«Platonus» – бұл кредиттік және дистанционды оқу жүйесін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе. Бұл бағдарлама университетте 2016 жылы жұмысқа қосылды. Бағдарламада жоғары оқу орнының барлық жүйелері мен міндеттері айқындалатын орталықтандырылған ақпарат жүйесі бар. Әр студент пен қызметкер үшін жеке парақ (жеке web- парақшасы) жасалған, ол жоғары оқу орны қызметкерлерінің негізгі міндеттерін автоматтандыруға ықпал етіп, студенттердің керекті ақпаратты тауып, дистанциондық жолмен оқитын студенттерге тез арада оқу және бақылау бағдарламаларына еніп, оқытушылармен интернет желісі арқылы немесе жоғары оқу орнының ішкі желісі арқылы қатынас жасауына көмек көрсетеді. «Platonus» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс жүргізуге болатын ақпарат:

–  Жеке оқу күнтізбесі;

– Хабарламалар  жүйесі мен міндеттерді тағайындау ішкі хат алмасу мен тапсырмаларды орындауға бақылау жүргізуді жүзеге асырады;

–  Жеке оқу жоспары;

– Оқу- әдістемелік кешендерді (белгілі бір пән бойынша дәріс материалдарын) қарастыруға мүмкіндік беретін виртуалды зертханалар, тест тапсырмалары бойынша жұмыс;

–  Сапалы тестілеу жүйесі;

–  Жұмыс кестесінің тақтасы;

–  Жалпы жоғары оқу орнының форумы;

–  Жалпы жоғары оқу орнының байланыс чаты.

Сонымен қатар бағдарламаның хабарлама қызметі университеттің ағымдағы мәселелері жайлы ақпарат алуға мүмкіндік береді: оқытушылардың хабарландырулары, тест тапсырмаларын тағайындау, оқытылатын пән бойынша жаңа әдебиеттің түсуі туралы ақпарат, басқа студенттермен іскерлік қарым-қатынаста болу және т.б. Бұл жүйе өте қызықты, әрі қажетті, өйткені кез келген студент өз парақшасына кіру арқылы өз бағаларын, аралық бақылау мен емтихан қорытындыларын, яғни пән бойынша қорытынды бағаларын білуіне мүмкіндік алады.

«Platonus» ААЖ келесі үдерістерді автоматтандыруға мүмкіндік туғызды:

  • Білім алушылардың пәндерге және оқытушыларға тіркелуі
  • Оқу және жеке жоспарларды жасау
  • Академиялық лектерді жасау
  • Академиялық күнтізбелерді құру
  • Білім алушыларды ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру
  • Білім алушылардың оқу жетістіктерінің базасын қалыптастыру
  • Оқу-әдістемелік материалдарды жүктеу
  • Білім алушылардың, қызметкерлердің, оқытушылардың картотекасын жүргізу
  • Түрлі есептерді нақты уақытта жасау

Қолданушылардың «Platonus»ААЖ-не қолжетімділігі жүргізіледі:

  • Корпоративтік желі
  • WI-FI ашық желілері
  • Студенттік үйлер желісі
  • Интернет ғаламдық желісі
  • өзіне-өзі қызмет көрсету ақпараттық терминалдары арқылы.

«Platonus» – қашықтықтан және кредиттік жүйемен оқыту технологиясы процесін кешенді автоматтандыруды қамтамасыз ететін автоматтандырылған ақпараттық жүйе. 

Жүйе ЖОО-ның нақты ақпараттары мен процестері көрсетілген орталықтандырылған деректер базасынан тұрады. 

Әр студентке қажетті ақпаратты ашып қарауды, қызметкерге өзінің негізгі міндетін автоматтандыруды, қашықтықтан оқитындар үшін кейстер мен білімді бақылауға  жедел қол жеткізуді, Интернет желісінде нақты уақытында тікелей оқытушымен қарым-қатынас жасауды немесе ЖОО-ның ішкі желісімен қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ететін жеке қабинет (web-парақ) қарастырылған.

Әр студенттің өзінің жеке виртуальді кабинетін пайдалану мүмкіндігі бар:

  • өзінің жеке оқу жоспарын құру үшін элективті пәндерге тіркелуге;
  • үлгідегі оқу жоспарымен және пәндердің силлабустарымен танысуға;
  • оқу сабақтарының кестесі мен транскриптті қарауға;
  • виртуальді аудиторияға қол жеткізу мүмкіндігі.

