Оқу әдістемелік кабинет

Әдістемелік кабинет Оқу-әдістемелік Басқармасының құрылымдық бөлімі ретінде оқу барысын әдістемелік тұрғыдан тиімді ұйымдастыру және қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында құрылған.

Қабинет өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, университет Жарғысына, Ректораттың, Fылыми Кеңестің шешімдеріне, ректор мен проректорлардың бұйрықтарына, өкімдері мен нұсқауларына сәйкес жасайды.

Әдістемелік кабинет университетті нормативтік материалдармен,  мамандықтардың типтік оқу жоспарларымен (ТУП)  және міндетті пәндердің типтік бағдарламаларымен қамтамасыз етеді. Модульдік білім бағдарламасын (МББ) безендіру, элективті пәндер катологының, силлабустардың, оқу-әдістемелік  кешендердің, оқулықтар мен оқу-құралдарының оқытудың кредиттік  технологиясына сәйкестігі бойынша әдістемелік көмек береді және қадағалайды.

Әдістемелік кабинеттің негізгі  міндеттері:

  • Университеттің оқу-әдістемелік, нормативті-ақпараттық қызметін ұйымдастыру;
  • Білім бағдарламаларын жүзеге асыруды әдістемелік қамту;
  • Оқу үрдісін ұйымдастыруға инновациялық білім технологияларын енгізу;
  • Білім беруді жетілдіруге арналған нормативтік, әдістемелік құжаттарды құрастыру;
  • Кафедралардың оқу-әдістемелік жұмыстарын координациялау;
  • Мамандарды дайындау бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттардың жүзеге асуын бақылау;
  • Заманауи талаптарға сай оқу үрдісін модернизациялау, университеттің білім қызметін дамыту стратегияларын әдістемелік бағытта жүзеге асыруды ұйымдастыру;
  • Университеттің оқу-әдістемелік қызметін сараптауды іске асыру;
  • Білім беруді окытудың барлық түрлері мен формалары бойынша үйлестіру;
  • Оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету базасын ұйымдастыру, жоспарлау және түзету;
  • Профессор-оқытушылар құрамының баспадан шығару қызметін жоспарлау;
  • Университетте сапа менеджменті жүйесі бойынша әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру;
Жаңалықтар

Қыркүйек айының 20.09.2023 жылы оқу-әдістемелік басқарманың бастығы  Б.С.Сулейменова «Жас мамандардың педагогикалық кәсіби шеберлігін арттыру: әдістері мен үдерістері» атты жас мамандарға арналған семинар өткізді.

Әдістемелік кабинеттің құрылымы

Әдістемелік кабинеттің меңгерушісі

Ережепова Меруерт Уәлиханқызы

Туылған жылы: 30 шілде 1981 ж.

Байланыс телефоны: 8 702 951 73 75

Әдістемелік кабинет меңгерушісі 2011-2023

Білімі: Халықаралық Қазақ -Араб университеті

Мамандығы: Тарих және араб тілі мамандығының мұғалімі.

Жалпы жұмыс өтілі 19 жыл.

20 ғылыми-әдістемелік жұмыстары бар, оның 10-оқу-әдістемелік құрал, 2-мақала шетелдік басылымдарда, 8-мақала халықаралық ғылыми-практикалық  конференцияларда жарық көрген.

206 бөлме;

тел: 87029517375;     E-mail: Meruert.me@mail.ru;

Меңгерушінің негізгі міндеті:

  • Кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша және ҚР «Білім туралы» Заңына, мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары мен нормативті актілерге сүйене отырып, Университеттегі білім беру қызметінде әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады;
  • Университет басшылары тарапынан берілген бұйрықтардың, өкімдердің, нұсқаулардың, әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру бойынша ғылыми және әдістемелік кеңестердің шешімдерінің орындалуын қадағалайды;
  • Оқу-әдістемелік құжаттарды нормативтік талаптармен сәйкестендіруді үйлестіреді;
  • Оқытушы-профессорлар құрамы  әзірлеген оқу-әдістемелік материалдар мен білім бағдарламаларының мазмұнына сараптама жасау жұмыстарын  қадағалайды;
  • Мамандықтар бойынша  модульдік білім бағдарламаларын  (ішкі, сыртқы, сапалы, техникалық)  сараптамадан өткізуді  және бекітуді  ұйымдастырады;
  • Оқыту сапасы мен оқу процесінің тиімділігін жоғарылату мақсатында университеттің әдістемелік жұмыстарына басшылық етеді;
  • Маман дайындауға қатысты білім беру бойынша әдістемелік іс-шараларды жоспарлайды және олардың орындалуын бақылайды;
  • Оқу-әдістемелік сұрақтар бойынша профессорлар-оқытушылар құрамына кеңес береді;
  • Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің (факультеттер, кафедралар) әдістемелік жұмыстарын кредиттік оқыту технологиясына сәйкес ұйымдастырады және үйлестіреді;
  • Оқу-әдістемелік қорды дамыту және оның қызметін нығайтуда іс-шаралар жүргізуді қадағалайды;
  • Оқу үрдісіне жаңа оқу бағдарламалары мен ұсыныстарды енгізуді ұйымдастырады;
  • Өзара сабақтарға қатысуды, ашық сабақтарды өткізу және оны талдауды ұйымдастыру бойынша іс-шараларды үйлестіреді;
  • Оқытудың белсенді әдістерін қолданудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізеді;
  • Мамандық және мамандану бойынша жұмыс оқу жоспарларын жасауда кафедралар мен деканаттарға кеңес береді;
  • Кафедралармен бірлесе отырып МЖМБС және лицензия талаптарына сәйкес оқу үрдісін оқу-әдістемелік, дидактикалық және ақпараттық материалдармен қамтамасыз етуге қатысады;
  • Білім берудің заманауи технологиялары бойынша семинарлар ұйымдастыру жұмыстарын қадағалайды;
  • Мамандықтарды әдістемелік қамтамасыз етудің есебін жүргізеді;
  • Оқу-әдістемелік әдебиеттердің, мамандықтардың оқу жоспарлары мен пәндердің  жұмыс бағдарламаларының мазмұнына, құрылымына СМЖ бойынша талаптарға сәйкестігін сараптауды ұйымдастырады;
  • Университеттің Оқу-әдістемелік кеңес жұмысы үшін материалдар дайындайды.
Scroll to Top
Scroll to Top