Студенттердің өзін-өзі басқару ұйымы

Бөлім жаңалықтары
Толығырақ↓

Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің жанынан құрылған “Назар” жастар қайырымдылық  ұйымы бүгін Шымкент қалалық №2 Оңалту орталығында мүмкіндігі шектеулі ДЦП – мен ауыратын балаларға барып, концерттік көңіл – күй сыйлап қайтты. Әуелеткен әнді де, күмбірлеген күйді де, мың бұралған биді де концерттік бағдарлама барысында тамашалаған балалар шын қуанып қалды. Талантты жастар театрландырылған қойылым қойып, өз өнерлерін көрсетіп мәз мейрам болысты. Қайырымдылық жасауға көп нәрсенің қажеті жоқ. Кеудегіңіздегі титімдей ғана жұмыр еттің таза болуы мен жақсылық жасауға деген ниетіңіз болса жеткілікті. “Назар” жастар қайырымдылық ұйыма  қосылуды қаласаңыз хат қалдырыңыз. Біз сізбен байланысқа шығамыз. “Назарды”  назардан тыс қалдырмаңыз.

02.03.2020 Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің фаесінде Студенттік кеңес пен Студенттік ректордың бастауымен “1000 алғыс”  шарасы өтті. Шараға студент қатарындағы өзге ұлт өкілдері мен университет оқытушылары қатысты. Ұлтаралық алғыс айту күнінде студенттер оқытушыларға білім нәрімен сусындатып жатқаны үшін, оқытушылар  студенттердің білімге құштарлығы үшін,  студенттер бір – бірімен тату жүргені үшін, ұлтаралық достықтың мызғымас татулығы үшін алғыстарын білдіріп жатты. Алғыс жауған күн көпшіліктің көңіліне жылы леп сыйлап, университет жастарының бір – біріне сыйластығын арттыра түсті.

27.02.2020 ж. Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің жанынан құрылған “Назар” қайырымдылық ұйымының ұйымдастыруымен көшедегі қайыр тілеп отырған жандарға әртүрлі ыстық тағамдар таратылды. Ұйымда  университет жастарынан бөлек Шымкент қаласындағы қайырымдылық жасаймын деген ниеттілер де бар. Бүгінгі қайырымдылық шарасын ұйымдастыру үшін жастар үйден әртүрлі бәліштер, тіске басар тәттілер дайындап келді. Естеріңізге сала кетейік, бұл алғашқы жасаған қайырымдылық шарасы емес. Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі демекші бұдан алдын көшедегі ойнап жүрген балаларға тәттілер таратып, балалар үйіндегі балалардың көңілін көтеріп, жаңа жылдық мейрамды бірге тойлады. Одан бөлек те әртүрлі шаралар жасады. Алдағы уақытта қайырымдылық шарасы жалғасын табатыны жайлы да құлағдар етеміз. Қосыламын деген ниеттілер болса @hdu_nazar_jastar_toby инстаграм парақшасына қосылып, жазылсаңыз болады!

24.02.2020 жылы 14:00 – де Тәрбие  бөлімі,  Жастар бөлімі және “Студенттік кеңес” өзін – өзі басқару ұйымының басшылары арасында жиналыс өтті.  Жиналыс барысында кезектен тыс студенттік ректор тағайындау мәселесі қаралды. Көптің ұсынысымен бір ауыздан  Құқықтану мамандығының 2 курс студенті Нұржан Жандос Студенттік ректор боп тағайындалды. Естеріңізге сала кетейік, Гуманитарлы – педагогикалық факультетінің 2019 жылғы үздік студенті номинациясын алған. Жемісті де жеңісті істер тілейміз! Қызмет құтты болсын!

Мәңгілік елдің болашақ жастары!

