Химия ғылымдарының кандидаты, профессор – Қуатбекова Қарамат Пердешқызы

Университеттің негізін қалаушылардың бірі – химия ғылымдарының кандидаты, профессор – Қуатбекова Қарамат Пердешқызы.

Университеттің негізін қалаушылардың бірі – химия ғылымдарының кандидаты, профессор – Қуатбекова Қарамат Пердешқызы.

Қалпына келтіру жылдарында ол жастарды тәрбиелеу мақсатымен мыңдаған мамандарды біріктірді. Қазіргі уақытта Ақсукент көпсалалы колледжінің директоры қызметін атқарады.

1998 жылы оған университет профессоры атағы берілді.

2008 жылдан бастап – Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі.

2012 жылдан бастап – Университеттің құрметті профессоры.

«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталған.

2001 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Сайрам ауданының құрметті азаматы.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі алғыс хатымен марапатталды.

Карамат Пердешқызының оқушылары- ғылымның, білімнің және мәдениеттің барлық салаларында жемісті жұмыс істейді.

50-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде: 2 монография және 2 оқу құралы, 4 әдістемелік және 2 практикалық оқу құралы.

Scroll to Top