Ұйымдастыру конференциясы

2021 жылдың  3 маусым күні Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетінің  Жұмыспен қамту және іс-тәжірибе бөлімінің ұйымдастыруымен 1-2 курс студенттерінің іс-тәжірибеге жіберу туралы   ұйымдастыру конференциясы болып өтті . Конференцияға маман дайындайтын «Педагогика және психология», «Дене шынықтыру және спорт», «Математика және информатика», «Биология және химия», «Қазақстан тарихы және әлеуметтік пәндер», «Филология және тілдер», «Экономика және құқық», «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», «Мұнай және құрылыс өнімдері»,  кафедралары университет студенттері, декандары, профессор-оқытушылар қатысты. Конференцияда  іс-тәжірибеге қажетті құжаттарды талапқа сай рәсімдеу жөнінде  кеңестер берілді.

Сурет 1. Жұмыспен қамту және іс-тәжірибе бөлімінің меңгерушісі А.А. Шалкеева іс-тәжірибеге қажетті құжаттарды түсіндіру сәті.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top