21.02.2020 жылы Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің АКТ залында Тәрбие және әлеуметтік істер бөлімі мен Жастар бөлімінің ұйымдастыруымен “Мәңгілік елдің болашақ жастары” атты жайдарман ойыны өтті. Сайысқа 12 бірдей команда қатысты. Жайдарманның тізгінін ұстаған “Зертас” жайдарман тобының белді мүшесі Ғалымжан Қалмырзаев. Әділ төрелігін берген, қазылар алқасының мүшелері: Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Бердіқұл Садықов, Шымкент қалалық Жас Отан жастар қанатының төрағасы Арман Алибеков, Зертас жайдарман тобының мүшесі, Жастар бөлімінің бас маманы Бей-Барыс Қалдыбек. Қағытпа қалжыңмен тақырыпты аша білген командалар,астарлы әзілмен жастарды да бір сыбап алды. Көрермен көзайымына айналып, сайыста 3 орынды Аймақтық Әлеуметтік инновациялық университетінен келген “Бағаlike” командасы, көптің көңілінен шығып 2 орынды Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің “Достық” командасы алды.

Бәрекелді, Алға Хду қыздары!!!

20.02.2020 ж Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен орта және жоғары оқу орындарының қыздар арасында футболдан қала біріншілігі өткізілді. Сайыстың мақсаты алдағы жылдың 27 наурыз – 02 сәуір аралығында ел астанасы Нұр – Сұлтан қаласында өтетін республикалық сайысқа жолдама алу болатын. Аталмыш біріншілікке Шымқаламыздың орта және жоғары оқу орындарынан 12 жуық команда қатысып, сайыс нәтижесінде Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің “Достық” қыздар командасы бас жүлдені, атап айтқанда жалғыз жолдаманы жеңіп алды. Біз өз кезегімізде, университет ұжымы және әкімшілігі атынан университетіміздің “Достық” қыздар командасын және оның жаттықтырушысы ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы Ақшораев Мейірбек Батырбекұлына өз рақметімізді айтамыз. Жеңіс құтты болсын!

Мәңгілік елдің болашақ жастары!

https://udn.edu.kz/kk/2018/11/07/%D1%81%D1%82%D1%83%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D1%82%D1%82%D0%B5%D1%80-%D2%9B%D0%B0%D1%82%D0%B0%D1%80%D1%8B%D0%BD%D0%B0-%D2%9B%D0%B0%D0%B1%D1%8B%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D1%83-2018/

https://udn.edu.kz/kk/2018/11/17/%D1%81%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D1%80%D2%9B%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%82%D0%B0%D2%93%D1%8B-%D1%85%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B-%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D1%84%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BD-2/

Ұйымның міндеттері
Толығырақ↓

Өзін- өзі басқару ұйымның мақсаттары мен міндеттері:

  • Жастардың шығармашылық белсенділігін және студенттердің  әлеуметтік жағдайын көтеру бағытында  жауапкершілігін арттыру;
  • Студент жастарды университеттегі қоғамдық  сала мен ғылымға белсенді атсалысуға  қызықтыру;
  • Студенттердің бойындағы ұйымдастырушылық пен көшбасшылық қасиеттерді дамыту;
  • Студенттердің бойында азаматтық құндылықтарды дамыту;
  • ҚР-ның Мемлекеттік жастар саясатында тіркелген концепциялық құқығын сақтауын  қамтамасыз ету;
  • Студенттердің оқу процесінде пайда болатын мәселелерін анықтау;
  • Жемқорлықты анықтау, оның алдын алу және күресу;
  • Салауатты өмір салтын насихаттау;
  • Жастарды көшбасшылыққа, патриоттыққа тәрбиелейтін, ұйымдастырушылық қасиетін арттырға бағытталған бағдарламаларды дайындау және оларды жүзеге асыру.
Студенттік ректор
Нұржан Жандос Муратұлы

Нұржан Жандос Муратұлы

2001 жылы 5 шілде күні, Түркістан облысы,

Шардара ауданы,Жаушықұм ауылына қарасты Құйған елді мекенінде дүниеге келген. Халықтар Достығы университетінің – 5В030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша оқуға қабылданып,қәзіргі таңда осы университетте өз білімін жетілдіруде және GB421-18 тобының белсенді студенті.Алғаш осы университет қабырғасына келген уақыттан бастап жан-жақты қоғамдық істерге ат салыса отырып,өзінің белсенділігімен көзге түсіп,университетіміздің жанынан құралған «Студенттік өзін-өзі басқару» ұйымының «Студенттік кеңес» мүшелерінің мақұлдауымен 2020 оқу жылының ақпан айынан бастап Студенттік ректоры болып тағайындалды.

