“Білім және ғылым: IV өнеркәсіптік революцияның сын-қатерлері” атты халықаралық ғылыми – практикалық конференция

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2022 жылдың 13 – мамырында академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде оқу ордамыздың негізін қалаушы академик А. Қуатбековтың 80 жылдығына арналған “Білім және ғылым: IV өнеркәсіптік революцияның сын-қатерлері” атты халықаралық ғылыми – практикалық конференция өткізіледі.

·       Конференцияның басталуы:   ·       Өткізу орны:                              ·       Конференция форматы:                             ·       Конференцияның жұмыс тілдері:            ·       Конференция сайты:      ·       Конференцияға Zoom аркылы қосылу:·       Конференция идентификаторы:·       Кіру коды: 10:00 (Нұр-Сұлтан уақыты, GMT+6 )Rixos Khadisha Shymkent қонақ үйі,Шымкент қ., Желтоқсан к-сі, 17онлайн және офлайн қазақ, орыс, ағылшын

http://conf.udn.kz.tilda.ws/page25213272.html

ZOOM конференциясына қосылу:
https://us06web.zoom.us/j/88188525098?pwd=cW9pblVXeHJxSjN0NGJ5MTMzbGFaZz09

Идентификатор: 881 8852 5098
Код: 2525

Конференцияға қоғам және саяси қайраткерлер, ҚР БжҒМ, Атамекен ҚР ҰКП, ғалымдары, ЖОО ректорлары, колледж директорлары, докторанттар мен магистранттар шақырылады.                      Конференцияда:

  • Петр Великий атындағы Санкт-Петербург политехникалық университетінің (СПбПУ) цифрлық трансформация проректоры, әлемдік деңгейдегі «Алдынғы қатарлы цифрлы технологиялар» СПбПУ Ғылыми орталығы, СПбПУ НТИ «Жаңа өндірістік технологиялар» компетенция орталығы, және СПбПУ (СompMechLab®️) Инженерлік орталығының басшысы, профессор А.И. Боровков.

•         ҚР Ұлттық инженерлік академиясы президенті: ҚР ҰҒА академигі Б.Т. Жұмағұлов баяндама жасайды•         Ғалымдар және жұмыс берушілер қатысады.             Конференцияның мақсаты  келесі бағыттар бойынша заманауи талаптарға сәйкес экономика салаларында (өндіріс, қызметтер) цифрлық технологияларды трансформациялау жағдайында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда жұмыс берушілердің тәжірибесі мен ұсынымдарын зерделеу болып табылады:

  1. Зерттеуші-ғалым, ұйымдастырушы-мұғалім (академик А. Қуатбековтың өнегелі өмірі мен сабақтары туралы);
  2. Өнеркәсіптік революция жағдайындағы инженерия және инженерлік білім мен ғылымның даму болашағы;
  3. Жаратылыстану: қазіргі заманның сын-қатерлері;
  4. Сандық экономика контекстіндегі әлеуметтік-гуманитарлық білім және ғылым.

Шақырылған баяндамашылар, олардың баяндама тақырыптары туралы және конференцияға кіру үшін сілтеме кейінгі хабарламаларда жіберілетін болады.

Конференция материалдары ғылыми жинақ түрінде жарияланады (Рdf – нұсқа). Мақала мәтіні (Файл атауы: секция№, бірінші автордың тегі _ мақала; мысалы: 1.2) мақаланы жариялауға өтінім (өтінім нысаны бар); төлем туралы түбіртек (пошта арқылы – электрондық (сканерленген) нұсқа); антиплагиаттың скриншотын ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына жіберулеріңізді сұраймыз nauka_udn@mail.ru 2022 жылғы 5 сәуірге дейін.

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша мақалалар мен баяндамалар жинақта, оның электронды нұсқасы университет сайтында жарияланатын болады: www.udn.edu.kz.

Баяндаманы дайындау кезінде авторлардан келесі ережелерді басшылыққа алуды сұраймыз. Баяндама мәтіні 5 толық бетке дейін Winword мәтіндік редакторында терілуі тиіс, RTF форматы, Times New Roman қарпі, жоларалық интервал 1, Таңба өлшемі 14, барлық жолдар – 20 мм.баяндаманың түпнұсқалығы 70% – дан кем болмауы тиіс. Тақырыпты рәсімдеу: мақала атауы (жоғарғы жағының ортасынан-тасымалсыз жазба қалың әріптермен); бір жолдан кейін (жолдың ортасына) автордың тегі мен аты – жөні жазылады; келесі жолға (жолдың ортасына) ЖОО-ның, қаланың атауы жазылады; келесі жолда ортада теңестіру) – e-mail байланыс үшін; 1 жолдан кейін-мақала мәтіні.

