Жас ғалымдар кеңесі: Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ғылым бөлімі жанында жұмыс істейді, Университет факультетінің (35 жасқа дейін) уәкілетті өкілдерінің жастар жиналысы және алқалы кеңес органы болып табылады.
Кеңес академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің жас ғалымдарының кәсіби өсуін қарқындату, көкейкестi ғылыми проблемаларды және басты ғылыми қиыншылықтарды шешу, сонымен қатар инновациялық қызметтерін дамыту мақсатында құрылған.
Максумова Жанар Құнанбайқызы
Магистр, аға оқытушы, ХДУ «Жас ғалымдар» кеңесінің төрайымы.
Телефон: 8 (7252) 95-23-09; 8 701 633 48 27
E–mail: Meshta-83@mail.ru
Жастарды ғылымға ынталандыру мақсатында, жас ғалымдар кеңесінің жоспар бойынша 2024 Наурыз айының 26 күні «Білім беру платформасын толықтай цифрлық технологиямен білім беруге көшу заман талабы» атты пікір талас сайысын өткізді. Жас ғалымдар кеңес мүшелерімен студенттер пікір таласқа жақсы дайындықпен келіп пікір-талас өз дәрежесінде өтті. Пікір-таласта өзін білімділігін көрсеткен студенттер марапатталды оның ішінде атап өтетін болсақ OJB1509-23 топ студенті Рамазан Азамат, OJB1508-23 Байдулла Дана, жас ғалымдар кеңесінің мүшесі Есет Әсем марапатталды.
Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Жас ғалымдар кеңесінің жоспар бойынша 2024 жылдың 25 қыркүйегінде «Авторлық құқық және зияткерлік меншік» тақырыбында семинар өтті, семинарға ЖҒК-нің мүшелері толық қатысты.
Авторлық құқықты қалай алуды және қандай жолдары барын түсіндірді. Авторлық құқық – автордың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары. Авторлық құқық және сабақтас құқығы авторлардың өнер туындыларын, қойылымдарды, орындаушылықты, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларын қорғайды.
Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берiлу әдiсi мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады. Авторлық құқық белгiлi бiр объективтi түрге ие болған:
- жазбаша (қолжазба, машинкаға басылған, нотаға жазылған және сол сияқты);
- ауызша (көпшiлiк алдында айтушылық, көпшiлiк алдында орындаушылық және сол сияқты);
- үнжазба немесе бейнежазба (механикалық, сандық, магниттiк, оптикалық және сол сияқты);
- бейнелеу (сурет, нобай, көркемсурет, жоспар, сызба, кино, телебейне – немесе фотокадрлар және сол сияқты);
- көлемдi – кеңiстiктi (мүсiн, үлгi, макет, ғимарат, және сол сияқты);
өзге де нысанда жария болған да (жарияланған, жарыққа шыққан, баспадан шыққан, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiк алдында көрсетiлген), жарияланбаған да туындыларға қолданылады.
Жоспарға сәйкес 28 – наурыз 2025 жылы «Тіл – ұлтаралық қатынас құралы» атты Республикалық конференция өтті. Конференцияға Жас ғалымдар кеңес мүшелері толық қатысты. Конференцияның мақсаты – тілдік негізде кемсітушіліктің кез келген түрлеріне табанды қарсы тұрып, оның алдын алу және болдырмау, сондай-ақ мемлекеттік тілдің одан әрі дамуы мен практикалық қолданылуын ынталандыру.
Шара барысында Шымкент қаласында тіл саясатын ұтымды іске асыру бағытында атқарылған жұмыстар жайында бейнеролик көрсетілді.
🔹Сонымен қатар, мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Оразкүл Асанғазықызы тіл құбылысының ұлттық мазмұны туралы, ҚР Ақпарат саласының үздігі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Шалқар» радиосының редакторы Оңғар Құрал сөз қолданысымыздағы олқылықтар, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Бекжігіт Кенжебекұлы Сердәлі әлеуметтік теңсіздік және тілдік дискриминация, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары, «Қоғамдық келісім» КММ басшысының кеңесшісі Батырбек Қаратайұлы Жалмұрзаев мемлекеттік тілдің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлі қандай екенін баяндаса, Шымкент қаласы Полиция департаментінің Ақпараттық саясат басқармасының инспекторы, полиция аға лейтенанты Әмина Оңғарбайқызы Егізбаева орын алған тілдік кемсітушіліктермен күрес, олардың туындауына жол бермеу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарды баяндап өз пікірлерлерімен бөлісті.
🔹Тілге қатысты кемсітушілікке жол бермеу, қазақ тілінде сөйлеуді мақтанышқа айналдыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, қазақ тілін этносаралық қатынас тіліне айналдыруға қатысты ұсыныстар айтылып, республикалық конференция соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.
«Биномдық құрылымдармен күрделі техникалық және биологиялық жүйелердің өміршеңдігін бағалау үшін математикалық модельдерді әзірлеу»тақырыбындағы жоба
«Алдын ала есептеудің математикалық модельдерін әзірлеу» тақырыбындағы жоба
ақпараттың гетерогенділігін ескере отырып, әртүрлі сынақ жоспарлары үшін және әртүрлі SSN жүйелерінде жүйелердің сенімділігін бағалауға арналған ақпарат»
Баяндамашы Алымов Нұрлыбек ф-м.ғ.к
КЕҢЕС ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
I Ғылыми және қоғамдық өмірдің әртүрлі мәселелері бойынша мәселе көтеру, мемлекеттік және муниципальдық билік органдарына, ғылыми және қоғамдық ұйымдарға ұсыныстар енгізу, университеттің ғылыми жастарына қатысты шешімдеріне қатысу.