Өмірлік ұстанымы: Құлдай еңбек етіп,патшадай өмір сүр!

Жеткен жетістіктері:

  • 2018 жылы Халықтар Достығы университетінің қоғамдық істеріне ат салысып, жақсы қырынан көрінгені үшін алғыс-марапатқа ие болды.
  • 2018 жылы Елбасының Қазақстан Республикасының халқына арналған дәстүрлі Жолдауы мен мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды жетілдіру және жастар арасында мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» семинарына қатысқаны үшін мәртебелі сертификатқа ие болған.
  • 2019 жылы «Жастар – Ұлы Дала болашағының кепілі» атты студенттердің халықаралық ғылыми – теориялық конференциясында «Азаматтық қоғамның құрылу негізі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру» бағыты бойынша мазмұнды баяндама жасағаны үшін II – дәрежелі дипломды қанжығасына байлаған.
  • Университетімізде белсенділігімен көзге түсіп, білімге құштарлығымен биік белестерді бағындырып,жеткен жетістіктерімен оқу ордамыздың атын шығарып жүргені үшін алғыс – марапатқа ие болды.
  • Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетінің «Жастар жылының» қорытындысы бойынша «Ең үздік студент» номинациясымен марапатталған.

Студенттік ректордың мақсаты мен міндеті:

  • Университеттегі студенттер қоғамының уақытын тиімді өткізу,түрлі бағытта жұмыс істеуге баулу;
  • Студенттердің бойындағы ұйымдастырушылық пен көшбасшылық қасиеттерді дамыту;
  • Студенттердің оқу процесінде пайда болатын мәселелерді анықтау;
  • Студенттер қоғамының құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын арттыру;
  • Азаматтақ қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру,жемқорлықтың алдын алу және күресу;
  • Салауатты өмір салтын насихаттау;

Байланыс:

+7 771 793 7111

@_nurzhandos_

nurzhandos@list.ru

ГПФ студенттік деканы
Ақберді Әйгерім Абдиманапқызы

     Ақберді Әйгерім Абдиманапқызы 25 желтоқсан 2000 жылы Шардара қаласында  дүниеге келген.

2007 жылдан 2018 жылға дейін, Шардара қаласы, «Шардара» мектеп-лицейінде білім алған.

2018 жылы  Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің студенті атанып, қазіргі таңда Гуманитарлы-педагогикалық факультетінің,   Қазақ тілі және әдебиет мамандығының GB171-18 тобының  2-курс студенті.                                                         

                                                            Жеткен жетістіктері:

  • Қырғызстан Республикасында өткен «Dostuk Cup» халықаралық пікірсайыс турнирінің І орын иегері;
  • Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры, профессор Р.Қуатбекованың алғыс хат иегері;
  • Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің президенті Н.Қуатбековтың алғыс хат иегері;
  • 2019 жылдың «Үздік студент» иегері;

Өмірлік ұстанымы: Ешқашан берілме! Кез келген жағдайда сабырлы бол!

Байланыс:

+7 (707) 304 99 09

Айкерим Акбердиева

ЖИФ студенттік деканы
Акберди Арайлым Нуржигитқызы

    Жаратылыстану-инженерлі факултетінің студенттік деканы

  Акберди Арайлым Нуржигитқызы 29 маусым 2000 жылы Сарыағаш қаласында  дүниеге келген.