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің  «Platonus» бөлімі Оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректорының ұсынысымен және ғылыми кеңестің шешімімен (№    004    Хаттама «22  » «  01   » 2018ж.). ашылды. Құрылымы бойынша «Platonus» бөлімі оқу-әдістемелік басқарманың құрамына кіреді. Штаттық кесте бойынша «Platonus» бөлімінің жетекшісі Ахметов Жандос Асқарұлы, Бас мамандар Тұрсын Асылхан Рахматулаұлы және Бухарбаева Айнур Бейсенқызы, мамандар Алимкулов Бахытжан Тузельович, Мұхамбек Таңшолпан Данабекқызы, Егенбердиев Мейіржан Адайұлы, Әділбекова Гүлдана Қамбарбекқызы, Серигбаева Назерке Конусбеккизи, Шоханұлы Бекжан, Ережепова Улжан Пахриддинқызы.

«Platonus» бөлімінде 1 бөлім жетекшісі, 2 бас маманы, 7 маманнан құралған.

«Platonus» бөліміндегі мамандар «Platonus» компаниясының Zoom, youtube платформа арқылы өткізген барлық онлайн курстарына белсенді қатысып тәжербие жинаған.

«Platonus» бөлімінде тиімді жұмыс жасау үшін универиситет тарапынан барлық жағдай жасалған атап айтқанда соңғы үлгідегі компьютер жабдықтары, жылдам интернет, студенттер «Platonus» ақпараттық базасымен тест тапсыру үшін жаңа компьютерлік техникалармен жабдықталған кабинеттермен қамтамасыз етілген.

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «Platonus» бөлімінің болашақта Білім беру қызметін цифрландыру орталығына айналтыру. Цифрландыруды дамыту үшін ПОҚ, қызметкерлер, студенттерге ыңғайлы және жылдам тиімді жұмыс жасау үшін «Platonus» базасын дамыту немесе «ИСУДО» ақпараттандырылған базасын іске қосу жоспарлануда, атап көрсетсек диплом және қосымшасын шығару, транскрипт шығару, анықтама шығару, 1С бағдарламасын интеграция арқылы студентер қанша төлегенін, қарызын көре алатын жасау, бейне дәрістер түсіріп университетіміздің UDN im.Kuatbekova ютуб каналына салу, қашықтықтан тиімді қосылып емтихан тапсыратын прокторингті сатып алып іске қосу тағыда осы секілді бірнеше мәселелерді жүзеге асыру.

Бас маман: Ахметов Жандос Аскарулы

«Platonus» бөлімінің жетекшісі: Ахметов Жандос Асқарұлы

Білімі: Жоғары, экономика ғылымдарының магистрі Телефон:8708-148-18-28 Электронды пошта: zhandos.axmetov.91@mail.ru

Ахметов Жандос Асқарұлы 1991 жылы 12 тамызда Келес ауданы Абай ауылында дүниеге келген.

2013 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ  5В050900-«Қаржы» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры дәрежесі берілді.

2015 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде

6М050600-«Экономика» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі дәрежесі берілді.

2013-2014 жылы Шымкент қаласы Абай ауданы Халыққа қызмет көрсету орталығында инспектор қызметін атқарған.

2018 жылы Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «Platonus» бөлімінің бас маманы.

2021 қазан айынан бастап Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «Platonus» бөлімінің жетекшісі қызметін атқаруда.

Бөлім бастығының орынбасары: Бухарбаева Айнур Бейсеновна

Білімі: Жоғарғы, Педагогика ғылымдарының магистры

Бухарбаева Айнур Бейсеновна, 30 қазан 1988 жылы Қазығұрт ауданында дүние келген.

2008 жылы «Отырар» колледжінде «Математика» мамандығын бітірген.

2011 жылы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Математика» мамандығын бітірген.

2017 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығын бітірген.

2019 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде Педагогика ғылымдарының магистры дәрежесін алған.

2021 жылы Академик Ә.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығын бітірген.

2009 жылдан бастап жұмыс тәжірибесі басталған.

2009-2013 Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Platonus» бөлімінде бөлім басшысы қызметін атқарған.

2013-2020 Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде «Platonus» бөлімінде бөлім басшысы қызметін атқарған.

2020 жылдан бастап Академик Ә.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетінде «Platonus» бөлімінде бөлім бастығы орынбасары қызметін жасайды.

Телефон: 8 771 658 10 18.

