Студенттік кеңсе

Жалпы ақпарат

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігінің бұйрығымен 1999 жылдың  25 тамызында «Үнат» университеті болып ашылған.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігінің 2001 жылғы 3 тамыздағы №643 бұйрығына сәйкес «Қазақ-Өзбек инженерлік-гуманитарлық» университеті болып аты өзгертілді.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігінің 2005 жылғы 7 қазандағы №683 бұйрығымен университет аты «Қазақстан Халықтар достығы » университеті болып  өзгертілді. Университет ашылғаннан бері студенттік кеңсе бөлімі құралды.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігінің 2012 жылғы 17 қыркүйегіндегі №02 бұйрығымен университет аты «Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы» университеті болып аты өзгертілді

Студенттік кеңсе білімі университеттің Жарғысы негізінде қызмет атқаратын құрылымдық бөлімшесі болып табылады және университеттің басқару аппаратының басшыларымен қызмет атқарады.

Бөлім меңгерушісі: Абилова Бейсенкүл Сапарқызы
.

Абилова Бейсенкүл Сапарқызы

Бөлім мақсаттары
.

МАҚСАТЫ:

ҚИПХДУ бәсекеге қабілетілігін қамсыздандыру. Құжаттарды ұйымдастыру және басқару жұмыстарын бақылау, үилестіру, тексеру және жүзеге асыру

ТАПСЫРМА:

  • Барлық деңгейде сапаның, үдерісін және мардымдылығын қамсыздандыру;
  • Университет бөлімдерімен тиімді реттестіру  және студенттің кеңсесінің  жұмысын жақсарту.
  • Біліктілігін арттыру.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

  • Университетте студенттердің жеке құжаттарын қабылдау, толықтыру, тексеру және сақтау;
  • Бөлімге қабылданған құжаттардың  есепке алынуы және сақталуы;
  • Бөлімде жұмыс ітеу үшін белгіленген құжаттарды  және оның көшірмелерін жұмыс тәртібіне сәйкес беру;
  • Бөлімде жұмыс ітеу үшін  оқып жатқан студенттердің жеке құжаттарды  және оның көшірмелерін сүранысына  сәйкес беру;
  • Басқа мекемелердің сүранысына қарай жауап беру;
  • Бөлімдерде іс жүргізу құзырлығының жауаптыларына кеңес беру.

 УНИВЕРСИТЕТТІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДӘСТҮРІ

  • Қызметкерлер, университеттің базалық құндылығын сақтау;
  • Елге қызмет ету;
  • Кәсіптілік;
  • ЖОО биік беделі;
  • Ұрпақтың сабақтастылығы;
  • Болашаққа ұмтылу;
  • Қызметкердің абыройының кодексі;
  • Университеттің дәстүрін сақтау;
  • Тұлғаның өсу бағдарламасын жүзеге асыру.

Бөлім қызметкерлері
.

Наш адрес: Шымкент қаласы, Төлеби к-сі №32, Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті, Корпус Б- каб.№210. Байланыс: Тел.:8 (7252) 95-26-32;   8 (778) 131 26 51;   8 (775) 157 94 70
Студенттік кеңсе жетекші маманы

Шарипова Гульнар Джалиловна 1970жылы 01 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген. С.Сейфулин атындағы орта мектепті 1987ж оқып бітірді.

1997-2001жж Шымкент қаласындағы «ҚАЙНАР» университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім бакалавры дәрежесі берілді.

2011-2013жж  Тараз қаласында «ТИГУ» университетінде «Заңгер» мамандығы бойынша магистратураны бітірді.

1996-2000жж «Қайнар» университетінде хатшылық қызметін атқарды.

2000-2016жж аралығында «Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінде» әдіскер қызметін атқарды.

2016жылдан бастап Студенттік кеңседе бөлімінде жетекші маман  қызметін атқаруда.

Студенттік кеңсе маманы. Altu -012 @mail.ru

Узакбаева Алтынай Джалгасовна 1973жылы 26 қазанда Шымкент қаласында дүниеге келген.

1991жылы Шымкент қаласындағы №25 орта мектепті бітірген.

2006-2011жж «Қазақстан Халықтар Достығы университетінде» «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша білім бакалавры дәрежесі берілді.

2012жылдан  «Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің» студенттік кеңсе бөлім маманы қызметін атқаруда.

Scroll to Top
Scroll to Top