДН “құрылыс” ОП қатысу болып табылады және қорытындысы бойынша ҚР бойынша бірінші ондыққа енді.


Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің “Мұнай және құрылыс өндірістері” кафедрасының аға оқытушысы, Қазақ ССР оқу министрлігінің “ Құрмет грамотасының ” иегері ,Қазақстан Дизайнерлер одағының, Облыстық педагог-суретшілер одағының мүшесі.Облстық және қалалықардагерлер байқауының жеңімпазы. Білім беру ісінің үздігі Егізбай Көпжасарұлы өтен (2022-2023) оқу жылының соңында “Жігітке жеті өнерде аз”-атты шығармашылық кеш өткізді. Кештің маңыздылығы сол:Бейнелеу (дизайн) өнері,саз (музыка) өнері және ақындық өнердің үшеуінің бір жерде тоқайласуы болды.Яғни ұстаз 7(домбыра,мондолин,гитара,баян,аккордеон,гормошка,шаңқобыз) саз аспаптарында ойнап ән салса,өзі бейнеленген 5 картинасын көпшілікке көрсетіп таныстырды.Сондай-ақ Егізбай ағайдың жазған “Менің Қазығұртым” атты жыр кітабынан өзінің студенттері 5-6 өлеңін оқыды,ал “Филология” кафедрасының аға оқытушысы,ақын Нұрлан Тотанов “Егізбай ағама арнау” атты өлеңін оқып,көпшілікті риза етті. Кеш соңында суретші, ақын,сазгер жолдастары Егізбай ағайдың өмірі мен өнер жолындағы жетістіктеріне тоқталып өтті.Соңында университет ректоры м.ғ.д профессор Р.Қуатбекова ұстаз еңбегін жоғары бағалап, алғыс айтып үстіне шапан жапты.

Оқу-әдістемелік жұмыс

Құрылысшыларды даярлайтын ғалымдар соңғы 5 жылда студенттерге арналған бірнеше оқу құралдарын дайындады. Олардың ішінде “құрылыс материалдарын өндіру технологиясы” авторлары Рысбеков М. Т., Медеуов А. Т. орыс және қазақ тілдерінде шығарылған, “Эксплуатация системы водоснабжения” авторлары Наурызбаев Е. М., Медеуов А. Т., Сейтқасымұлы Қ.”Темірбетон даму тарихы” авторы Еркінбеков А., “Ғимараттар мен имараттардың инженерлік техникалық жабдықтары” авторы Омарова Г. А. кафедра ғалымдары Наурызбаев Е. М. және Медеуов А. Т. 2017 жылы “Томпсон Рейтер”базасында өтетін журналда мақала жарияланды.

Білім алушылар қажетті оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етілген. Кафедраның ПОҚ оқу-әдістемелік басылымдар мен арнайы әдебиеттер базасын үнемі жаңартып отырады. Кафедра оқытушылары оқу-әдістемелік, тәрбие және ғылыми қызметпен белсенді айналысады.  Кафедра өз қызметінде нормативтік-құқықтық құжаттарды басшылыққа алады: ҚР “Білім туралы” Заңы, “Типтік оқу жоспары” және т. б.

Құрылысшыларды даярлайтын ғалымдар соңғы 5 жылда студенттерге арналған бірнеше оқу құралдарын дайындады. Олардың ішінде “құрылыс материалдарын өндіру технологиясы” авторлары Рысбеков М. Т., Медеуов А. Т. орыс және қазақ тілдерінде шығарылған, “Эксплуатация системы водоснабжения” авторлары Наурызбаев Е. М., Медеуов А. Т., Сейтқасымұлы Қ.”Темірбетон даму тарихы” авторы Еркінбеков А., “Ғимараттар мен имараттардың инженерлік техникалық жабдықтары” авторы Омарова Г. А. кафедра ғалымдары Наурызбаев Е. М. және Медеуов А. Т. 2017 жылы “Томпсон Рейтер”базасында өтетін журналда мақала жарияланды.

ҒЗЖ, ҒЗЖС

Отчет научно-исследовательской работы

ҒЫЛЫМ “МҰНАЙ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІ КАФЕДРАСЫ

Кафедрада ҒЗЖ жұргізетін потенциал:

5 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты, 4 Phd докторы, 1 ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі, 1 Евразиялық Дизайнерлер одағының мүшесі, 13 аға оқытушы доцент, 2 магистр оқытушы.