“Білім және ғылым: IV өнеркәсіптік революцияның сын-қатерлері”тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция мақаласына өтінім.

1-қосымша

Университеттің негізін қалаушы академик А. М. Қуатбековтың 80 жылдығына арналған “Білім және ғылым: IV өнеркәсіптік революцияның сын – қатерлері” тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға:

Өтінім

   1 Автордың (Авторлардың )тегі, аты, әкесінің аты
          2 Лауазымы
          3 Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
          4 Оқу орнының толық атауы
          5 Оқу орнының мекен-жайы
   6 Байланыс телефондары (қала кодымен)
          7 е-mail
          8 Ғылыми мақаланың тақырыбы
          9 Конференция бағыты
         10 Қажетті техникалық құралдар (проектор, ноутбук)
         11 Қатысу нысаны

Рәсімдеу мысалы:

УДК

БЕНЗОЛДЫ ГИДРЛЕУГЕ АРНАЛҒАН МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН НИКЕЛЬ ҚОРЫТПАЛАРЫ МЕН КАТАЛИЗАТОРЛАРДЫ СИНТЕЗДЕУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ

Ташкараев Р.А., х.ғ.д., профессор

Шымкент қ.,  Академик Ә. Куатбеков атындағы Халықтар достығы университеті, raha58@mail.ru

Аннотация шетел ғалымдарына ағылшын, орыс тілдерінде, отандық ғалымдарға орыс, ағылшын және қазақ тілдерінде ұсынылады

Түйінді сөздер: Ақпараттық технологиялар, инновациялық әдістер…

Әдебиетке сілтемелер мәтінде келтіріледі: тік жақшада әдебиеттер тізіміндегі нөмірі және беті көрсетіледі, мысалы: [1: 25]. Әдебиеттер тізімі (“әдебиет” деген тақырыппен) мақаланың соңында дәйексөз реті бойынша келтіріледі.

Ғылыми дәрежесі жоқ авторларға мақалаларға ғылым докторы кандидаты немесе PhD қолы қойылған рецензия қоса берілсін (сканерленген түрде; jpg форматы).

Көрсетілген мерзімде жіберілген материалдарды ұйымдастыру комитеті қарайды. Көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған немесе талаптарға сәйкес ресімделмеген материалдар қаралмайды және кері қайтарылмайды.

            Конференция қорытындысы бойынша сертификаттар беріледі.

 

КОНФЕРЕНЦИЯ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫ ТІКЕЛЕЙ КӨШІРУ ӘДІСІМЕН ТЕРІЛЕДІ. ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ, СІЗДІҢ НАЗАРЫҢЫЗДЫ ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАЛАРДЫ ЖОҒАРЫДА КӨРСЕТІЛГЕН БАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАЙ ОТЫРЫП, МҰҚИЯТ РЕДАКЦИЯЛАНҒАН ТҮРДЕ ҰСЫНУ ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ НАЗАР АУДАРАМЫЗ.

  Конференцияға қатысушылар үшін төленетін ұйымдастыру жарнамасы 3000тенге, алыс және жақын шет елден қатысушыларға (ҚР-нан бірлескен авторларсыз) тегін.

Төлем реквизиттері:

БСН 120 940 009 832

ЖСК № KZ516017291000007885   АО «Халық банк»

«Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті» Мекемесі

                Төлем мақсаты: «Білім және ғылым: IV өнеркәсіптік революция сын-қатерлері» конференциясына қатысу.

Ұйымдастыру комитетімен хат алмасу тек көрсетілген nauka_udn@mail.ru электрондық мекен -жайы бойынша  жүзеге асырылады.

Ұйымдастырушы комитетінің мекен – жайы: 160011, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Толе би көшесі 32.

Анықтама телефондары:  8 (7252) 95-25-628 (7252) 95-25-54; 8(701)731 92 78- Раимбердиев Талжан Пердешевич;   8(747) 856 67 39 – Туртаев Мутал Расулович

E-mail: nauka_udn@mail.ru

                                                                                  Құрметпен Ұйымдастыру комитеті

Scroll to Top