2007 жылдан 2018 жылға дейін, Сарыағаш қаласы, №135 жалпы орта мектебінде білім алған.

2018 жылы  Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің студенті атанып, қазіргі таңда Жаратылыстану-инженерлі факультетінің, 5В011300 «Биология» мамандығының  Т 113-18 тобының  2-курс студенті.

Байланыс:

 +87024195911

  Арайлым Акберды

@araykaam__

Жеткен жетістіктері:

  • 2014-2015 жылдары «тоғыз құмалақ» ойынының мектеп аралық командасының белсенді мүшесі.
  • 2015-2016 жылдары Шахмат ойының мектеп арасындағы жарысының жүлдегері.
  • 2018-2019 жылдары «АЛАҢ» ЖПО-ның белсенді мүшесі.
  • Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры, профессор Р.Қуатбекованың алғыс хат иегері;
  • Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің президенті Н.Қуатбековтың алғыс хат иегері;
  • 2019 жылдың «Ең үздік белсенді» номинациясының игері;
«Жас Отан» жастар қанаты

«Жас Отан» ЖҚ көшбасшысы

Абдулла Мырзалы 2001 жылы мамырдың 24күні Түркістан обылысы, Келес ауданы, Бозай ауылында дүниеге келді.

2006 жылдан 2018 жылға дейін №59 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі, мемлекеттік мекемесі бітірген.

2018жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің Гуманитарлы-педагогикалық факультетінің 6В073200   «Құрылыс» мамандығының  1-курсына  қабылданды. Қазіргі  таңда                GB732-18тобының 2-курс студенті.

Өмірлік ұстанымы:  Қуанайық-шаттанайық,ешқашанда мұңаймайық.

+7 (707) 450 00 27

myrzaly.2416@mail.ru

@sartai_myrzaly

Жеткен жетістіктері:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы аясында жүргізілген үгіт –насихат жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін ҚР президенті Қасым -Жомарт Тоқаевтан алғыс хат иегері.
  • 2018-2019 оқу жылында Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің   «Студенттік кеш» қабылдау күшінде «Үздік кілт» иегері атанып, ректор алғыс хатымен марапатталды.
  • «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Д.Кәрібек мырзадан алғыс хат иегері.
  • Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің президентінің қолынан алғыс хат иегері
  • «Jas Otan» Жастар қанатының Шымкент қалалық филиалының төрағасы А.Алибеков мырзадан алғыс хат иегері.
  • Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «Жастар жылының» қорытындысы бойынша «Ең үздік студент» номинациясымен марапатталды.

 «Jas Otan» ЖҚ-ның міндеттері:
· Жастарды демократиялық, әлеуметтік әділ қоғам құру процесіне тарту;
· Жастардың бойында қазақстандық патритоитзм сезімін және азаматтық жауапкершілік ұстанымын, республиканың мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстан халқының мәдени мұрасына, тіліне және дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру;
· Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға жәрдемдесу;
· Жастардың саяси экономикалық, әлеуметтік және өзге-де құқықтарын қорғау жөніндегі қызметтерге қатысу;
· Жастарды экономикалық, әлеуметтік саланы нығайту, қазақстандық қоғамның демократиялануын арттыру, елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты, келісімді, оның тұрақты дамуын сақтап процестеріне тарту;
· Жастар мәдениетін қалыптастыруға, жастардың білім, зияткерлік және кәсіби-деңгейін арттыруға жәрдемдесу;
· Салауатты өмір салтын, білім мен еңбекті насихаттау;
· Жастар кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу, Қазақстанның жас азаматтарын жұмысқа орналастыруға көмектесу;
· Жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларына қолдау көрсету және оларды іске асыру;
· Жастардың тұрмыс жағдайын жақсартуға, рухани және табиғи жетілуіне, спортты, туризмді дамытуға және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға жәрдемдесу;
· Жастарды, аға буынға деген құрмет, қамқорлық және мейірімділік рухта тәрбиелеу;
· Уәкілетті органдарға жастар арасындағы жастар және жасөспірімдер қылмысының, нашақорлықтың, токсикоманияның және басқа да ауытқушылықтардың пайда болуының алдын алуда және оларға қарсы күресте жәрдемдесу;

Алаң «ЖПК
Асқарқызы Балнұр

«Алаң» Жастар пікірсайыс клубының төрайымы

Асқарқызы Балнұр 2000 жылы 1 мамыр күні, Түркістан облысы, Шардара  қаласында дүниеге келген.