Кафедра ғалымдарының жұргізетін 3 ынталы тақырып ҰҒТАО АҚ 2018 жылы қантар айында тіркелген. Олар:

–  «Сапалы тауарлы өнімдерін алу мақсатында қазақстанның мұнай және мұнай өнімдерін оңдеу процесстарін зертеу» (жетекшісі х.ғ.к. Н.Х.Халдаров) Гос № 0118РКИ0010;

– «ОҚО жер үсті, шағын және жерасты су көздеріне мониторинг жасау» (жетекшісі т.ғ.д. Е.М. Наурызбаев) Гос № 0118РКИ0009;

–  «Ақылды қала дизайнын енгізу» (жетекшісі аға оқытушы Ж. Абдураев) Гос № 0118РКИ0008.

Осы тақырыптар бойынша жұргізілген ҒЗЖ нәтижелері бойынша 15 мақала жарияланып оқу процессіне 3 пән бойынша еңгізу актілер негізінде еңгізілген.

Кафедра оқытушылары соңғы үш жыл ішінде 3 мақала импакт факторы бар шет елдік Томпсон Рейтер, Скопус базасындағы басылымдарда, бірнеше мақалалар шет елінде өткен халықаралық конференциялардың еңбектерінің жинақтарында, оннан астам мақала отандық жіне шет елдік ВАК басылымдарда, онға жуық мақала халықтар Достығы университетінің “Жаршысы” басылымында, жүзге жуық мақалалар Қазақстанда, өңірде, университетте өткен халықаралық ғылыми практикалық конференциялардың еңбек жинақтарында жарық көрген.  Жалпы кафедра ПОҚ күшімен оннан астам оқу құралдары дайындалып басылымнан шыққан.

Кафедрада СҒЗЖ айналысатын үш студенттік ғылыми үйірмесі құрылған. “Жас мұнайшы” (жетекшісі аға оқытушы Ержанов Д.С.) үйірмесінде 30 астам, “Жас құрылысшы” (жетекшісі магистр-оқытушы Сейтқасымұлы Қ) үйірмесінде 40 жуық, ал “Өнер қанаты” (жетекшісі оқытушы Садыков Б.) үйірмесінде 35 астам студенттер қатысады.

СҒЗЖ нәтижесі бойынша үш жыл ішінде жүзге жуық мақалалар СҒТК жинақтарында жарық көріп жоғары дәрежеде дайындалған үшін әрдайым марапатқа ие болады. Мысалы 2017 жылы құрылыс мамандығы студенттері бірінші орынға ие болды, ЩЗХТ мамандығы бойынша екі студенттің жұмысы 2 және 3 орынға ие болған. Ал 2018 жылы құрылыс мамандығының студенттері пленарлық мәжілісінде марапатқа ие болды. 2017 жылы құрылыс мамандығының 3 курс студенті аумақтық студенттік жобалар конкурсында жүлделі орынға ие болып марапатталды.

Тәрбие жұмыстары

Есепті қысқаша шолу

 2016-2019 жыл

1.Ұйымдастырушылық жұмыс

  • Жыл сайын тәрбие-Ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Университет бөлімдерімен топ кураторларымен, кітапханамен, мұражаймен, аппараттық-ресурстық орталықпен танысу.

2.Азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбие

  • Жыл бойы тәрбие жұмыстары бойынша дөңгелек үстелдер өткізілді.
  • “Қазақстан 2050” бағдарламасына сәйкес іс-шаралар өткізілді.

3.Ұлт рухын жаңғырту ” бағдарламасы»

  • Студенттер Операда балеттер жүргізді театрлар археологиялық қазбалар мұражайлар

4.Кәсіптік-еңбек тәрбиесі

  • Студенттер қалада өтетін құрылыс көрмелеріне қатысты.

5.Дене тәрбиесі және салауатты өмір салты

  • Жыл сайын зиянды әдеттер туралы “СПИД-пен күрес” атты іс-шаралар өткізіледі»,

6.Экологиялық тәрбие

  • Студенттер апта сайын “Менің таза қалам” сенбілігіне қатысады»

7.Зияткерлік және коммуникативтік дамыту мәдениет

  1. Кафедрада “Жас Құрылысшы” ғылыми үйірмесі жұмыс істейді»

8.Мәдени-эстетикалық полимәдениеттік тәрбие

  • Жыл сайын университет басшылығымен жастарға арналған кездесулер өткізіледі

9.Студенттік өзін-өзі басуы жастар мәдениетін дамыту

Жыл сайын студенттік өзін-өзі басқаруға арналған акт залында іс-шаралар өткізіледі.

