«Өмірі өнеге және тірлігі тағылым Ө.Жәнібеков» ағамыздың 90 жылдығына арналған конференция  өтті

Биыл елімізде қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен өнерін дамыту жолында іргелі істер атқарып, соның ішінде салт-дәстүрімізбен тарихи жәдігерлердің қайта жандануына ықпал еткен белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің 90 жылдығын аталып өтілуде. Осыған орай, Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде Өзбекәлі Жәнібековтің 90 жылдығына арналған «Ұлт жанашыры – Өзбекәлі Жәнібеков» атты республикалық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.

Конференция санитарлық нормаларды сақтай отырып оффлайн режимінде және Zoom платформасында онлайын форматта болды.

Конференцияны өткізудегі мақсат – халқымыздың салт-дәстүрінің білгірі, еліміздегі мұражай ісінің дамуында өзіндік қолтаңбасын қалдырған мемлекет және қоғам қайраткері, қарымды қаламгер, ойы терең тарихшы, этнограф, өнер зерттеушісі Өзбекәлі Жәнібековтің халыққа сіңірген ерекше еңбегін  көрсету, азаматтық, қайраткерлік қасиеттерін, ұлтжандылығын, даналығын, көрегендігін, рухани мәдени мұрамызға деген жанашырлығын жас-жеткіншектерге дәріптеу болатын.

Конференцияны Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры м.ғ.д., профессор Рабиға Әбдімұсақызы ашып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Конференцияға Шымкент қаласының әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұхан,  Түркістан облысы Әкімі, Мәслихаты атынан облыстық Мәслихат депутаты  Дулат Әбіш мырза, Елге танымал «Алаш» сыйлығы  иегері жазушы, ғалым, профессор Қулбек Сәрсенбекұлы Ергөбек, Өзбекәлі Жәнібековтің қарындасы Айғаным Серім және тағы басқа ғылым саласында жүрген жандар қатысты.

Басқосу барысында қоғам қайраткерінің мәдениет, руханият саласына сіңірген ұшан-теңіз еңбегі мен толағай істері жөнінде баяндамалар оқылып, тың деректер талқыланды.

Конференцияда бүгінгі Қазақ елі қоғамының Рухани жаңғыруына ерекше жүректі де, ниетті де үлес қосушы, «Алаш сыйлығының» лаурияты, 30-дан аса кітап авторы Жазушы, сыншы, журналист, ғалым ф.ғ.д., профессор Құлбек Сәрсенұлы Ергөбек мырзаға «Өзбекәлі Жәнібеков кім?» атты тақырыпта онлайн форматында, киелі Түркістаннан уақытының өте тапшылығына қарамай оффлайн жағдайда баяндауға Өзағаның қарындасы ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Білім беру ісінің   құрметті қызметкері, Ы.Алтынсарин төс белгісінің иегері   Айғаным Абанқызы  Серім, елімізге белгеілі педагог-ұстаз, Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің профессоры, п.ғ.д. Есен Омар «Өмірі өнеге, тірлігі тағылым Ө.Жәнібеков және ұлттық рұх тәрбие мәселесі» тақырыбында, Оңтүстік өңірге танымал ғалым, педагог, ф.ғ.к. Бектай Қожахметов «Өмірі өнегелі Өзағаң» тақырыптарында және Түркістан төріндегі елімізге танымал тарихшылардың бірі, т.ғ.д., профессор Хазретәлі Тұрсын мырзаға онлайн режимінде «Өзбекәлі Жәнібеков және отандық тарих ғылымы» тақырыбында баяндамаларын жасады.Өзбекәлі  Жәнібековтің қарындысы Айғаным Серім  кітаптарын Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің басшылығына сыйға тартты. Ал, Құлбек Сәрсенұлы Ергөбек мырза «Өзбекәлі Жәнібеков» арнап шығарып жатқан кітаптарын сыйға беретінін  айтып, резолюцияға ұсыныстарын усынды.

Ұлттық рухтың ұраншысына айналған Өзбекәлі Жәнібековке арналған іс-шара  академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде өткізіліп отыр. Университет – гуманитарлық және әлеуметтік бағыттармен қатар техникалық мамандықтарды дайындайтын көпсалалы ЖОО.

Өзбекәлі Жәнібеков қазақ халқының ұлттық мәдениетінің, ана тілінің, дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңарып, дамуына елеулі үлес қосты. XX ғасырдың 70-жылдарының өзінде-ақ Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қалпына келтірілуіне ұйытқы болды. Жәнібековтің бастамасымен Қазақстанның көптеген қалаларында этнографиялық мұражайлар ашылды, Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтау мен қалпына келтіру мақсатын көздеген «Арқас» қоғамы құрылды. Жәнібеков «Шертер», «Адырна», «Алтынай», тағы да басқа фольклорлық өнер ансамбльдерін ұйымдастырды. «Наурыз» мейрамының, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев есімдерінің халқына қайта оралуына белсене ат салысты.

Қорыта айтқанда, биылғы Өзағамыздың мерейлі тойына Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті ұжымы да атсалысып еске алғаны, конференция бүгінгі жастарға, болашақ ұрпаққа өнеге болары анық. Конференция соңында Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры м.ғ.д., профессор Рабиға Әбдімұсақызы алдағы уақыттада қаралған сұрақтарды ары қарай жалғастырып қорытынды Резолюцияны тиісті мекемелерге жіберіліп, орындалуына өз үлесін қосатынын айтты.

Әрине, ағаның өнегелі істерінің ашылмаған беттерін тарихшы, филолог жастарымыз әлі өздерінің ғылыми ізденістерінде зерттейтіні анық.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top