«Platonus» бөлімінің : Егенбердиев Мейіржан Адайұлы

 

Білімі: Жоғары Телефон: 8707-951-52-92 Электронды пошта: Adaiuli.10.09@mail.ru

Егенбердиев Мейіржан Адайұлы 1992 жылы 10 қыркүйек күні Арыс қаласында дүниеге келген,

2014 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетінің 5В072900-«Құрылыс» мамандығын бітірген.

2022 сәуір айынан бастап Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «Platonus» бөлімінің маманы.

«Platonus» бөлімінің маманы: Алимкулов Бахытжан Тузельович

Білімі: Жоғары  Телефон: 8705-484-58-75  Электронды пошта: abt.abn@bk.ru

Алимкулов Бахытжан Тузельович 1989 жылы 26 тамызда дүниеге келген.

2015 жылы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті  5В011500-«Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша бизнес құқық және технология бакалавры дәрежесі берілді.

2021 жылы  Шымкент университеті «5В01502-Информатика» мамандығы бойынша  бакалавры дәрежесі берілді.

2018-2020 жылы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінде Мониторинг бөлімінде әдіскер қызметін атқарған

2021 қаңтар айынан бастап Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «Platonus» бөлімінің маманы қызметін атқаруда.

«Platonus» бөлімінің маманы: Әділбекова Гүлдана Қамбарбекқызы

Білімі- Жоғары;

Әділбекова Гүлдана Қамбарбекқызы 1991 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген.

2013 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 050902- «Туризм» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды..

2016 жылы АҚ «Нархоз университеті» 5В050600 – «Экономика» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алды.

2013-2016 жылдары АҚ «Kaspi bank» әмбебап менеджері болып жұмыс істеді.

2018-2022 жылдары ЖШС «Оңтүстік Жарық Транзит» операторы болып жұмыс істеді.

2022 жылдың тамыз айынан бастап Академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «Platonus» бөлімінің маманы болып жұмыс істейді.

Телефон: 8747-210-37-52

E-mail: kambarbekovna_g@mail.ru

«Platonus» бөлімінің маманы: Серигбаева Назерке Конусбекқызы

Серигбаева Назерке Конусбекқызы 2000 жылы 27 қаңтарда дүниеге келген.

Білімі

2021 жылы академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін бітіріп, 5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды.

Жұмыс тәжірибесі

01.09.2021 —09.01.2022 лаборант • Академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті.

2022 жылдың қыркүйегінен бастап Академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «Платононус» бөлімінің маманы болып жұмыс істейді.

Телефон: +7 747 532 81 67

e-mail: s.naz00@mail.ru.

«Platonus» бөлімінің маманы:  Хайдарова Асем Сейтжановна

Білімі: Жоғары, педагогика ғылымдарының магистрі

2011 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетте 5В010900 – “Математика” мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі берілді.

2017 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетте 5В010100-“Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі берілді.

2020 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетте 6М010200 – “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесі берілді.

2008-2010 жылдары “Отырар” университетінде оператор болып жұмыс істеді.

2010-2014 жылдары Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-лицейінде “математика” пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

2014-2018 жылдары “Отырар” колледжінде материалды есепші болып жұмыс істеді.

2018-2020 жылдары Аймақтық  әлеуметтік-инновациялық университетте “Platonus”бөлімінің маманы болып жұмыс істеді.

2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Академик А.Қуатбекова атындағы  Халықтар достығы университетінде “Platonus” бөлімінің  маманы болып жұмыс істейді.

Электрондық почта: assem_2510@ mail.ru

Телефон: 8 747 715 06 88.

«Platonus» бөлімінің : Бейсебай Қанат Талғатұлы 15.08.1996 жылы Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылында дүниеге келді.

2003 жылы Т.Рысқұлов ауылының Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 1-сыныбына түсіп, 2014 жылы 11-сыныпты бітірді.

2018 жылы Мирас университетінің 5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры дәрежесі берілді.

2016 – 2018 жылдары “Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы” АҚ әскери кафедрасында оқып бітірді.

2021 – 2023 жылдары Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті 6В01509- Информатика мамандығы бойынша бітірген.

2018 – 2019 жылдары “Жастар тәжірибесі” мемлекеттік бағдарлама аясында “Қазақтелеком” АҚ Филиалы- Оңүстік өңірлік телекоммуникация, жергілікті желілеріне техникалық қызмет көрсету орталығының Түлкібас желілік-техникалық цехына тәжірбиден өтті.

2020 – 2023 жылдары ТОО «СП КазГерСтрой» 3-разрядты жол жұмысшысы лауазымында жұмыс істеді Нұр-сұлтан қ.