  • – жастарды органикалық заттарды өңдеу технологиясы мен химиясын оқыту;
  • – жас ұрпақты педагогикалық және өндірістік қызметте тәрбиелеу.
Түлектер моделі

Түлектер моделі – 6В07320 Құрылыс 2023-2024

Түлектер моделі – 7М07112 Органикалық заттардың химиялық технологиясы 2023-2024

Түлектер моделі – 6В07323 Сумен жабдықтау және кәріз

Түлектер моделі – 6В07310 Сәулет

Түлектер моделі – 6В02110 Дизайн


Кадрларды даярлау сапасының маңызды көрсеткіштері еңбек нарығында, әсіресе ҚР Кеден одағына енген сәттен бастап, қажеттілік болып табылады. Жұмыспен қамту саласында жоғары бәсекелестікке қарамастан, түлектер оны табысты ұстап отыр. 6В07320 – «Құрылыс»  білім беру бағдарламасы бойынша диплом алған кадрлардың потенциалды тұтынушылары өз түлектерін жұмысқа орналастыруға көмек көрсету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізеді. Түлектер туралы кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларын жедел ақпараттандыру үшін университет сайтында түлектердің түйіндемелері орналастырылады. Жыл сайын ЖОО-да бітіруші курс студенттерінің қатысуымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіледі, оған әлеуетті жұмыс берушілер қатысады. Жүргізілген мақсатты жұмыстың нәтижесінде жұмысқа орналастырылған түлектер саны 50% – дан астамды құрайды. Жұмыс берушілердің қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында практиканың негізгі базасы болып табылатын кәсіпорындармен ұзақ мерзімді шарттар жасасу бойынша жұмыс жүргізіледі. Элективті пәндер каталогын, дипломдық жұмыстардың тақырыптарын дайындау, оқу жұмыс жоспарларын әзірлеу кезінде жұмыс берушілердің ұсыныстары мен ескертулері ескеріледі. Біздің жоғары оқу орнының түлектері бар белгілі бір кезінде басымдық тудоустройстве. 2017 жылғы түлектер қатарынан 6 адам және 2018 жылғы 2 түлек “Сити инжиниринг” ЖШС жобалау ұйымында жұмыс істейді. М. Әуезов.

Мамандықтар туралы мәлімет

6В07320 – «Құрылыс» мамандығы бойынша:

050729-Құрылыс мамандығы бойынша бакалавриат түлегіне құрылыс бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Біліктілігі мен лауазымы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің 22.11.2002 ж. № 273-П бұйрығымен бекітілген “басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына” сәйкес анықталады.:

  • – басшылардың лауазымдары-учаске мастері, цех (учаске) бастығы, жұмыс өндіруші, цех шебері, ауысым бастығы, шаруашылық бөлімінің бастығы, жөндеу цехының бастығы, бастық (шеберхана меңгерушісі));
  • – мамандар лауазымдары – III санатты инженер-конструктор, II санатты инженер-зертханашы, өндірістік процестерді автоматтандыру және механикаландыру жөніндегі инженер, сапа жөніндегі инженер, жабдықтарды жинақтау жөніндегі инженер, құрылысты қадағалау жөніндегі инженер, баптау және сынау жөніндегі инженер, ғылыми-техникалық ақпарат жөніндегі инженер, Еңбекті нормалау жөніндегі инженер, еңбекті ұйымдастыру жөніндегі инженер, өндірісті басқаруды ұйымдастыру жөніндегі инженер, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер, жөндеу жөніндегі инженер, III санатты инженер-технолог, механик, техник, техник-конструктор, техник-зертханашы,, техник-технолог;
  • -ғылыми-зерттеу, конструкторлық, технологиялық, жобалау және іздестіру ұйымдары үшін жалпы басшылық, ғылыми және техникалық қызметкерлердің лауазымдары: техник, зертханашы, III санатты инженер-жобалаушы.

