«Сыңғырла, күміс қоңырау»

Сағынышпен күткен Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің 1- қыркүйек білім күніне арналған «Сыңғырла, күміс қоңырау» атты салтанатты жиыны өтті.
Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша студенттерге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр.
Универститетте білім беру жүйесі 30 бакалавр 14 магистратура 2 доктарантура мамандықтары бойынша жүзеге асырылып, 3 факультет, магистратура бөлімі еліміздің ертеңгі тірегі болатын жоғары білікті магистрант пен бакалавр мамандарын дайындауда. Сонымен қатар университетте Түркістан облысы әкімінің «Достық» ассоциациясының Д.А.Қонаев атындағы және университет президенті мен ректорының арнаулы гаранттары бар. Оқу орнын бітіруші түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Сонымен қатар, Республика көлеміндегі жасөспірімдер үйінде тәрбиеленген, аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан келген студенттер университетте тегін, білім алып, барлығы тегін жатақханамен бір мезгіл ыстық тамғаммен, 2 маусымдық киім-кешекпен және ай сайын степендиямен қамтылып отырады. Университет Түркістан облысы Арыс қаласындағы «Отбасылық үлгідегі балалар үйін» өз қамқорлығына алған.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top