2023 жылдың 1 наурызынан бастап Академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің “Platonus” бөлімшесінде маман болып жұмыс істейді.

 Электрондық пошта: Beisebay.k@mail.ru;

Телефон: 8705- 373-13-18.

«Platonus» бөлімінің : Шоханұлы Бекжан, 1997 жылы 30 наурызда дүниеге келді Шымкент қаласында

2003 жылдың қыркүйегінде №52 орта мектептің 1-сыныбына түсті.

2014 жылдың маусым айында №52 М. Өтемісұлы атындағы мектепті бітірді

2014 жылдың тамыз айында Мирас университетінің күндізгі бакалавр бөліміне (РЭТ факультеті) түсіп, 2018 жылдың маусым айында “Радиотехника, электроника және телекоммуникация”мамандығы бойынша бітірді

2018 жылдың тамыз айында”Физика “мамандығы бойынша” өңірлік әлеуметтік инновациялық университет ” университетінің күндізгі магистратура бөліміне түсті

2018 жылғы қыркүйектен 2020 жылғы шілдеге дейін “өңірлік әлеуметтік инновациялық университет” университетінде бағдарламашы болып жұмыс істеді

2020 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін” Platonus секторында “академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы халықтар достығы университеті” маман лауазымында жұмыс істейді.

Электрондық пошта: Bek_96_52@mail.ru

Телефон: +7 747 737 52 72.

«Platonus» бөлімінің : Полатов Медетхужа.

Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін 2022 жылдың маусым айында”Тарих” мамандығы бойынша бітірген.

2022 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін” Халықтар Достығы “университеті академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті маманы лауазымында”Platonus секторы” болып жұмыс істейді.

  • Платонус секторы (бұдан әрі – Сектор) академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің (бұдан әрі-УДН) құрылымдық бөлімшесі болып табылады, Платонус базасының заманауи ақпараттық технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастыру үшін жабдықтың үздіксіз жұмысын және ақпараттық ресурстарды қамтамасыз ететін және орындайтын ОӘБ құрамына кіреді.
  • Сектор Ғылыми кеңестің шешімі негізінде УДН ректорының бұйрығымен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады.
  • Сектор оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректорға және УДН ОӘБ бастығына тікелей бағынады.
  • Платонус базасы бойынша УДН қызметін автоматтандырудың техникалық және бағдарламалық құралдары кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ақпараттық технологияларды дамыту және қолдау;
  • Платонус базасының ақпараттық технологияларын іске асырудың әдістері мен құралдарын әзірлеу мен енгізудің бірыңғай тәсілдерін қамтамасыз ету мақсатында УДН барлық құрылымдарының қызметін үйлестіру;
  • білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және әкімшілік және оқу қызметін қолдаудың ақпараттық жүйесін сүйемелдеу және дамыту.

Сектордың негізгі міндеті:

  • ақпаратқа қол жеткізу, сақтау, өңдеу, жинақтау және жаңарту құралдарымен және технологияларымен қамтамасыз ету, Ақпараттық жүйелер саласында ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын бақылау және Платонус ААЖ жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қатысу.
  • Платонус ААЖ бағдарламалық, аппараттық-техникалық қолдау құралдарын игеру, енгізу және пайдалану;
  • ақпаратты сақтау және қорғау, Платонус ААЖ жұмысын әкімшілендіру;

Сектордың негізгі функциялары:

  • Платонус ААЖ жұмысқа жарамды күйде ұстау және жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу және платонусты дамыту;
  • қызметкерлер мен білім алушыларға Platonus жүйесінде техникалық сүйемелдеу және кеңес беру;
  • білім алушыларды пәндер мен оқытушыларға тіркеу;
  • білім алушыларға жеке оқу жоспарларын құру;
  • академиялық патоктарды қалыптастыру;
  • академиялық күнтізбелер жасау;
  • білім алушылардың ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру;
  • білім алушылардың оқу жетістіктерінің базасын қалыптастыру;
  • оқу-әдістемелік материалдарды жүктеу;
  • білім алушылардың, қызметкерлердің, оқытушылардың картотекасын жүргізу;
  • нақты уақыттағы есептердің әртүрлі түрлерін қалыптастыру.
  • Пайдаланушылардың Platonus ААЖ жүйесіне келесілер арқылы қол жеткізуін қамтамасыз ету:
  • корпоративтік желі;
  • ашық сымсыз WI FI желілері;
  • ғаламдық интернет желісі;
  • оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректорға және ОӘБ бастығының тапсырмаларын орындау.
  • Сектор қызметкерлері жауапкершілік көтереді:
  • осы нұсқаулықпен бекітілген жүктелген міндеттер мен міндеттердің сапасыздығы және уақтылы орындалмауы;
  • коммерциялық құпияны және қызметтік әдепті бұзу;
  • Еңбек және атқарушылық тәртіпті бұзу;
  • жұмыс жоспарының уақтылы орындалмауы;
  • өзіне сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың сақталуы.
  • Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша жауапкершілік сектор бастығына жүктеледі.
  • ӨЖ әзірлеуге, атап айтқанда оның мазмұны, құрылымы, СМЖ КЖЖ ДП 4.02 – 2016 талаптарына сәйкес ресімделуі үшін кадрлар секторының бастығы бекіту мен енгізуге жауапты болады.
  • түпнұсқа мен көшірмелерге өзгерістер енгізу үшін кадрлар секторының бастығы жауапты болады.
  • бекітілген ПП секторының тиісті қызметкерлерінің назарына жеткізгені үшін кадрлар секторының бастығы жауапты болады. Танысу туралы жазба “танысу парағына” (А Қосымшасы) ресімделуі тиіс.
  • сектор қызметкерлерінің жауапкершілігі тиісті лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленеді.

Сектор қызметкерлерінің құқығы:

  • еңбек шартының денсаулық жағдайы, отбасы жағдайлары және тиісті құжаттармен расталған өзге де дәлелді себептер бойынша оның талаптарын орындаудың мүмкін болмауына байланысты мерзімінен бұрын бұзылуы. Бұл ретте ол өзінің еңбек қызметін тоқтату күнінен кемінде бір ай бұрын ӘҚБ ректорын жазбаша хабардар етуі және жұмыс жөніндегі құжаттаманы беруі тиіс;
  • белгіленген тәртіппен өз біліктілігін арттыру;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес жыл сайынғы еңбек демалысы;
  • өндірістік қызметтің, Ұжымдық шарттың маңызды мәселелерін талқылауға қатысу;
  • ішкі еңбек тәртібі қағидаларында белгіленген жұмыстағы жетістіктері үшін материалдық сыйақы;
  • кітапхана қызметін пайдалану;

Еңбек міндеттерін пайдалануға байланысты оның денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиянды өтеу.

Құрметті білім алушылар, ақпараттандыру Департаменті сіздерге жаңартылған “Platonus Student”мобильді қосымшасы іске қосылғанын қуана хабарлайды.

Қосымша білім алушыларға жеке деректерін, бағалау журналын қарауға және үй тапсырмаларын орындауға мүмкіндік береді. Қазіргі сәтте мобильді қосымшада келесі функционал қолжетімді:

  1. Профиль. Профильде қосымшада көруге болатын студенттер туралы Жеке мәліметтер бар.
  2. Журнал. Журналда білім алушы оқытылатын пәндер бойынша алынған барлық бағаларды олар қойылғаннан кейін бірден көре алады.
  3. Тапсырма. Бұл бөлімде білім алушы оқытушы тағайындаған тапсырмаларды орындай алады, сондай-ақ оларды тексеру мәртебесін қадағалай алады. Бөлім сонымен қатар берілген тапсырма аясында чат арқылы мұғаліммен онлайн-сөйлесу мүмкіндігін қарастырады.
  4. Сондай-ақ, қосымшада авторизация деректерін өзгертуге болады (Platonus жүйесіне кіруге арналған пароль).

Жақын арада қосымшада “Оқу аудиториясы”Модулінің функционалы іске асырылатын болады. Оқу аудиториясында білім алушы чат функциясын пайдалана отырып, пән оқытушысымен байланысқа шыға алады, оқытылатын пәндер бойынша барлық қажетті материалдарды ала алады, сондай-ақ вебинарлар өткізу платформасына өтіп, онлайн сабақтардан өте алады.

Қосымша Android Және iOS платформаларында орнату үшін қолжетімді.

* Google Play Store қолданбасы:

https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.platonus

* AppStore қосымшасы:

https://apps.apple.com/kz/app/platonus-student/id1535307757

Мобильді қосымшаны пайдаланушы нұсқаулығы

Мекен-жай: Толеби, 32, Шымкент қаласы

Телефон: +7 7252 95 20 34

Кабинет: Корпус Б №204

Scroll to Top
Scroll to Top