6В07120 – «Химическая технология органических веществ» мамандығы

6В07120 – «Химическая технология органических веществ» мамандығының жоғары кәсіптік білім беру бағдарламаларын табысты меңгерген түлектеріне” Органикалық заттардың химиялық технологиясы ” бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 22 қарашадағы № 273-П бұйрығымен бекітілген басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының Біліктілік анықтамалығының біліктілік талаптарына сәйкес бакалаврлар бірінші санатты техник, кіші ғылыми қызметкер, инженер-зертханашы, ғылыми-зерттеу институттарының, конструкторлық және жобалау ұйымдарының инженерлері, еңбек өтіліне талап қойылмайды және басқа да лауазымдарда жұмыс істей алады.

6В02110 Дизайн

Дизайнердің жұмысы-жоспар, смета, жобалық құжаттама жасау процесінде тынымсыз еңбек. Коммуникативтік және шығармашылық қабілеттер, шыдамдылық, шыдамдылық, жоғары жұмысқа қабілеттілік – табысты маманның жеке қасиеттерінің толық тізімі емес. Болашақ бітірушінің міндетіне Тапсырыс берушінің тілектерін тыңдай білу, оларды шығармашылық жобалар түрінде жүзеге асыру кіреді. Іс-әрекеттің нақты бағытына байланысты болашақ маманға дизайнерлік шеберліктен бастап флористика, ботаника, сәулет және топырақтану (ландшафт дизайнері), немесе матаның құрылымын және матаның әр түрлі түрлерін (киім дизайнері) ұштастыра отырып, әр түрлі салалардан білімін ұштастыруға тура келеді.

Академиялық ұтқырлық туралы мәлімет

«Күзгі  семестрді академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттерді оқуға жіберу  туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 20.04.2011ж. №152  бұйрығымен бекітілген, «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдірісін ұйымдастырудыңережелерінің» ҚР Білім және ғылым министрлігінің 19.01.2011ж. бекітілген «ҚР жоғары оқу орнында білім алушылырдың академиялық ұтқырлық концепциясы», «Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы» университетінің ректоры бекіткен Академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру және ендіру ережесіне және Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Ғылыми кеңесімен бекітілген Академиялық саясатына «Білім алушыларын ауыстыру, оқудан шығару және қайта қабылдау» Ережелері (Хаттама №1, 25.08.2022ж.) негізінде Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы» университетінің ректорінің бұйрығымен академиялық ұтқырлықпен Орталық Азия Инновациялық университетіне 40 бакалвр 3 магистрант жіберілді.

Орталық Азия Инновациялық университетінен 10 бакалвр 2 магистрант академиялық ұтқырлықпен Академик Ә.Қуатбеков атындағы  Халықтар  достығы  университетініе қабылданды.

Оқытушылардың академиялық ұтқырлығы Болон декларациясының негізгі принциптерінің бірі және кафедра қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. “Мұнай және құрылыс өндірістері” кафедрасында ПОҚ академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс ҚР БҒМ 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

6В07120 – «Химическая технология органических веществ», 6В07320 – «Құрылыс», 6В02110 – «Дизайн» мамандықтарының профессор – оқытушылар құрамы академиялық ұтқырлық бойынша тәжірибе алмасты.

Сейітқасымұлы Қ.- Кама гуманитарлық және инженерлік технологиялар институты, 2017-2018 оқу жылы ІІ семестр

Сулейменова У. Т.-Кам гуманитарлық және инженерлік технологиялар институты, 2018-2019 оқу жылы І семестр

Култасов Д. Т. – Халықаралық бизнес және басқару академиясы, 2017-2018 оқу жылы ІІ семестр.

Сонымен қатар, “Мұнай және құрылыс өндірісі” кафедрасының студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алды:

6В07320 – «Құрылыс», Юсупова Д. Р., 2017-2018 оқу жылы 4 семестр, Кама гуманитарлық және инженерлік технологиялар институты

6В07120 – «Химическая технология органических веществ» Сарсен Б., 2018-2019 оқу жылы, 3 семестр, Кама гуманитарлық және инженерлік технологиялар институты

6В02110 – «Дизайн» , Оразбек Е., 2017-2018 оқу жылы 6 семестр, Халықаралық бизнес және басқару академиясы

Scroll to Top