2009- 2017 жылы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданындағы №35 Мәншүк Мәметова атындағы жалпы орта мектеп түлегі.

2017 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің Гуманитарлы педагогикалық факультетінің 5В011900 «Шет тілі; екі шетел тілі» мамандығының 1-курсына қабылданды. Қазіргі таңда Т 119-17 (ШТ-217) тобының 2-курс студенті

Байланыс:

 +7 (776)-001-25-25

  balnur_000@mail.ru

@_askarkyzyb

          Өмірлік ұстанымы: Адамға көтере алатын ғана жүк беріледі!

Жеткен жетістіктері:

  • Түркістан қаласында ұйымдастырылған «Болашығымыз бірлікте» Ясауи кубогі атты Республикалық пікірсайыс турнирінің 3 орын иегері.
  • 2018 жылы өз университет қабырғасында өткен FP-CUP 2018 республикалық пікірсайысшылар турнирінің «Үздік төреші» номинация иегері .
  • «Цифрландыру сауаттылығы-жастар болашағы» тақырыбындағы студенттердің ғылыми теориялық конференциясының 2 орын иегері.

«Алаң» Жастар пікірсайыс клубының мүшелері

Аты-жөні Мамандығы Телефон Ақаратын қызметі
1 Асқарқызы Балнұр Т119-17 87760012525 Клуб президенті
2 Байгөбекқызы Алуа Т105-17 87782489478 Клуб координаторы
3 Сүйіндік Диана Т117-16 87028736597 Клуб мүшесі
4 Әлібек Бексейт Т117-16 87785698918 Клуб мүшесі
5 Құлтас Ақерке Т119-17 87079478520 Клуб мүшесі
6 Ысқақ Ерсағын Т106-17 87083190419 Клуб мүшесі
7 Арынтай Қайрат Т729-17 87754875913 Клуб мүшесі
8 Уалихан Алия ҚТ-218 87478531601

Клуб мүшесі

9 Ақберді Айгерім ҚТ-218 87075026878

Клуб мүшесі

10 Ақберді Арайлым Т113-18 87024195911

Клуб мүшесі

11 Кенжехан Нейла БО-218 87754819730

Клуб мүшесі

12 Тасбалтаева Ақерке ҚТ-218 87716980695

Клуб мүшесі

13 Қуатбекова Гүлжамал ҚТ-218 87757548018

Клуб мүшесі

14 Орманбекова Фозила ҚТ-218 87072265175

Клуб мүшесі

15 Жұмағалиева Гүлзат ГФ-218 87072265175

Клуб мүшесі

16 Исанова Баляш ГФ-218 87711377371

Клуб мүшесі

17 Төре Нурила Т105-18 87054119963

Клуб мүшесі

«Алаң» Жастар пікірсайыс клубының  міндеті мен мақсаты:

  • Жастарды жан-жағынан сын көзбен қарап орын алып жатқан құбылыстарға өзіндік баға беру;
  • Айналасындағы адамдармен, емін-еркін қарым қатынас орнатып, жалпы қоғам өміріне белсенді араласуға тарту;
  • Жастардың білімі мен ой-өрісін сапалы дамыту;
  • Жастардың арасындағы достықты арттыру;
«Назар Жастар» ұйымы
Әшірбек Әсем Берікқызы
Әшірбек Әсем Берікқызы

17.06.2000  Түркістан қаласында дүниеге келді.2005-2017жылы #18Ж.Еділбаев атындағы мектеп-гимназиясында  білім алды.2017жылы Академик Ә.Қуатбеков атындағы халықтар достық университеттінің музыкалық білім мамандығына түсті.Университетке келіп «Өнерлі жастар»ұйымымен белсенді студенттер қатарына қосылды.Қазіргі таңда «Назар жастар» тобымен қатар «Өнерлі жастар» ұйымының төреайым.

