Бітіруші түлектермен кездесу

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманиарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі М.Мамадияров және іс-тәжірибе жетекшісі Харжауов Шалхар №6 Ж.Баласағұн атындағы ЖОМ мектебіне барып бітіруші түлектермен  мектеп директоры Ф.К.Мыркеева ханыммен кездесіп қайтты..

Кездесу барысында  оқытудың дуальдық жүйесіне байланысты білім берудің жаңа технологиялары жайлы сөз болды.Бітіруші түлектермен мен студенттерге білім берудің тиімді және ұтымды жолдарын талқылап,іс-тәжірибе барысында түлектеріміздің алар білі туралы,жасалатын оқу бағдарламасын жасауда мектеп мұғалімдерінің де пікірі мен ұсынысы керек екендігі айтылды. Алдағы уақытта ғылыми бағыттада көптеген іс- шараларды бірігіп атқаруға келісім жасалды. Университет тарапынан ғылыми жетекшілік жасау, пікір және рецензиялар беруге келістік.

География мамандығының 4 курс Т116-18 тобының студенті Уристем Диананың диплом алды іс-тәжірибе барысындағы  Өзбекәлі Жәнібек атындағы 19 жалпы орта білім беретін мектебінде  7б-сыныбында «Дүниежүзінің тарихи-мәдени аймақтары» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабаққа мектепте іс-тәжірибеге жауапты Тастанова Роза Сыртайқызы, география пәнінің мұғалімі Сембі Мадина Пілалқызы және университетімізден «Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгеушісі г.ғ.к.,доцент М.Д.Мамадияров, іс-тәжірибеге жауапты магистр, аға оқытушы Ш.Б.Харжауов және мектеп басшылары,мұғалімдері қатысты.

Уристем Диана оқушыларды топқа бөліп, өткен сабақпен байланыс. «Шармен ойын» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрады.«Бірге ойланамыз» әдісі бойынша кереметтерді түсіндіреді: Өркениет және тарихи-мәдени аймақ ұғымдарын түсіндіріп және олардың басты белгілерін анықтай алды. Интерактивті тақтаны қолдана отырып, көптеген көрнекіліктер пайдаланды. Жеке жұмыс- «Жиханкез» – картамен жұмыс, оқулық мәтінін пайдалана отырып, тарихи-мәдени аймақты жоспар бойынша оқушыларға сипаттама жасатты. Оқушылар осы тақырып бойынша не білетіндерін стикерге жазып, тақтаға ілді. Диана ашық сабақты өте қызықты өткізе білді, уақытты тиімді пайдаланды. Сабақта барлық оқушыларды қамтым, зейіндерін аудара білді. Сабақтың соңында қорытынды жасап, оқушыларды бағалап, үйге тапсырма берді. Ашық сабақтың мақсатына жетті.

o
o

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top