- Университет факультеттерiнде ғылыми жастардың кәсiби өсуiне, жастардың ғылыми бастамаларын дамыту және жас ғылыми кадрларды бекітуге жәрдемдесу.
Iске асыру жолдары:
- жас ғалымдардың белсендi өкiлдерiн марапаттау;
- жас ғалымдардың ғылыми қызметі туралы мәлiметтерді жинау (сауалнамалар толтыру арқылы);
- жас ғалымдардың құрамын талдау (деректер қорын құру);
- кандидатураларды Кеңесте бекітуге және марапаттауға ұсыну;
- іскерлiк ынтымақтастық, мәдени, бос уақыт, спорттың, сауықтыру шараларын, сервистік қызмет көрсету, көрме, жарыстар, жәрмеңке орталықтарын ұйымдастыру.
2) Жас ғалымдардың мәселелерін анықтау және оларды шешу мақсатында жас ғалымдар арасында әлеуметтік зерттеулер ұйымдастыру.
Iске асыру жолдары:
- сауалнама құрастыру;
- сауалнама таблицасы мен кестесін құрастыру;
- жас ғалымдар арасында әлеуметтік сауалнама өткiзу;
- әлеуметтік сауалнама нәтижелерін талдау;
- қорытындылар;
- шешiм қабылдау.
3) Жас ғалымдарды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту.
Iске асыру жолдары:
- Кеңесті келесі бағыттар бойынша секторларға «бөлу»: ұйымдастырушылық, ғылыми-зерттеушілік;
- университетте жас ғалымдар жиналыстарын өткiзуге мұрындық болу;
- көкейкестi ғылыми тақырыптарды әзірлеу және оларды Кеңесте қарау;
- кездесулер, дөңгелек үстелдер өткiзу;
- Кеңес отырыстарын өткiзу;
- Кеңестiң кеңейтілген отырыстарын өткiзу.
4) Университеттiң жас ғалымдарының ғылыми конференцияларын ұйымдастыру және өткiзу;
Iске асыру жолдары:
- Халықаралық конференцияларды өткiзу бағдарламаларын әзiрлеу;
- Конференцияларды қолдау және мониторинг жүргізу.
5) Ғылыми мирасқорлықты қолдау, ғылыми мектептерді және бағыттарды сақтауға қатысу;
Iске асыру жолдары:
- ғылым бөліміне жәрдемдесу;
- ғылыми конференцияларды, мектептердi, ғылыми-тәжірибелік семинарларды, дөңгелек үстелдерді өткізуді ұйымдастыру және жәрдемдесу;
- ғылыми бiлiмді насихаттауды ұйымдастыру.
II Ғылыми, студенттік және тағы басқа ұйымдармен қарым-қатынас.
1) Ғылыми, студенттік және тағы басқа ұйымдармен қарым-қатынас.
Iске асыру жолдары :
- бiрлескен шараларды өткiзу;
- ғылыми жұмыс бойынша консультациялар өткiзу.
III Мақсаттары мен міндеттері Кеңестің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін қоғамдық коммерциялық емес ұйымдарды құруға қатысу және іске асыру
Ғылыми-зерттеушілік, инновациялық орталықтар құруға мүмкiндiк туғызу:
- ғылыми зерттеулер, инновациялық орталықтарды ұйымдастыруға ықпал ету;
- ғылыми мектептердi ұйымдастыруға ықпал ету;
- қолданбалы ғылыми тақырыптарды әзірлеу.
IV Халықаралық, республикалық, аймақаралық, аймақтық және тағы басқа жобалар мен бағдарламаларға қатысу.
1) Жас ғалымдарды ақпаратпен қамтамасыз ету: жас ғалымдарды қолдау бойынша бос орындар, қорлар, гранттар, конференциялар, мектептер және басқа шаралар туралы ақпараттарды ұсыну;
2) Грантты жобаларға және бағдарламаларға қатысу.
V Қолданыстағы заңға қарама-қайшы емес, жас ғалымдардың басқа қызметтегі қызығушылықтарын жүзеге асыру.
1) Инновациялық және енгiзуші ұйымдармен өзара әрекеттесу;
2) Жас ғалымдардың зерттеу нәтижелерін енгізуге және таратуға ықпал ету.
Iске асыру жолдары:
- Кеңестер өткiзу;
- Интернетті қолдану;
- Ғылыми жетекшiнi iздестiруге көмектесу.
VI Ақпаратты тарату және өзінің қызметі туралы жыл сайын есеп беру.
1) Бұқаралық ақпарат құралдарында Жас ғалымдар кеңесінің ғылыми қызметтері мен өткізген зерттеу іс-шаралары жайлы мәлімет беру.
Iске асырудың жолдары:
- гранттар, бағдарламалар, қорлар туралы ақпаратты дер кезінде жинау;
- Интернет, теледидар, радиохабар арқылы ақпаратты тарату;
- Интернет, академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ақпараттық бюллетені, жергілікті газеттер, теледидар, Жас ғалымдар кеңесінің стенді, радиохабар;
- Жас ғалымдар кеңесі стендін құру;
- Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ақпараттық хабарламасын жасап шығару.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
- Профессор-оқытушылар құрамының жасаруы.
- Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми дәрежелігін жоғарылату.
- Жас ғалымдардың ғылыми жұмыспен саналы және сапалы түрде айналысуы.
- Шаруашылық келiсiм тақырыптар санын көбейту.
- ҒЗЖ-дың аймақтық, республикалық байланыстарын күшейту.
- Халықаралық байланыстарды күшейту.
- Жас ғалымдардың бiрлiгi.