Үздік педагог – 2022

2022 жылдың 4 маусым күні  Нұр-Сұлтан қаласында сағат 15-00 де Министрлік үйінде, 14 подъезд  Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінде  “Бөбек”  Жалпыұлттық қозғалысы “қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі Қазақстан ғалымдарының Конгресі, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылыми-білім беру мекемелер арасында “Үздік педагог – 2022” конкурсын ұйымдастырып өткізді.

Жобаның мақсаты-ТМД және Еуропа елдерінде ғылымды дамытуда ғылыми-педагогикалық қоғамдастықты кеңейтуге жәрдемдесу, ықпал ету.

Бұл жобаға Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғызстан Республикасының ғылыми-педагогикалық қызметкерлері, сондай-ақ ғылымды одан әрі интеграциялау игілігі үшін халықаралық ынтымақтастық шеңберінде қатысты.

Жобаға академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің кафедра меңгерушісі Абдурахманова Зулпаруза  Әмірбекқызы  ІІ-Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің “Үздік педагог-2022” халықаралық кітап басылымына, ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің халықаралық кітап коллекциясына мақала жариялап ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталады және ғылым мен білімді дамытуға қосқан үлесі үшін  медальмен наградталды. Жеңісіңіз құтты болсын! Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы шын жұректен кұттықтаймыз!

Scroll to Top