Жеткен жетістіктері:

2017жылы шығармашылық пәндер арасында өткен олипияда ойынында өз білімімен 2ші орын иегері атанып,50%жеңілдік ұтып алды.

2018ж “Қозы көрпеш Баян сұлу”сайысында өз өнерімін бас жүлде иегері атанып университет 30%жеңілдік берді.

2019жылы «Назар жастар» тобы мен «Өнерлі жастар» ұйымының төрайымы атанды.

2019жылы университетіміздің «Ең үздік әнші» номинациясының иегері атанды.

«Өнерлі Жастар» ұйымы
Лесбекова Аягөз Сүйінәліқызы

Лесбекова Аягөз Сүйінәліқызы

20.03.2000жылы Шымкент қаласында дүниеге келді.2005-2017 жылы №79 жалпы орта мектепбінде білім алды.2017 жылы Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің музыкалық білім мамандығына тусті.Университетке келіп  «Өнерлі жастар» ұйымы мен белсенді жастар қатарына қосылды.Қазіргі таңда «Өнерлі жастар» ұйымы мен «Назар жастар» тобының төреайымы.

Жеткен жетістігі:

2018 жылы «Ән мен күйге саз берген үкілі домбыра» сайысында 2 орын иегері

2019 жылы «Назар жастар» тобы мен «Өнерлі жастар» ұйымының төреайымы атанды.

2019 жылы университетіміздің «Ең үздік әнші» номинациясының иегері атанды.

«Сырлы қалам» әдеби жастар ұйымы
Төре Нурила Сәкенқызы
Төре Нурила Сәкенқызы

«Сырлы қалам» әдеби жастар ұйымының төрайымы

+7 (705) 411 99 63

tore_nurila@mail.ru

@nurilla_sakenkyzy

Төре Нурила Сәкенқызы 2001 жылдың 2-ші қыркүйек күні, Түркістан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген.

2006 жылдан 2018 жылға дейін, Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы «Ордабасы» жалпы орта мектебінде білім алған.

2018 жылы Академик Ә.Қуатбеков атындағы  Халықтар достығы университетінің Гуманитарлы-педагогикалық факультетінің 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1-курсына қабылданды. Қазіргі таңда Т 102-18 (БО -218) тобының 2-курс студенті

Өмірлік ұстанымы: Өзіңе сен өзіңді алып шығар,

                               Еңбегің мен ақылың екі жақтап

Жеткен жетістіктері:

  • Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің ректоры,профессор Т.Балықбаевтың І дәрежелі диплом иегері
  • Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры, профессор Р. Қуатбекованың алғыс хат иегері
  • SilkWay Халықаралық университетінің ректоры  И.Е.Ефимованың алғыс хат иегері
  • А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Ш.Динасилованың алғыс хат иегері

«Сырлы қалам» әдеби жастар ұйымының міндеті мен мақсаты:

  • Қазақ тілінің мәртебесін асқақтатып,тіл жанашырларының санын арттыру;
  • Студенттердің білімі мен ой-өрісін дамыту;
  • Қоғамда өз орындарын табуларына ықпал жасау,Жастардың арасында достықты арттыру;
  • Өскелең ұрпақты білімге,мәдениетке ,қоғамға пайда әкеле алатындай бағдылау;
  • Студенттердің бойындағы ұйымдастырушылық пен көшбасшылық қасиеттерді дамыту;
  • Студенттердің кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру;
  • Эстетикалық тәрбие беру,білімпаздыққа,татулыққа тәрбиелеу

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top